Зеренді филиалы орманды және орманды далалы ландшафтарының басым болуымен сипатталып, оның жалпы аумағының 59% құрайды. Бұл ландшафтар аумақтың оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде шоғырланған. Ландшафтар көлдік-алювиальдық, делювиальдық-пролювиальдық, денудациялық жазықтар және ұсақ шоқылардың табиғат кешендерін біріктіреді. Далалық ландшафтық кешенінде денудациялық тілімденген жазықтар, филиалдың солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде басымырақ орналасқан. Ландшафтың таралу аумағы бойынша табиғат кешендерінде көлдік-аллювиальды, делювиальды-пролювиальды жазықтар бар.

Шалқар филиалының аумағы далалы, орманды дала және орманды ландшафтарының бар болуымен сипатталады. Жалпы филиал аумағының 56% далалы ландшафт құрап, солтүстіктен көлді жолақпен көмкерілген, ал көлден оңтүстікке қарай онша үлкен емес учаскелер кездеседі. Далалы ландшафта көлдік-алювиалдық және денудациялық жазықтар көрініс тапқан. Орманды және орманды далалы ландшафтар аумақтың 44% құрап, денудациялық жазықтар ландшафтары басым болып келеді. Жалпақ жазықтар ландшафтары басым бола отырып, Айыртау поселкесінің батысында және Айыртау көлі, Глухое көлі, шалқар қарағайлы шатқалының шығысында жекеленген учаскелері орналасқан.

Имантау филиалы әртүрлі ландшафтардың көптігімен сипатталады. Негізгі фон далалық табиғат кешендерімен көрсетіліп, филиалдың жалпы аумағының 78% құрайды. Ландшафтарда көлдік-алювиальдық, алювиальды-пролювиальды, денудациялық жазықтар және ұсақ шоқылар ландшафтарынан тұрады. Ормандық және орманды далалық ландшафтар филиал аумағының 22% құрайды. Аласа таулардың ормандық және орманды далалық ландшафтары Арықбалық және Имантау көлдерінің аралығында орналасып филиалдың жалпы аумағының 12% құраса, ал барлық ормандық және орманды далалық табиғат кешендері аумағының жартысынан артық (54%).