1. Соқпақ жібі: «Мостовой» кордоны- «Қарсақ» археологиялық ескерткіші – «Өмір суы» сарқырамасы –«Ясная падь» бұлағы – «Айдаһар үңгірі».
  2. Қашықтығы: 38 км екі жаққа, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 35 сағат
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Орманды бұлақ» филиалының аумағында өтеді. Туристік соқпақтың қозғалысы «Мостовой» кордонынан солтүстік бағытта шоқ орман арасында тас жолдан  басталады. 2 сағат өткеннен  кейін соқпақ туристтерді қола дәуірінің «Қарсақ» қонысы мен зираттар археологиялық ескерткішіне әкеледі.

 «Қарсақ» қонысы Шағалалы өзенінің сол жақ жағасында 1000 шаршы км жерді алып жатыр. Бұл жерде орналасуы, формасы және өлшемі сан алуан 18 тұрғын ойпаттардан құрылған шағын топ анықталған. Қазба жұмыстарды жүргізген кезде 20-105 м тереңдікте заттар табылды. Табылған заттар арасында керамика бұйымдардың сынықтары, тастан жасалған  қару-жарақ бөлшегі, анықталмаған қола бөліктері, құмыра және көптеген жануарлар сүйектері бар. Ескерткіш  б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасында Орталық Қазақстанда тұрған қола дәуірінің алакөл тайпаларынан қалуы мүмкін.

 «Қарсақ» зираттары Шағалалы өзенінің сол жақ жағасындағы тегіс жерде орналасқан. Зираттар дөңгелек пішінді   әр түрлі диаметрлі, жан –жағы тастармен қоршалған. Қарсақ зираттарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде осы қоныста өмір сүрген тұрғындардың ежелгі жерлеу орындары табылған.

 «Қарсақ» тұрағы және зираттардан кейін қозғалыс оңтүстік бағытта тас жолмен  «Өмір суы» сарқырамасына қарай жалғасады.

Бір сағат аралығында туристер сарқырамаға жетеді. Бұл әдемі, таңғажайып жер итмұрын және шие бұталарымен жамылған жартастар арасында  ағып өтетін Шағалалы өзенінде орналасқан. Сарқырама ағатын жерде өзеннің жағасы тік құламалы, биік және тасты болып келеді. Көктемде қар еріген кезде су деңгейі көтеріліп, шумен көп мөлшерде ағады. Сарқырама тек  көктемде ғана ағып, жазда сарқырама орнында кішкентай бұлақ ағады. Осында 1,5 сағаттық тамақтану және демалу үшін аялдама қарастырылған.

Ары қарай қозғалыс оңтүстік бағытта Үлгілі ауылына қарай далалы және орманды жолдармен жалғасады. 1,5 сағат уақыттан соң топ шағын орманды алаңға демалу үшін тоқтайды. Демалғаннан кейін туристтер «Ясная падь» бұлағына қарай беттейді. Бұл бұлақтың таза, салқын суы жыл бойы толастамайды. Аталған жер қарағайлы орман арасындағы Жыланды шоқысының етегінде орналасқан. Бұлақтың таза суынан дәм тату үшін туристтер қысқа уақытқа тоқтайды.

Бұл жерде жыландар кездесетіндіктен     шоқыны Жыланды деп атап кеткен.

 «Ясная падь» бұлағынан кейін соқпақ ары қарай тағы да орманды жермен өтеді. Жолда итмұрын, шие сияқты бұталар кездеседі. Жаз мезгілінің ортасында піскен шие жидектерінен дәм татуға және әр түрлі саңырауқұлақтарды теруге болады. Орманда  тиінді кездестіруге болады.

  Соқпақтың соңғы нүктесі  Үлгілі ауылына жақын жерде (ауылдан шығысқа қарай 1 км) Қауқарағай шоқыда орналасқан «Айдаһар» үңгірі. Үңгірдің ұзындығы Жыланды шоқысына қарай 2км-ге дейін жетеді.(жергілікті тұрғындардың айтуынша) Қарт адамдардың айтуынша үңгірде төңкеріс кезінде Ақ және Қызыл әскердің кулактары мен сарбаздары кезек-кезек тығылған. 

2007 жылы «Көкше» академиясының өлкетанушылары үңгірді ашу бойынша жұмыстар жүргізді.

2009 жылы үңгірдің кешенді спелеологиялық зерттелуі, өтетін орындарды топырақтан және тастардан тазарту басталды.

Үңгірдің атауы айдаһар туралы аңызға байланысты. Айдаһар тек қана жабайы аңдарға ғана емес, сонымен қатар үй жануарларына, жергілікті тұрғындарға қауіп төндірген. Суық түскенде айдаһар үңгірді паналап, жылыну үшін кірген кезде Кейкі батыр өзінің  сарбаздарымен  үлкен таспен үңгірдің аузын жауып тастайды.

Бұл жерде туристтер палаткалар құрып, түнейді. Туристердің «Мостовой» кордонына оралуы екінші күні  жүріп өткен жолмен жүзеге асады.

 

  1. Соқпақтың сызбасы

  1. 5. Шартты белгілер