Флора

 Флора және өсімдіктердің анализі ботаника-географиялық байланысқа сәйкес ұлттық парк аумағының табиғи ерекшеліктерін анықтауға келесі түрде мүмкіндік береді: Голарктикалық доминион, Көне орталық жердің субдоминионы, Евразиалық дала облысы, Причерноморско-Казақстандық  кіші облысы, Заволжско-Казақстандық провинция, Батыс Қазақстанның кіші провинциясы, Көкшетау округі (Лавренко, 1970; Карамышева, Рачковская, 1973). Л.Н. Грибанов бойынша (1965), орман орналастыру аудандастыруға сәйкес, осы жер  Қазақ ұсақ шоқылардың таулы аралды қарағайлар  провинциясына,  Көкшетау-Мунчактин аласа таулар және жартасты ұсақ шоқылар далалы қарағай ауданына – Көкшетау және Целиноград облыстарының қарағайлы ормандарына жатады. Сонымен, Л.Н. Грибановтың  (1965) орман өсімдіктер ауданының құрылымы көлемімен  З.В. Карамышева және Е.И. Рачковская (1973)  Көкшетау округінің аудандарының орталық тобына жақын. Бірақ, соңғылар Көкшетау округінің жағдайы қарағайлы реликттердің көп болуына байланысты даулы екенің анықтайды, мүмкін батыс Сібір орман далалы бір провинциясына жатқызуға дұрыс деп санайды.  Мұндай зерттейтін аумақтың жағдайы оның флористико-фитоценотикалық және тарихи ерекшелігін көрсетеді.

Қазақ ұсақ шоқылардың өсімдіктері туралы алғашқы мәліметтер, Имантау және   Зеренді алқаптардың қарағайлары туралы мәліметтерді қосып 1820 жылы Г. Спасскимен  экспедиция  материалдары бойынша Алтай таулы округінің офицері  И.П. Шангинмен (1816) жарияланды. 1878 жылы  Имантау және Айыртау таулары, Зеренді және  Сандықтау шоқылары натуралист-әуесқой  И.Я. Словцовпен жазылған. Оның жинағы бойынша  1889 жылы Э.Р. Таутфеттер 451 өсімдіктер түрлерін бастырып шығарды. Тізімде шөлді және далалы түрлері басым болды, ал қарағайлы түрлері аз.

Толық флористикалық және геоботаникалық зерттеулері  А.Я. Гордягин (1897, 1916) өткізеді, Көкшетау қыраттарының аралды қарағай ормандарының табиғи ғажаптығын анықтады.

50-60 жылдары Қазақ ұсақ шоқысында КӘРО ғылымдар Академиясының   Ботаникалық  институтының экспедициясы жұмыс істейді, қорытындысы бойынша  Э.В. Карамышева және Е.И. Рачковская (1973) монографиясы шығарылды.

З.В. Карамышева және Е.И. Рачковская [5] классификациясы бойынша қазақ ұсақ шоқыларды ауданы Орталық Қазақстан және Шығыс Қазақстан провинциясының бірнеше округі құрамына кіреді. Көкшетау округі даланың басым солтүстік аймақтық топтары – әртүрлі шөпті – бозды – бай және әртүрлі шөпті – бозды даланың петрофитті вариантарымен, қайың, көк терек және қарағайлы ормандар аралас орындармен учаскелерін кіргізеді. Қарғайлы орманға жақын аумақта, табиғи өсімдіктер сақталған жоқ. Қазіргі уақытта үлкен далалы жерлер жыртылған. Оларды бай – әртүрлі шөпті – қызыл боз (Stipa salesskii, Festuca valessiaca ssp. sulcata, Helictotrichon desertorum, Phleum phleoides, Calamagrostis epigeius, Bromopsis inermis, Phlomis tuberosa, Salvia stepposa, Veronica spuria  и др.), әртүрлішөпті – сұлыбас – бозды  (Stipa salesskii, Helictotrichon desertorum, Festuca valessiaca ssp. sulcata, Koeleria cristata, Carex supine, Artemisia marschaliana, Phlomis tuberosa, Potentilla humifusa, Sesseli ledebourii) және басқа даланың фармациялары өскен.  Далалы фармациялардың толық экологиялық – фитоценотикалық сипаттамасы, сондай-ақ олардың таралуы және байланысы  Т.И. Исаченко және  Е.И. Рачковская жұмыстарында берілген. Олармен жер жырту, мал бағу, шөп шабу және өрттер салдарынан далалы аумақта болған антропогенді өзгерістерге көңіл аударылған.

Орман экожүйелердің өсімдіктерінің негізгі ерекшелігі П.Л. Горчаковскиймен жазылған.  Онымен жалпы Қазақ ұсақ шоқысына аралды қарағайлы ормандарға қарағайлы реликттерге жататын тамырлы өсімдіктердің  100 түрі анықталды. Осы түрлер келесі мекендерде кездеседі: бұлақтардың бастауларында, өзендердің жағасында, уақытша су ағындар алаңдарында, көлдер жағаларында, батпақтарда, орманды ойпаттар және  рямаларда, граниттердің  тар шаттарында, мүкті және мүкті-шөптесін қарағайлы ормандарда және т.б. Бұл жерлер ерекше, ортаның қолайлы жағдайымен, топографиялық, эдафикалық, гидрологиялық және микроклиматтық факторлардың ғажайып байланысының нәтижесінде құрылған.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – субстратқа орайластыру бойынша қыналар бірнеше  экологиялық топқа бөлінеді: эпигенді  – 12 түрі, эпифитті – 8 түрі, эпилитті –  7 түрі.

Эпифиттілер – ағашқа, тасты – жартасты қарағайлы ормандарда орналасады. Қаспақты, жапырақ тәрізді және бұталар кездеседі.

Эпилитті (қабыршықты)  қыналар жаланаш граниттерде тасты – жартасты және тасты – қыналы қарағайлы ормандарда кездеседі.

