ӨРТ-ОРМАН ЖАУЫ!

 

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы сәуір айында   Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Солтүстік-Қазақстандағы тау-орман және көл экожүйелерін, археология ескерткіштерін, тарихы мен мәдениетін сақтау мақсатында құрылды. Оның аумағы 182076 га құрайды және Зеренді, Шалқар, Имантау және Айыртау табиғи аймақтарының тау ормандары мен көл сулары аймағын қамтиды. Парктің қорықтық қорының объектілерінің бірі – орман табиғи кешендерін қорғау мен қалпына келтірудің ерекше санаттары болып табылатын орман алқаптары болады. «Көкшетау» МҰТП-нің 182 076 га жалпы алаңының, орманмен жамылған алаңы 134102 га құрайды. Осыған орай, парктің негізгі мақсаты табиғи орман экожүйелерін қалпына келтіру және сақтау болып табылады.

Көктемнің басталуымен өрт қауіпті маусым басталады және тәжірибе көрсеткендей, осы уақыт ішінде өрттің саны күрт өсіп кетуі құрғақ шөптің, бақыланбайтын ауылшаруашылық жемшөптің жануына және халықтың жаппай табиғатқа шығуына байланысты (қаралмаған орындарда от жағу, ашық отты абайсыз пайдалану және т.б.). Ормандарды қорғауда орман өрттерімен күресуге және өрттің алдын алу шараларына көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын «Көкшетау» МҰТП РММ өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізіледі: өртке қарсы негізгі шаралар облыс Әкімдігімен және Төтенше жағдайлар департаментімен келісіледі, «Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарында өртке қарсы техниканың, шанцты құралдың алдын алу жұмыстары жүргізілуде, ауылшаруашылық құрылымдармен екі жақты келісімдер жасалады,  мектептерде және мекемелерде әңгімелесулер жүргізіледі, сондай-ақ қар жамылғысы еріген кезде өткен жылғы шөпті бақылап өрттейді.

Құрметті азаматтар! Өрт қаупі бар маусымның басталуымен Сізден орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз: бұл үшін қаралмаған жерлерде от жағуға болмайды, орманда тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Сақ болыңыз, табиғатқа түсіністікпен қараңыз. Орман өрті барлық тіршілік иелері үшін қайтымсыз апат. Сіздердің назарларыңызға орман өрті және басқа экологиялық заңнама бұзушылықтары туралы хабарлауға болатын телефон нөмірі бар екендігіне назар аударамыз: «Көкшетау» МҰТП РММ диспетчерлік бөлімі 8 (7162) 26-94-54 (106).

Назар аударыңыз:өрт қауіпті кезең!

Құрметті азаматтар!

Орманда отпен абайлаңыз. Орман-адамның досы, ал достарды қорғауқажет!

Өрт қаупі бар маусымның басталуына байланысты орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды өтінеміз: бұл үшін қаралмаған орындарда от жағуға, орманда тез тұтанатын заттарды қалдыруға болмайды. Сақ болыңыз, табиғатқа түсіністікпен қараңыз. Орман өрті -бұл тірі адамдар үшін қайтымсыз апат. Орман өртін сөндіргенше, алдын алу оңай!

Өрт тек орман өсімдіктерін ғана емес, сонымен қатар көптеген құстардың ұяларын, жас, жетілмеген кейде ересек жануарлардың өздерінде және  аңдар мен құстардың жем-шөп базасын жояды.

Орман өрттері негізінен адамның кінәсінен пайда болады. Бұл жұмыс істейтін және демалуы адамдардың, туристердің, жидектер мен саңырауқұлақтар терушілердің, балықшылардың орманда отты ұқыпсыз пайдалану нәтижесі.

Орман өрті және табиғат қорғау заңнамасының басқа да бұзушылықтары туралы хабарлай алатын телефон бар екеніне назар аударамыз: «Көкшетау» МҰТП РММ диспетчерлік қызметі 8(7162)26-94-54 (106)