[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

15.01.2025

Егіс жұмыстары жүргізілді

“Таза Қазақстан” акциясы аясында Зеренді филиалында, Зеренді және Красный кардон мектептерінің аумағында 400 қарағай тұқымы себілді.

Арықбалық филиалында, Арықбалық, Имантау және Нижний-Бурлук мектептерінде 80 шетен, 120 қайың және 400 қарағай тұқымын себу жұмыстарын жүргізді.

Айыртау филиалында, Елецский және Саумалкөл ауылының №1 мектебінің базасында оқушылар 20 шетен, 50 қайың және 330 қарағай тұқымы себілді.

Шалқар филиалында, Лобанов және Шалқар мектептерінің аумағында 200 қарағай және 200 қайың тұқымы себілді.

«Орманды бұлақ» филиалында, Троицк мектебінің аумағында 200 қарағай тұқымы себілді.

Аталмыш «Таза Қазақстан» акциясына 200-ден астам оқушы белсенді қатысып, 2000 контейнерге тұқым себілді.