Cladonia – C. sylvatica, C. alpestris, C. rangiferina деген үш түрі басым. Олар өте құрғақ және құрғақ қарағайлы орманда өседі, қыналы орман түрлерінің тірі топырақ жамылғысын анықтайды, мұнда жобалы жамылғы  60-70% дейін жетеді. Басқа да түрлері көп кездеседі  – С. gracilis, C. cornuta, C. deformis және тағы басқалары.  Ағаштың қабыршығында  Cetraria, Evernia (екі түрі) түрлерінің өкілдері көп кездеседі. Жалаңаштанған граниттерде  Parmelia saxsatilis, P. olivaceae, Peltigera rufescens, P. Аphitosa және тағы басқалары кездеседі.

Топырақ үстіңдегі  немесе эпигенді қыналар, бұлардың түрлері шөптесін өсімдіктер жағынан күшті бәсекелесті көтеруге тиіс. Олар көбінесе жоғары сатыдағы өсімдіктер аз өсетін жерлерде, субстраттың маңызды емес қоректенетін жерлерде және қолайсыз климаттық жағдайларды, мысалы құмды топырақта.

Эпигенді қыналар – тасты – жартасты, тасты – қыналы, сүрек мүкті – шөптесін қарағайлы ормандарда тас қиыршық ұсақ топырақты жерлерде өседі.

Ұлттық табиғи парктің Альгофлорасы аз зерттелген.

Жоғары сатыдағы өсімдіктер. Мүктермер бірге қоса жоғары  сатыдағы өсімдіктердің флорасы, мүктерді кіргізіп, 98 тұқымдасқа бірлескен 597 түрі және 324 текті саналады.

Негізгі сүрек тұқымдасы – қарағай, биік емес шоқыларды және жондарды, баурайларды, беткейлерді және төбешіктерді, шоқы аралық жазықтарды және қолаттарды алып жатыр. Сүрек тұқымдастардан – қайың және көк терек қарағаймен аралас екпелерді құрайды. Төменде сондай-ақ таза қайың және көк терек ормандары таралған. Бұталардан арша, итмұрын, долана, тал, таңқурай, қарақат кездеседі.

Ұлттық парктің жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында,  дифференцияның жоғары дәрежесіне жетпеген топтары бар – олар мүк тәрізділер, дифференцияның жоғары дәрежесі барлық көпшілік өсімдіктерге тән. Температураның кенет өзгеруін, дымқыл және қатты құрғақшылықты көтереді, кедей субстраттарда өмір сүре алады, олар өсімдіктер солып кетуі немесе мүлдем өмір сүре алмайтын жағдайда бірлестіктер құрады. Мүктәрізділер беткей және тастардың үстінде алғашқы өсімдіктер тобының құрамына кіреді, олар, сумен толған, және тақыр топырақта өсу пионерлері болады. Мүк тәрізділерді пионерлік түрлері біртіндеп өліп, басқа түрлердің мекендеуі үшін субстрат дайындайды, соның ішінде тамырлы өсімдіктерге.

«Көкшетау» МҰТП ормандарында мүкті жамылғы қыналардан қарағанда аздау дамыған, бірақ бөлек мекендерде   (өзен жағаларында, батпақтарда, орманды ойпаттарда, бедердің төменгі жерлерінде)  өсімдіктердің осы түрі өсімдіктер бірлестігі құрамында маңызды рөлі бар, бөлек жағдайларда (мүкті – шөптесін қарағайлы орман) олардың жамылғысы  35-40% жетеді.  Pleurosium schreberi,  Dicranum scoparium, Hylocomium palustre, Climaceum dendroides  және тағы басқалары басым.  Mnium тектес өкілдерінің 4 түрі белгіленген, осыдан басқа,  Calliergon cordifolium, Rhytiadelphus triguertrus бар.  Мүк флорасында жалпы 19 түрі белгіленген.

Орманда және батпақтарда өсетін мүктердің түрлік құрамы туралы бөлек белгілеулер А.Я. Гордягиннің (1900 – 1901) және А.М. Жаркованың (1930) жұмыстарында көрсетілген. Аумақтың мүктер флорасы туралы толық мәліметтер  П.Л. Горчаковскиймен  (1987) ұсынылған.

Көптеген тайга түрлерінің өсуі негізгі ареалдан бөлініп «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің орман алқаптарының реликті сипатың көрсетеді, бұл аумақтың флорасын сақтауды қажеттілігін анықтады. Сонымен бірге мүкті – қыналы жамылғының көп түрлері антропогенді әсердің индикаторлары болады,  бұл флора және өсімдіктер жағдайының мониторингінде пайдалануға мүмкін.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк  және Щучинск қаласындағы орман шаруашылығының ҒӨО бірлесіп өткізген зерттеулерге сәйкес, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парктің  шөптесін өсімдіктердің флорасы 263 түрден тұрады. Ең көп тұқымдастар – Күрделі гүлділер (Asteraceae) – 47 түрі, Дәнді (Роасеае) – 27, Раушан гүлділер (Rosaceae) – 17 түрі, Бұршақ (Fabaceae) – 16 түрі. Шатырша (Арiасеае) – 12 түрі экобиоморф бойынша көпжылдық өсімдіктер  басым – барлық  көрсетілген түрлерден 84% жоғары. Фитоценотикалық топтар бойынша жайылым түрлер басым (32%), содан кейін дала (21%), орман – дала (18%), орман түрлері (18%). Флорода түрлердің 38% шаруашылық тәжірибелік пайдалануда. Ең бағалы дәрілік және астық өсімдіқтер 38 түрмен (15%) ұсынылған.

