«Көкшетау» МҰТП Ақмола облысының солтүстігінде орналасқан және Зеренді, Шалқар, Имантау, Айыртау табиғат аймақтарының таулы-орманды ландшафтары мен Зеренді, Шалқар, Имантау, Саумалкөл көлді акваториясын қамтиды. Аймақты Швейцариямен жиі салыстырады, себебі ландшафтары көбінесе ұқсас. Далалық аймақтарында бетегелі-селеулі өсімдіктер дүниесі басым болып қайталанып отыратын аумақтың 60% орманмен жабылған.

 Шалқар көлінен басқа көлдердің суы тұщы және таза. Бұл көлдің су құрамында аздаған тұз концентрацияның болуы оның емдік қасиетін айқындай түседі. 

 Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бай және алуан түрлі. Ормандарда бұландар, бұғылар, қабандар, қасқырлар және басқа да жануарлар түрі мекендейді. Көлдер бағалы тұқымдарға жататын көкшұбар, ақсаха балықтары сияқты өзге де балықтарға бай.

 Сіз Шоқан Уәлиханов мұражайына, «Қарасай батыр» мемориалдық кешеніне, Қарсақ ежелгі қорымына, Ботай археологиялық ескерткішіне сапар шегіп, ұмытылмастай әсер аласыз.

 Ыңғайлы қонақ үйлер Сізді әрдайым жылы және қонақжайлылықпен қарсы алады. Сіз жергілікті азық-түліктерден жасалған ұлттық тағамдардың дәмін татып көре аласыз;  ұлттық музыкалық аспап домбырадан ән мен күй тыңдап, қымыз іше аласыз; дәстүрлі үй моншасында демалып немесе дәстүрлі ауыл өмірінің тыныштығы мен бірқалыптылығының рақатына бөлене аласыз.

 Құрметті қонақтар, Сіздерге арнап туристік маршруттар әзірленіп жабдықталған. Экологиялық таза және таңғажайып керемет табиғат кешендері Сізге жақсы тынығып әрі жақсы әсерлер алуға мүмкіндік береді.

 «Көкшетау» МҰТП-не бару өз демалысыңызды қызықты және денсаулық үшін пайдамен өткізуге мүмкіндік береді.

 Біздің қонақжайлы жер Көкшетауға қош келдіңіз!


 ЖАҢАЛЫҚТАР