1. Маршрут жібі: Көкшетау қаласы – Саумакөл ауылы – «Ботай» археологиялық ескерткіші – Көкшетау қаласы.
  2. Қашықтығы аялдаманы ескере отырып 320 км, уақыт ұзақтығы 6 сағат 20 минут.
  3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут «Көкшетау» МҰТП аумағы бойымен өтеді. Топ Көкшетау қаласында жиналады және Саумалкөл с. арқылы Ботай қонысына дейін жүреді.

Жолда Айыртау филиалының көз тартар мәдениеті мен тарихын тамашалау, сонымен қатар Айыртау филиалының фаунасы мен флорасы, Айыртау орман шаруашылығындағы 100 жылдық дендрологиялық паркке экскурсия  жүреді.

Айыртау филиалының аумағындағы Иман-Бұрлық өзен жағалауында – сирек кездесетін энеолит дәурінің ескерткіші – Ботай қонысы орналасқан. Ботай мәдениеті әлемге өзінің ежелгі адамның бірінші рет жылқыны қолға үйреткендігімен мәлім. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы Қазақстан жылқыны қолға ұстаудың  жер жүзінде ең басты орталығы болып саналуында.

Ботайдағы адамдар үлкен қоныстарда өмір сүрген және әр түрлі шаруа түрлерін жүргізген. Негізгі шаруашылық түрі жылқы өсіру болған, бұдан басқа аң аулау, балық аулаумен айналысқан, сүйек, ағаш, тас өңдеген, күйіктас дайындаған, оларға доңғалақ белгілі болған.  Мұнда  60.000 мың сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен  пышақтар, жебе және найза ұштары, сүйектен  жасалған инелер, балшықтан жасалған бұйымдар және т.б. табылды. Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр.

Ботай тұрғындары үлкен қауым болып өмір сүрді және әр түрлі шаруашылықпен айналысты. Ең жетекші шаруашылық жылқы өсіру болды, олар аңшылықпен және балық аулаумен айналысты, ағаштарды, сүйектерді, тастарды өңдеді, керамика жасады, мүмкін оларға дөңгелек те мәлім болған шығар. Жылқы өсірудің басталуы неолит дәуірінен табылды, аңшылар мен балықшылар отырықшылық өмірге ауысқаннан кейін бірігіп жұмыс істей бастады. Бірінші кезең – жылқыны қолға  үйрету, осы дәуірге жатады.

Ботайлықтардың  өмір сүру кезеңінде 250 ден кем емес үңгірлер тұрғызылған, қазіргі кезде тек біреуі ғана қалпына келтірілген.

Ботай қонысындағы зерттеулер 1980 жылдан бастап ғылыми экспедициясы Солтүстік Қазақстан университетінің профессоры В.Ф.Зайберттің басшылығымен жүріп жатыр. Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды.

 

 

      

  1. Маршрут сызбасы

  1. Шартты белгілер