Флораны сақтау үшін сирек түрлерінің және ғажайып бірлестіктің популяциясын, сондай-ақ, мониторингті зарттеу, өсімдіктер жамылғысының өзгерістерінің процесстерін анықтау және табиғат қорғау іс-шараларын дайындау мақсатында жалпы өсімдіктер жамылғысының  динамикасын, мониторингті зерттеуді жүйелік бақылау өткізу керек. Шөптесін өсімдіктер  түрлерін тізімін табу бойынша болашақта зерттеулер қажет.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында 30 тектеске жататын қарағайлы орман флорасының 36 түрі белгіленген. Олардың көбісі сирек кездесетін, қорғауға қажет ететін түрлер. Сирек түрлері – бұл қырық жапырақтылар, сүйсін тұқымдастар, алмұрт шөптілер, терістік жалманақ. Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында осы түрлерді сақтау үшін іс-шаралар қолдану қажет. Ғылыми жоспарда ерекше бағалы қарағайлы реликтердің популяциясын толық зерттеу қажеттілігі бар, сондай-ақ кейін олардың жағдайына геоботаникалық мониторинг өткізуге қажет.

Ұлттық парктің эндемикаларға Имантау көлінің аралында өсетін казак аршасын жатқызуға  болады.

Сирек кездесетін және жойылуға жақын өсімдіктер. «Көкшетау» табиғи парк флорасы құрамында көне солтүстік  көне өсімдіктер көп – алмұртшөптер, қырық жапырақтар, терістік жалманақ, торжапырақ, Европа жылқы шөбі және тағы басқалары.  Мұнда Қазақстандағы сирек кездесетін су шырмауық, сондай-ақ аймақта сирек кездесетін – тас қарақат, алтай ұш қат, мойыл, шәңгіш, үш жапырақты субеде және тағы басқалары. Қазақстанның Қызыл кітабына көктем жанаргүлі, саз қазанағы, кәдімгі шолпан кебіс, ірі гүлді шолпан кебіс, шатырша қысшыл шөп, бұғы кладониясы, ақ тұңғиық, гибридті шұғылық, дөңгелек жапырақты шықшөп, Фукс сүйсін кіргізілген.

 Индикаторлық өсімдіктер

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында өсімдіктердің 12 индикаторлық түрі бар, соның ішінде 2 сүректі, 6 – бұталы, 4-шөптесін түрі кездеседі.

1.Кәдімгі қарағай (Pinus Silvestrius) – мәңгі жасыл, қарағай тұқымдарына жататын қылқан жапырақты ағаш, биіктігі 40 м дейін жетеді. Діңі, қабығы қызылдау, қабатты, жіңішке пластинкаланып ұсақтанады, ағаштың түбір жағы қаралау-қоңыр түсті.  Жас ағаштың ұшар басы пирамида тәрізді, ал кәрілердің кең, жұмсақ болып келеді. Жас бұтақтар тақыр, жасылдау. Бүршіктері шайырлы, ұзынша жұмыртқа тәрізді, қалын қоңыр қабыршықпен жабылған. Жапырақтары ине тәрізді, қатты, ағашта 2-3 жыл сақталынады. Мамыр – маусым айларында гүлдейді, гүлдер тақыр, бір үйлілер, бүрге жиналған. Жетілген бүрлер сарылау –сұр, күңгірт, тұқым жетілген уақытында жарылады.

2.Қотыр қайың  (f. fastigiata)– бұл ағаштың биіктігі 20 м дейін жетеді, ағаштың ұшар басы жұқа, түзеу емес, және қабығы тегіс, ақ, қабатталған. Жетілген ағаштар төменгі діңі қара қабықпен жамылған, терең жарықтармен, қотыр қайың бұтақтары салбыраған, жас бұтақтары қотырлы. Төменгі бұтақтары қысқа, горизонтальды, ортаңғы және биік жағы өрлеме. Бұтақтары өте ұзын және сымбатты, кәрі ағаштардың бұтақтары шілтер тәрізді салбыраған. Бұтақтарында кішкентай қотыр. Бүршіктері қоңыр және жылтыр жасыл, ұзындығы 4 мм дейін. Жапырақтары ромб тәрізді, тақыр, 7 см дейін, жас кезіңде шайырлы, жабыспақ.

3.Орташа тобылғы (Spirea media Schmidt) – жапырақтары түсетін бұталар, ұзындығы 2 м. Бұтақтың табиғи пішіні әр түрлі: пирамидалы, жылауық, тік тұратын, жайылып тұратын, тағыда  басқалар. Түрлер өзара пішініне қарай, және жапырақтың түсіне қарай бөлінеді, көбінесе күзде жасыл түсін қоңыр, сары немесе қызыл түстерге аустырады. Түрлерінің көбі көктемнен бастап күзге дейін гүлдейді. Тобылғы көп және ұзақ уақыты гүлдегені үшін бағаланады. Гүлдері ұсақ, бірақ көп, гүлдерінің пішіні әртүрлі. Бір гүлді болып кездеседі. Гүлдердің түсі әртүрлі –  таза ақ түстен қызыл күрең түске дейін болады.

4.Дала шиесі (Cerasus vruktikosa) – шиелер арасында бұл түрі қысқа төзімді, бірақ гүлдер бүршігінің қысқа төзімділігі төмен. Дала шиесі –  ұзындығы 1,5 м. Дейін жететін  аласа бұта. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, өзекті бөлігі бұтасынан 3 метрден асып кетеді. Олардың негізгі бөлігі 0,5 метр  тереңдікте орналасады. Ол көп жас бұтақтарды құрайды,  көбінесе аз өнімді формаларды. Жас бұтақтар жіңішке, тақыр. Жапырақтары ұсақ, қою жасыл, жылтыр, ұзынша – эллипті, жұмыртқа немесе ланцетті, қысқа шыбықта сүйір тісті шетімен. Гүлдері ақ, ұсақ, гүлдерге жиналған (шатырша). Жемісі дөңгелек, сопақ, шалқан түрлі, массасы 1-3 г. Түсі ашық қызылдан қою қоңырға дейін. Дәмі тәтті-қышқыл, жұпар иісі бар қышқыл, кейде дәмі ауыз қуырарлық.  3 жылдан бастап  жеміс әкеледі.

