Бекітілген аңшылық жерлерде суда жүзетін құстарға, сондай-ақ тұяқты жануарларға (аталықтарға 15 шілдеден, аналықтар мен биылғы төлдерге 15 қыркүйектен) аң аулау маусымын (тамыздың соңғы сенбі күні) ашылудың басталуына байланысты «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ерекше қорғалатын табиғи аумақта және қорғау аймағында аң аулауға тыйым салынғанын ескертеді. Жануарлар әлемін күзету және молайту саласындағы табиғат қорғау заңнамасының бұзушылығы үшін тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады.
Әкімшілік кодексі бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау және жануарлар әлемін пайдалану талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық қаруды және (немесе) заттарды тәркілеумен жеке тұлғаларға 70 АЕК мөлшерінде айыппұл қолданылады. Егер залалдың мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен асырып тұрса, тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады және үш мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұлмен немесе сондай мөлшердегі түзеу жұмыстармен жазаланатын болады немесе сегіз жүз сағат мерзімінде қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе үш жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сондай мерзімінде мүлікті тәркілеумен бас бостандығынан айырылады.
Табиғатқа ұқыпты қараңыздар және табиғат қорғау заңнамасын бұзбаңыздар!