Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман шаруашылығы және жануарлар

дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушының
2017 жылғы 31 мамырдағы
№ 17-1/158 бұйрығына
10-қосымша

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі ұсынатын қызметтер тарифтерінің мөлшерлері

      Ескерту. 10-қосымшаға өзгеріс енгізілді – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 06.12.2018 № 17-5-6/328 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Ұсынылатын қызметтердің атауы

Қызметтер үшін тарифтер, (теңге)

1

2

3

1 Туристік соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын ұсыну, бір адамға бір күнге 400
2 Көлік тұрақтарын ұсыну, бір орынға тәулігіне:
күзетілетін
жеңіл
автобустар
жүк көлігі
күзетілмейтін:
жеңіл
автобустар
жүк көлігі
300
600
800
200
400
540
3 Шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыру орындарын ұсыну, бір шаршы метрге бір күнге 100
4 Қонақүйден орындар ұсыну, бір орынға тәулігіне:
жазғы үйде
балықшылар үйінде
айрықша жайлы жабдықталған үйде

1000
1500
2000

5 Қоғамдық тамақтандыру, сауда объектілерін немесе оларды орналастыру орындарын ұсыну, бір шаршы метр алаңға тәулігіне 100
6 Мәдени-тұрмыстық объектілерді ұсыну:
монша, сауна, кемінде бес адамға сағатына
3м х 4м жаздық күрке, күніне он адамға дейін
3м х 12м жаздық күрке, күніне отыз адамға дейін
900
10 000
30 000
7 Көлiк (судағы көлік түрлерінің) қызметтерін ұсыну, 1200
8 Мемлекеттік табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектілерінде болу және оларды зерделеу кезінде мынадай қызметтер ұсыну, жиырма адамға дейінгі бір топқа сағатына
экскурсия жүргізуші
жолсерік-инспектор
288
178
9 5 кг аспайтындай мөлшерде қармақпен (5 ілгек) спорттық (әуесқойлық) балық аулауды өткізуді ұйымдастыру 300
10 Табиғат мұражайында болу кезінде он адамға дейін бір топқа экскурсия жүргізуші қызметін ұсыну 110
11 Пайдалануға берілген аумақ пен объектілерді санитариялық тазарту қызметі, бір шаршы метрге тәулігіне 156
12 Табиғи-қорық қоры, табиғи және мәдени мұра объектілерінде, табиғат мұражайлары мен жанды мүйістерде болу және оларды зерделеу кезінде кино, бейне және фото таспаларына түсiруді (кәсіби түсірілімдерді)жүргізу, бір күнге:
кино-, бейне
фото
50000
25000
13 ерекше қорғалатын табиғи аумақта:
құбырлар, жылына бір шаршы метр алаңға
электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, бір гектарға бір жылға
орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету

112
622100

Ескертпе: 1, 2, 4, 8, 10-тармақтарда аталған қызметтер үшін мынадай жеңілдіктер қарастырылады:

мектеп жасына дейінгі балаларға (жеті жасқа дейін) – тегін;

мектеп жасындағы балаларға (жеті жастан және одан ересек) – 50 пайыз мөлшерінде;

күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне – 25 пайыз мөлшерінде;

мүгедектерден төлемақы алынбайды;

табиғат қорғау мекемесімен шартқа отырған туристік компаниялардың туристік топтарды ертіп жүретін қызметкерлері табиғат қорғау мекемесінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлемейді (бір ертіп жүретін адамға 20 туристен аспауы тиіс және бір жүргізуші).