5.Кәдімгі итмұрын (Rosa canina) – раушан гүлді тұқымдардың бұтасы, ұзындығы 2 метрге дейін жетеді. Бұтақтары жіңішке, жылтыр, қызылдау, тік немесе қисайған (гүлдейтін бұталарда) қос тікенектермен жамылған. Жапырақтары кезекті, шыбықша, күрделі, жан-жақтан сопақ шетінде ұсақ жапырақтары бар. Мамыр ортасынан маусымға дейін гүлдейді. Гүлдері ірі, жеке, қызғылт түсті. Жемісі өтірік, дөңгелек,сопақша дөңгелек немесе эллипсті, көптеген ұсақ, сүйір, көптеген қабыршықтармен жамылған  тұқымдары бар. Тамыз-қыркүйек айында жеміс әкеледі.

6.Қара ырғай (C. Melanokapra Lodd) – ырайдың күрделі емес бір түрі. Гүлдері ірі ашық  қызғылт түсті шоққа жиналған. Жемісі қара, тамыз, қыркүйек айында жемісі піседі.

7.Тал (Salix ) – биік бұта, кейде ағаш түрінде кездеседі, биіктігі 2 метрден 6 метрге  дейін. Бұтақтары қалын, жастары нұр түсті, кәрілері – қоңыр немесе сұр. Жапырақтары кең жұмыртқа тәрізді, сирек  ланцетті, тісті, қою жасыл, үстіңгі жағында тақыр, сұр шырмауық. Гүлдері жиналған сырға тәрізді. Жемісі – қорап тәрізді. Сәуір айында гүлдейді.

8.Қау боз (Stipa pennata L. s. str.) сабақтарының ұзындығы 30-80 см, жиналған қатты шымды. Сабақтарының жапырақтары тақыр, тегіс. Жапырақты пластинкалар көбінесе жиналған , сире жайпақ, диаметрі 0,6-1 мм, тақыр немесе қабыршығы аз. Жапырақтың тілдері вегетативті  жас бұтақтарының ұзындығы 1-3 мм. Төменгі гүлді қабыршығының  ұзындығы 15-20 мм. Остилардың ұзындығы  20-40 см.

9.Лессинг бозы (S. lessingiana Trin. et Rupr) – өсімдіктің  ұзындығы 30-60 см.  Жапырақты жиналған  пластикалар, диаметрі 0,3-0,6 мм, кедір-бұдырлы; вегетативтік жас бұтақтардың жапырақтарының  ұзындығы 0,3 мм дейін. Төменгі гүлді қабыршықтарының ұзындығы  0,8-1,1 см, барлық үстіңгі жағы қабыршықты; остиларының ұзындығы 14,5-25 см екі есе майысқан, төменгі бөлікте тақар және тегіс, үстіңгі қабаты жүнді – 0,2-0,3 см.. Көктемнің  аяғында – жаздың  басында гүлдейді.

10.Қос мысық табан – көпжылдық шөпті өсімдік күрделі гүлді тұқымдастарға жатады, ұзындығы 10-35 см. Бұтағы – қарапайым. Барлық өсімдіктер жүнді. Жас бұтақтары жайылған, тамырлы. Жапырақтары біртекті, тұтас: тамырға қарай кең, негізінде жүрек тәрізді немесе бүршік тәрізді. Гүлдеуі бірнеше ұсақ себеттерден тұрады. Мамыр-маусым айында гүлдейді. Гүлдері бір жынысты. Себеттердің сыртқы қаптауы ақ немесе қызғылт. Тұқымдары қалын қабыршықты айдармен.  Жемісі тамыз айында піседі.

11.Күміс қазтабан (Potentilla argentea L.) – көпжылдық шөпті өсімдік раушан гүл (Rosaceae) тұқымдастарына жатады, ұзындығы 50 см дейін, тамыры ұзын ұршық тәрізді. Тамыры қысқа, ағашты; тамыр мойнынан жылсайын жапырақтар кетеді, ол розетка  құрайды, одан  келесі көктемде гүлдейтін  жас бұтақ өседі. Жас бұтағы тік, жіңішке, бірақ қатты, ақ киізді. Жапырақтары саусақты – бес бөлікті және жоғарғылары үш бөлікті, жоғарыда жасыл, төменде ақ киізді. Тамыр  жанындағы жапырақтары гүлдеген кезде солған; жас бұтақты – көп санды,қысқа бұтақты, үстіңгісі –  отырыңқы. Гүлдері ашық сары түсті, сыпырғыш тәрізді. Жемісі – көп жаңғақты, жаңғақтары жіңішке. Маусым – қыркүйек айларында  гүлдейді, жемісі тамызда піседі.

12.Татар ұшқаты (L. tatarica L.) Ең қарапайым түрі. 3-4 метр  ұзындыққа дейін өседі. Мамыр айының аяғындагүлдеуге бастайды, 15-20 күнге дейін гүлдейді. Гүлдері қызғылт немесе ақ, жұпар иісті.. Жемістері өте  декоративті, ашық қоңыр немесе ашық қызыл. Татар ұшқаттының  көп саябақ түрлері бар. Өкінішке орай, татар ұш қаты өсімдік бітесімен зақымданады, көбінесе жас бұтақтары.

 

 

Жануарлар әлемі

 Омыртқасыз жануарлар

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында омыртқасыз жануарлардың фаунасы (жәндіктер, өрмекшілер, тістеуіктер, ұлулар, құрттар және т.б) әлі де толық анықталған жоқ. Жалпы орман дала үшін  (9) мәліметке сәйкес 1000 қоңыз түрі, 220 қандала түрі, 70 турақанаттылар түрі (шегірткелер, қара шегіртке, обыр шегіртке т.б.), 64 өрмекшілер түрі анықталды. «Қызыл кітап» түрлері — әдемі қыз (инелік), дала кергісі және Сервиль севчугі (шегірткелер), дала сколиясы (жабайы ара) және поляк сымыры (табиғи бояғыш кармин алады). Келесіде омыртқасыз жануарлар флорасын нақты зерттеу жоспарланады.

