[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Имантау көлінің жағалауы» ТУРИСТТІК СОҚПАҚТЫ

  1. Соқпақ жібі: «Боровушка» демалыс аймағы – «Котлован» шоқысының етегі -, «Солнечный Вип» туристік кешені – Кемпинг аймағы – «Буян» шатқалы – «Боровушка» демалыс аймағы
  2. Қозғалыс жасау түрі бойынша: жаяу жүріс
  3. Қашықтығы: 13 км екі бағытта, 5 сағат 40 минут уақыт, аялдамаларды қоса есептегенде барып қайтуға кетеді.
  4. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП ММ Арықбалық бөлімшесінің жерінен Имантау көлінің оңтүстік-батыс жағалауынан өтіді. Имантау көлі Айыртау ауданының ең ірі және әсем көлдерінің бірі болып табылады. Көл шоқылардың ортасындағы ойпанға орналасқан және солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа созылыңқы келеді. Оңтүстік-батыс жағалауы тік, тақтатасты, аралас орманмен көмкерілген,қарағай көбірек. Көл әр-түрлі балықтарға бай: тұқы, шортан, алабұғы, табан балық, көкщұбар балық.

Топ қозғалысты «Қарлығаш» БСО оңтүстік-батысты бетке алып «Боровушка» демалыс аймағына жүреді, құмды жағалаудан «Котлован» шоқысының және кішірек шоқылардың әсем көріністері ашылады, қарағайлы орманмен көмкерілген шоқылар күннің көзінің әсерінен көкшіл бояуға боялады.

Демалу үшін орнатылған күркелерде қысқа мерзімдік демалыс  ұйымдастырамыз

Ары қарай көлді жағалай жүріп «Котлован» шоқысына жетеміз. Бұл Имантау көлінің жағасымен жалғасып жатқан ең биік жер. Оның биіктігі 621 метрді құрайды. Шоқының етегінде аралас орманмен қарағайлы орман түйіседі, оларды бөлу шекарасы атауы жоқ үлкен жылға болады.  Жылғаны өтіп кішігірім демалыс ұйымдастырамыз. Сонымен қатар көптеген емдік өсімдіктер (шүйгіншөп, ит мұрын, тасшөп,

Кішігірім демалыстан соң көл жағасына түйісетің тік тасты шатқал арқылы қозғалысты жалғастырамыз. Бұл жерде соқпақ жол ғасырлық қарағайлардың көлеңкесінде жатқан, мүк басқан биік тастардың жанынан өтеді. Ойпаңды жерлерде және кішігірім шоқыларда көп мөлшерде әр-түрлі жидектер (қой бүлдірген, тас бүлдірген таң қурай) өседі. жебіршөп, мия және т.б.). Саңырауқұлақшыларды мұнда саңырауқұлақтардың көптігі қуантады – майқұлақ, түлкешік, қайыңқұлақ  және груздь.

«Котлован» шоқысының солтүстік беткейімен «Буян» шатқалына беттейміз. Шатқал көл жағасымен жалғасқан бұл жердің құмы ұсақ әрі алтын түсті ал суы мөлдір әрі терең. Бұл жерден Имантау көліндегі арал жақсы көрінеді – республикалық маңызы бар табиғат ескерткіші. Оның аумағы 36 га құрайды. Бұл жерді өте сирек кездесетің бұта – арша өседі, ол жағалауды бойлай өсіп, аралға ерекше  әсемдік береді. 

Бұл жерде табиғаттың әсем көріністеріне сүйсініп, суретке түсуге, егер ауа райы жақсы болса көлге шомылы үшін ұзақ уақыттық демалыс ұйымдастырамыз. Шатқалдың жағалауы киім ауыстыратын орын, демалу үшін күрке және орындықтармен жабдықталған.

Қарағайлы орман жайлап аралас орманға ауысады. Қайындар жиі кездеседі. Егерде анықтап қарасақ бұл жерде қайынның екі түрі өсетінің көреміз.

Орманнан шыққанда  төбенің үстінде орналасқан «Солнечный ВиП» туристік кешені көзге түседі. Бұл жерде ұзақ демалыс ұйымдастырамыз, туристік кешеннің асханасында тамақтануға, көлеңкеде демалуға, катамаранда сырғанауға және балық аулауда бағын сынауға мүмкіндік беріледі.

      «Солнечный ВиП» туристік кешеннен бастапқы жеріміз «Қарлығаш» БСО өткен жолмен қайта ораламыз, «Диван-кровать» қарау алаңқайында демалысты ұйымдастырамыз. Бұл қарау алаңқайы үлкен табиғи тас, үсті жазыңқы судан шығып жатқан тас жағадан үш метрдей жерде орналасқан. Қарау алаңқайына  жету оңай болу үшін ағаш басқыш жасалған.

  1. Соқпақтың сызбасы

  1. Шартты белгілер