1. Маршрут жібі: «Тұрпан» демалыс базасы – «Горняк» демалыс базасы – «Родники» демалыс базасы  – Шалқар көліндегі қысаң  –  «Тұрпан» демалыс базасы.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 13 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 11 сағат 20 минут.
  3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

 Маршрут «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Қозғалыс Шалқар көлінің оңтүстік жағалауын бойлай ескек қайықпен «Тұрпан» демалыс базасынан басталады.

Шалқар – Айыртау ауданының ең ірі көлі, оның жалпы аумағы – 3241 га, көлдің ұзындығы – 12 км, ең үлкен ені – 3,3 км, максималды тереңдігі – 15 м. Көл батыстан шығысқа созылған, оңтүстік жағалауы тік, тасты шөгінділер шығып отырады, қалған жағалайлары еңістеу. Шалқар көлі ағынды, суы тұзды, таза, құрамына қарай теңіз суына жақын. Көлде алабұға, мөңке, тұқы балық, пайда балық, көкшұбар балық жақсы көбейеді. Әуесқойлық балық аулауға қолайлы жер болып табылады.

Шалқар көлінің оңтүстік жағалауы қылқанды орманмен жамылған тау жоталарымен қоршалған.  Мұнда көптеген бұлақтарды кездестіруге болады.

Шалқар көлінің жағалауы – туристердің ең сүйікті демалу орны. Бұл жерге Қазақстанның және Ресейдің шекаралас облыстарының түрғындары демалуға келеді. Жартасы жоқ жеке учаскелерде жағалау бойын керемет құмды жағажайларды аңғаруға болады. Экскурсия уақытында топ Шалқар көлінің жағалауында орналасқан демалыс мекемелерінің жанынан өтеді. Таңғажайып көрікті жерлерде «Арқа» шипажайы, «Родники» демалыс үйі, «Тұрпан», «Горняк», «Жемчужина», «Черная лагуна», «Ұлан», «Тынық айлақ» және т.б.  демалыс базалары орналасқан. Демалыс мекемелері құмды жағажайды бойлай ағаштардың ортасында көл жағалауында, сондай-ақ орман ішінде ағашы жоқ бос жерлерде орналасқан.

«Горняк» демалыс базасының жанында тасты арал орналасқан, оған су астындағы тастар арқылы жетуге болады.

Соқпақтың соңғы нүктесі – қысаң. Бұл жерде көлдің екі жағалауы барынша жақын және оны екі бөлікке бөліп тұрады – үлкен және кіші Шалқар. Қысаңның ені – 200 м шамасында.

 

 

  1. Маршруттың сызбасы

5. Шартты белгілер