Омыртқалы жануарлар

Ұлттық парктің  орналасу аумағында құстардың 224 түрі, сүт қоректілердің 51 түрі, балықтардың 19 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 5 түрі, қос мекенделердің 1 түрі мекендейтіні мәлім. Соның ішінде сүт қоректілердің 2 түрі, және құстардың 5 түрі  қаралған аумақтан соңғы жүз жылда жойлып кетті. Бағытталған адамдар қызметі нәтижесінде сүт қоректілердің 3 түрі жерсіндірді (марал, теңбіл бұғы, Асканий бұғасы). Сүт қоректілердің және құстардың көбі қаралған аумаққа өз бетімен, немесе адамдар қызметінен, немесе табиғи процесстер нәтижесінде келді. Бұл құбылыстар осы уақытта болып жатыр. Фауналық тізім және ұлттық парк аумағында мекендеу сипаттамасы жергілікті омыртқалы жануарларға тұрақты есеп қажет, бұл аумақтың орналасу ерекшеліктерімен байланысты.

Жабайы жануарлар әлемі өкілдерінің негізгі мекен жерлері орман алқаптары, шоқ ормандар және шоқ алқап арасында.

Балықтар

«Көкшетау»  мемлекеттік ұлттық табиғи парктің көлдері балықпен танылады. Негізгі тобы Зеренді, Жақсы-Жаңғызтау, Имантау, Шалқар, Ақкөл көлдерінде мекендейді. Ақсаха, шортан және тұқы балықтар бойынша аналық балықтар су айдындары бөлінген: Зеренді және Жақсы-Жаңғызтау және Имантау. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің ихтиофаунасы 19 түрмен ұсынылған. Кең таралған шортан, торта, алабұға, күміс мөңке балық, алтын мөңке балықтардың түрлері басым. Осымен гидрологиялық режимнің өзгеру су минерализациясының көбею және гидрологиялық сипаттамасының өзгеруі нәтижесінде, су айдындарда балықтардың мекендеу құрылысы тұрақты өзгеріп тұрады. Ихтиофаунаға адамдар қызметі де интенсивті әсер етеді. 1950 жылдың аяғынан бастап көлдерде әртүрлі интродуценттермен көлдерге балық жіберу жүзеге асырылынып жатыр (балықтың 10 түрі және кіші түрлері – табан балық, тұқы балық, ақсаха балықтардың әртүрлі түрлері және т.б.). Нәтижесінде  қазіргі балықтар фаунасы 50% интродуцентермен және олардың гибридтарымен ұсынылған. Жалпы ихтиофаунаның жағдайы жаман емес, қорекпен қамтамасыз етілген.

Қосмекенділер және рептилиялар

Қосмекенділер бір түрмен ұсынылған. Шөпті бақа ылғалды және дымқыл ормандарда, өзен алқаптарында, көл шұңқырларында мекендейді. Рептилиялар 5 түрмен ұсынылған. Сұр кесіртке (ТҚХО Қызыл кітабы), кесіртке құрғақ және жас орман шетінде, тасты беткейлерде мекендейді. Кәдімгі сарыбас жылан және су жыланы көлдердің жағасында және дымқыл орманда мекендейді. Кәдімгі сұр жылан жас және дымқыл орманда мекендейді. Рептилиялардың барлық түрлері фаунаның кәдімгі өкілдері болады.

Құстар

Ұлттық парктің орналасу ауданыңда құстардың 219 түрі мекендейтіні белгілі,  соның ішінде 20 түрі сирек кездесетін және қызыл кітапқа енгізілген (қызыл жемсаулы қарашақаз, шықылдақ қаз, кіші аққу, сұңқылдақ аққу, дала бүркіті, қарақұс, бүркіт, аққұйрық субүркіт, ителгі, лашын, тазтырна, ақбас тырна, дуадақ, безгелдек, тарғақ, үкі, тауқұдірет, сүйір тұмсықты шалшықшы, қарабас өгізшағала және т.б.).

Географиялық-генетиналық талдау құстардың ұялайтын түрлертіне қатысты келтірілген, Европалық құстар кешені басым (61 түрі, немесе 39 %), бұлардың ішінде кәдімгі қара мойын суқсыр, қызылбас сүңгуір, дала құладыны, жамансары, чеголь, кәдімгі күйкентай, қызғыш, түзкептер, маубас жапалақ, теңтек құс, қара ұзынқанат қарлығаш, орман жадырақ торғай, сарғалдақ, қараторғай, сауысқан, таған, шәуқарға, ала қарға, жасыл құйқылжық торғай, сандуғаш, сарықас торғай, отқұйрық торғай, деряба, шұбар шымшық, сарышымшық, пайыз торғай, үлкен көкшымшық, саябақ сарыторғайы және тағы басқалары бар. Европалық түрлер орман және ормандала ландшафтарда  мекендейді, сулы-батпақты мекендерде де кездеседі.

Екінші топты Палеартакадағы кең таралған белгісіз түрлері (28%) құрайды. Бұлар үлкен әуепілдек, сұр қаз, барылдауық үйрек, шүрегей, батпақ құладыны, қаршыға, құр, шөпілдек, кіші, көл, және көк шағала, өзен қарқылдақ шағала, үкі, кұлақты және батпақ жапалақ, көкек, үлкен алабажақ тоқылдақ, дала бозторғай, қаратамақ торғай, қарға, саябақ айқабағы, дала торғайы және тағы басқалары.

Сібір құстар кешеннің (12%) түрлерінің тобы, көбінесе қарағайлы, олиготрофты көлді және орман батпақтарымен байланысты. Бұлар қызыл жақ сұқсыр, сарыайдар үйрек, бізқұйрық, айдарлы қаралау үйрек, сусылдақ үйрек, бейнеарық үйрек, фифи, тауқұдірет, жүнбалық байғыз, қаршыға жапалақ, желна және тағы басқалары.

Жерортатеңіздік құстар кешенінің түрлері (12%) дала, көлдің қамысты  жағасы, ормандала ландшафтар фаунасында ерекше рөл алады. Құрамында: сұқсыр үйрек, дала құладыны, тілеміне, қарақұс, өгізшағала, кәдімгі шақшақай және  плешанка, мұртты көкшымшық. Жерортатеңіздік фаунасына жағдайға байланысты 4 түрі жатады: ақсұңқар, бұлақшы, дала қарақасы, аққанатты бозторғай, бұлар шығу тегі бойынша Қазақстан даласымен байланысты.

