1. Соқпақ жібі: «Имантау» демалыс базасы – «Боровушка» демалыс базасы – «Буян» үнгірі-   «Имантау»   демалыс базасы
  2. Қашықтығы: екі жаққа 7,5 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 3 сағат 30 мин.
  3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ аумағы арқылы өтеді. Таңғажайып «Имантау» демалыс базасы жерінен басталады және оңтүстік бағытта Имантау көлінің бойымен қарағай, қайың және терек ағаштары өсіп тұрған аралас орманнан өтеді.  Жолда таңқурай, қайың және көктерек секілді ағаш түрлері кездесіп отырады.

Имантаудың оңтүстік-батыс жағалауы құламалы, жартасты, қарағайы басым аралас орманмен жамылған. Қалған жағалауы жайпақ, төменгі сатыдағы және дала өсімдіктерімен жамылған.

«Боровушка» демалыс аймағынан кейін, соқпақ Имантау көлінің жағасымен жүреді, құлама биіктіктер және төмендеулермен, бұлар диван-кереует пішінді. Қысқа демалыстан кейін топ «Буян» үнгіріне жылжиды. «Буян» үнгірінің атауы желдің «ашулануынан» шыққан. Тамашалау алаңынан «Имантау» көлінің айдыны көрінеді.

Имантау көлі Айыртау ауданындағы ең ірі көл, көлдің шұңқыры шоқылар арасындағы төмендеу жерде орналасқан. Көлдің ұзындығы 13,3 км құрайды, ең үлкен ені – 4,8 км, максималды тереңдігі – 10 м. Имантау көлі ғажайып түрлі балықтарға бай: тұқы балық, шортан, алабұға, мөңке балық, көкшұбар балық, пайдабалық.

Имантау көлінде жергілікті тұрғындар арасында «Казачий» деп аталатын арал жақсы көрінеді. Қариялардың айтуы бойынша 19 ғасырдың басында арал жағалау аймағынан екі жолақпен байланысқан және бұл жолақтар арқылы казактар өтіп отырған. Биіктіктен қарағанда арал жүрек тәрізді пішінге ие, бұл жердегі сирек кездесетін казак аршасымен жамылған, ол аралдың жағалауында өсіп, оған ғажайып көрініс береді.

 

  1. Маршрут сызбасы

 

  1.  Шартты белгілер