Монғол кешеніне құстардың 9 түрі (6%)  жатады. Бұл түрлер көбінесі дала ландшафтар (дала күйкентай, ақбас тырна, кіші бозторғай, дала жадырақ торғай, биші шақшақай) және далалы тұзды көлдерде (отүйрек, сарылақаз, бізтұмсық) мекендейді. Тек қана бір түрі (ителгі) орман далалы ландшафтарында мекендейді.

Қытай құстар кешені (3%) үлкен түркептер, ақарқалы тоқылдақ, ақ көкшіл шымшық, құралайқұс, емендік сарыторғаймен ұсынылған. Олар көбінесе ормандалада және жайылымдарда мекендейді.

Сүтқоректілер

Ұлттық парктің териофаунасы 6 отряд 51 түр ұсыналған. Жәндік қоректілер отряды 7 түрмен, жарғанттылар отряды 3 түрмен, жыртқыш отряды 11 түрмен, жұптұяқтылар отряды 5 түрмен, кемірушілер отряды 22 түрмен, қоян тәрізділер отряды 2 түрмен ұсынылған. Осы түрлер Қазақстан ұсақшоқысының барлық өздігінен өмір сүретін жануарлар әлемінің жартылай түрін құрайды. 1 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына орман сусары, 8 түрі ТҚХО қызыл кітабына кіргізілген

Жоғары айтылғандардан фаунаның 50% кемірушілер отряды өкілдерінен тұратыны көрінеді. Осы аумақта дала ландшафтың индикаторлар мекендейді – дала тышқаны, дала алақоржыны, боз суыр ТҚХО ҚК кіргізілген. Шығыс дала түрлерінен Жоңғар атжалмандары енгізілген.

Далалармен бірге учаскеде шөлейтті және орман түрлері мекендейді. Көп тарағандар –  бұл  кәдімгі кірпі, кәдімгі соқыртышқан, шөлейт түрлерінен үлкен қосаяқ және кішкентай тышқан (ТҚ ХО ҚК). Тайгалық  түрлерде мекендейді – ақ-қоян.

Ұсақ сүтқоректілердің үлкен саны жыртқыштарға: қасқырға, түлкіге, борсыққа, ақкіске, ақ қалақда, құнуга жем болады. Кәділгі дала күзен, сондай-ақ қарсақтың ТҚ ХО ҚК кіргізілген шөлейт түрі далаға типті.

Аумақта қостұяқтылар отрядынан қабан, бұлан, марал, Асканий бұғысы, көбінесе Сібір елігі мекендейді, 2014 жылдың есеп мәліметтері бойынша 2334 бас саналды.

Жерсіндірілген  түрлер және олардың аборигенді  фаунаға әсері

Адамдардың бағытталған қызметі нәтижесінде сүтқоректілердің 4 түрі (Европалық киелі бұғы, қабан, тиін және ондатр) және  құстардың 1 түрі (саңырау құр) жер сіндірген. Мемлекеттік ұлттық  табиғи парк аумағына теңбіл бұғы бертін кіргізілді, бірақ жақсы бейімделді.

Жануарлардың индикаторлық түрлері

Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында индикаторлық түрлер тобына сүтқоректілердің 3 түрі енеді.

  1. Бұлан (Alces alces) — бұғы тұқымдасы бұланның кейінгі тұқым тармағына жататын сүт қоректілердің қостұйяқтылар түрі; 6-7 түршені құрайды. Бұғы тұқымдасының ең ірі түрі (биіктігі 3 метрге дейін, ұзындығы 2,3 метрге дейін, салмағы 570 кг дейін, кейде одан да көп). Аяғы биік, денесі қысқы және басы үлкен ауыр. Аталықтарында үлкен күрек тәрізді 3 метрге дейін жететін мүйізі бар, мүйіздің қосалқы бұтақтары жануардың жасын білдіреді. Құлақтары үлкен жылжымалы. Тамағының астында жұмсақ сырғадай өсінді бар.    Түсі қоңыр-қара аяқтары   тізесінен   ақтау болып келеді.
  2. Елік (Capreolus capreolus) — бұғы тұқымдасы еліктің кейінгі тұқым тармағына жататын сүт қоректілердің қостұяқтылар түрі (capreolinae), 5 түршені құрайды. Ұзындығы 1,5 метр, салмағы – 60 кг дейін құлақтары ұзын, сүйір, құйрығы қысқа. Тұяқтары тар және сүйір. Түсі біртүсті, жазда қызғылт сары, қыста сұрлау түсті. Аталықтардың мүйізі қысқа.
  3. Қабан (жабайы шошқа, қабан; Sus scrofa) — шошқа тұқымдасының сүт қоректілер, қостұяқтылар түрі, 25 түршені құрайды. Ұзындығы 130-175 см. салмағы 60-150 кг. Салмағы бойынша қабан өзгермелі. Басы үлкен алға қарай созылып сүйір келеді. Құлақтары ұзын және кең, көздері кішкентай, тұмсығы жалпақ. Денесі қатты қылтанмен қапталған, қыста ұзын және қалын болып келеді. Арқасында қылтаны айдар құрайды. Түсі қоңыр қара, торайлары жалақ.

             Құстар.

Ұлттық табиғи парк аумағында индикаторлық түрлер тобына құстардың 3 түрі жатады.

  1. 1. Қылүйрек (Anas) — бұл орташа және үлкен емес құстар, мойны және жіліншігі қысқа. Түсі әртүрлі, көп түрлерінің қанатында ерекше айна бар. Көп түрлердің түлеуі бір жылда екі рет болады, жазда-толық, күзде-жартылай.
  2. 2. Ақ шіл (Lagopus lagopus), құр тұқымдастарға жататын құс. Ұзындығы 46 см дейін, салмағы 400-900 г, қыста ақ құрдың аяғы тырнағына дейін мамықты жазда тақыр болады, кішкене қабыршықтармен қапталған, басқа құрлар тұқымдастарына қарағанда шашақтары жоқ. Бір жыл ішінде ақ шілдің аталықтары қауырсынын төрт рет, ал аналықтары – үш рет өзгертеді, қыста мамығы – ақ, жазда қызғылт-сары.
  3. 3. Сұр тырна (Gruidae), тырна тәріздес тобына жататын тұқымдастар. 4 тұқымға қосылған 15 түрі. Тырналардың ұзындығы 90-155 см дейін. Бұл ірі биік аяқты, ұзын мойынды құстар, тік найза тәрізді тұмсығы бар. Көп түрлердің бастарында мамығы жоқ: Высота журавлей от 90 до 155 см. Это крупные длинноногие птицы с длинной шеей и прямым копьевидным клювом. На голове у большинства видов участки неоперенной.

Балықтар.

Мемлекеттік ұлттық парктің барлық аумағына индикаторлық түрлер  тобына балықтың 4 түрі кіреді.

  1. Шортан (Esox Lucius), кәдімгі ұзындығы 40-50 см және массасы 1,5 кг бірақ 10-12 кг дейін де кездеседі. Көбінесе жаға маны аймағында жалғыздан жүреді, уылдырық шашқан кезде және кеш күзде топпен жүреді.
  2. Тұқы балық (Ceprinus carpio), денесі цеклойдты қабыршықпен жамылған немесе тақыр. Ауызы тіссіз, жылжымалы, жұтқыншағында бір-екі-үшқатарлы тістері бар. Мұрты 2 пардан тұрады, майлы қанаттары жоқ. Тұқы балық тұщы суда мекендейді 4 жылда өсіп жетіледі. Талғаусыз қоректенетін балық.
  3. Мөңке бұлақ (Carassius), су айдындарында мөңке балықтың екі түрі бар – алтын және бозша мөңке. Мөңке талғамайтын және төзімді, лайланған жақсы  жылынатын суайдындарда мекендейді, 4 жылда өсіп жетіледі, 4 жасында  ұзындығы 10-15 см-ге дейін жетеді.
  4. Алабұға (Perca fluviatilus), тұщы суда, жақсы оттекті режимімен су айдынында мекендейтін балық. Кұрсақтағы, артқы жағындағы және құйрығындағы қанаттары ашық-қызыл түсті. Ұзындығы 50 см дейін, массасы 1,5 кг дейін.

Зеренді, Шалқар және Имантау көлдерінің ихтиофауналық сипаттамасы

Тұщы көлдердің ихтиофаунасы әр түрлі болып келеді, құнсыз және сортаң балықтардың саны құнды балықтарға қарағанда жоғары; суы таяз тұщы көлдерде негізгі түр мөңке балық болып саналады, ал жоғары минералданған су тоғандарында аборигенді ихтиофауна әдетте молықтыру кезіндегі қолайсыз жағдайлардан болмайды, тұзы аз немесе тұщы көлдерде ихтиофауна қарапайым көлді-өзен түрлерімен ұсынылған: алабұға, торта балық, шортан балық, таутан балық және т.б., сонымен қатар жерсіндірілген түрлер – табан балық, тұқы балық, ақсаха балық.

Зеренді көлі. Зеренді тауларының солтүстік-шығыс беткейін бойлай орналасқан. Аборигенді ихтиофауна шортан балықтан, торта балықтан, тарақ балықтан, оңғақ балықтан, аққайраннан, алтын және боз мөңкеден, алабұғадан, таутаннан тұрады. 1958 жылдан көлге табан балық, көкшұбар балық, лудога ақсахасы, тұқы балық орналастырылды. Тұқы балық және ақсаха балықтарының аналық топтарын қалыптастырумен байланысты, көлде балық аулауға тиым салынды, тек ақсаха балықтарының балық өсіру мақсатында 2-3 апталық аулауынан басқа. Балық аулау нәтижесінде көлде аборигенді түрлермен, оның ішінде, торта балықтың көптеп болуы қалыптасты. 1990 жылдары уылдырықтану кезеңінде 30% ақсаха және 70 % жергілікті балық түрі ауланды.

Кәсіпшілік мақсаттағы аулаудың түр құрамы жағынан ең көп торта балық (73%), алабұға (14%) және ақсаха (3%). Қалған түрлері, соның ішінде тұқы балық  барлық аулаудың 10% құрайды. Нашар балық аулау торта балық және алабұғаның өсуінің төмендеуіне және ұсақталуына алып келеді.

Имантау, Шалқар, Белое, Лобаново, Байсары көлдері шағын топпен орналасқан,  оның орталығы Лобаново с. болып табылады.

Имантау көлі. Лобаново с. оңтүстік батысындағы 15 км жерден Имантау тауының солтүстік-шығысы аралығында орналасқан. Имантау көлінің ихтиофаунасы келесі аборигендермен ұсынылған: шортан, торта, тарақ балық, аққайран, оңғақ, пілмай, алабұға, таутан балық және көшірілгендер: табан балық және тұқы балық. Ең көп балық мөлшері Орал көлінен 1963 жылы әкелінген табан балық болып табылады.

Шалқар көлі. Лобаново с. солтүстігінің 8-10 км жерде орналасқан, оңтүстік-шығыс жағалауында Шалқар с. бар. Көлде бұрынғы жылдары алабұға және аққайран өмір сүрген. Алабұға балығы басымдылық танытты, өсуі жақсы. Қазіргі уақытта алабұға мен аққайраннан басқа көлде тұқы балық, мөңке балық, табан балық, лудога ақсахасы мекендейді, бірақ соның ішінде ең көбісі алабұға.

 «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағы жеуге жарайтын әртүрлі саңырауқұлақтар қоры бар. Төменде бірнеше саңырауқұлақтар түрлерінің сипаттамасы келтірілген.

Ақ жаңбыр саңырауқұлақ қарағайлы және аралас орманда өседі. Егер ол қарағай астында өссе – саңырауқұлақтың қалағының түсі – қою, қоңыр – сарғылт. Егер ол қайың астында өссе – қалпағы басқа түсті, сарғылт – қоңыр немесе сұр – қоңыр. Сабақ жағы қалын, сымбатты, жоғары жағында ақшыл тор. Қалпағы астында трубкалары бар. Жас саңырауқұлақта – ақ, жас еместе – сарғылт – жасыл. Ұлпасы тығыз, қанттай- ақ, ұнамды майлы, жанғақ иісі бар.

Қайыңқұлақ(қайыңқұлақ, масаққұлақ, қара саңырауқұлақ). Қайың ормандарда өседі, батпақты жерлерде кездеседі. Қалпағы қолымен ұстағанда томпиған, кейде кішкене барқатты. Ол әртүрлі түсті болады: біресе сұрлау, біресе сарғылт – қоңыр, біресе қоңыр. Қалпағы астында трубка; ескі саңырауқұлақта олар сұр болады. Ақ сабағы қара қабыршықтармен жамылған. Бұл саңырауқұлақтың ұлпасы тығыз ақ, сындырғанда ақтығын жоғалтпайды.

Терекқұлақ (красюк, қызылбас), қалпағы қызыл да, қызғылт сары да бола алады, сабағы таза ақ емес, ал қара қабыршықтары бар.

Майқұлақ(майқұлақ, масляк, сарықұлақ). «Жамылғы» – бұл ақшыл – сарғылт жамылғы, ол жас саңырауқұлақ  қалпағының шетін сабағымен қосады. Саңырауқұлақ өскенде жамылғы үзіледі, сабағы бойы ілініп сақиналы болады – жағасы секілді. Бұл жамылғы саңырауқұлақта қалпағының астында трубкалар жақсы көрінеді, ал сары сабағында сақина астында – ақшыл нүктелер. Жаңбыр көп болса – саңырауқұлақтың қалпағы тайғанақ болады. Жақсы ауа-райында ол құрғақ, жылтыр, жібектей. Қабығы жамылғыдан жақсы бөлінеді. Қарағай және шырша ормандарда бұл саңырауқұлақтар үлкен жанұялармен  өседі.

Мүкқұлақ – қарағайлы және аралас ормандарда өседі. Олардың барқатты, қоңыр, немесе қоңыр – сарғылт, немесе сарғылт қалпағы бар. Қалпағы көбінесе құрғақ, кейде тағанақ болады.

Қозықұйрық  – далада,  жайылымда, бақтарда өседі. Оны жасанды түрде өсіруге болады (жылы жайларда). Саңырауқұлақтың ұлпасы ақ, сынған жерде қызғылт, күшті сыңырауқұлақ иісті.

Жиренқұлақ  – қарағайлы орманда өседі. Қарағай астында өскен саңырауқұлақтың ашық қызғылт сары – қабық түсті жамылғысы бар, шырша астындаөссе қалпағы жасылдау – көк, қызғылт сары сызықтармен.  Саңырауқұлақ шырыны шайыр дәмімен. Жалған жиренқұлақтар да кездеседі, егер шын жиренқұлақты кескенде қызғылт сары шырын шықса, онда жалғанда қызыл қан түсті болады.

Қарағайқұлақ  – қарағайлы және жапырақты орманда өседі. Ол жапырақ астында жасырынды. Үстіңен астына дейін ол ақ. Сынған немесе кескен жерде шырыны ақ, сүттей, дәмі – қышқыл. Кейде кіші қарағайқұлақтар кездеседі (скрипица, сүттіген, поскребыш).

Аққұлақ  – барлық жерде өседі: қарағайлы және аралас орманда, көбінесе дымқыл, батпақ жерлерде. Түрімен ол қатпаршаққа ұқсайды, бірақ түсімен және мөлшерімен ерекшеленеді. Мұндай атауды ол өзінің ақ қалпағы үшін алды. Рас, кейде онда сарғылт – қызыл дақтар бар.

Қатпаршақ  – ашық қарағайлы алаңқайларды жақсы көреді. Түрімен ол жиренқұлаққа ұқсас. Саңырауқұлақ тайғанақ, бірақ ашық және әдемі: қызғылт толқындар оның сарғылт қалпағымен таралады. Сабағы қысқа және қалын. Ұлпасы жұмсақ, сынғыш, ақ немесе қызғылт, шырыны ақ. 

Түлкішек  – қарағайлы және жапырақты орманда топпен кездеседі. Барлық саңырауқұлақ қалпағынан сабағына дейін сары. Ұлпасы оның тығыз, сары – ақ.

Сазқатпа – барлық жерде өседі. Ол барлық саңырауқұлақтарға қарағанда ашық өседі. Ол өзінің әдемі қалпағымен көзге түседі. Ол жасыл, қызыл күрең, ақшыл көк бола алады. Сонымен бұл саңырақұлақтың пластинасы ақшыл және нәзік.

Томарқұлақ  – жазғы және күзгі болады. Біріншісі орманда түбірде маусым айынан  қазан айына кездеседі, екіншісі сондай-ақ түбірде, тірі ағаштарда, қарағай бұтақтарының қасында және жапырақты ағаштарда, сондай-ақ ағаш тамырында өседі. Томақұлақтың қалпағы сарғылт – қоңыр, қатпарлы, қара қабыршықтарымен. Жас саңырауқұлақтардың пластинкасы – ақ, ескілердің – сарғылт. Үлкен саңырауқұлақтардың сабағы – ақшыл – сұр, талшықты, ақ сақиналы – жағымен. Жазғы томарқұлақтарда қалпағы шатырша келген, қызғылт сары – қоңыр, тегіс, айқын. Сабағының іші бос, қоңыр, қабыршықты, сақинамен белденген. Бұл саңырауқұлақтар маусымда шығады, сондықтанда ол жазғы деп аталады.

Қабанқұлақ  – жапырақты және қарағайлы орманда және орман шетінде өседі. Саңырауқұлақта қоңыр барқытты қалпағы бар, ішке бүгілген киіз шетімен, сабағы оның тапал. Саңырауқұлақтың ұлпасы жұмсақ, шырыны аз.