РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

г.КОКШЕТАУ, УЛИЦА ЗАРАПА ТЕМИРБЕКОВА, 54

Туристский маршрут «Жыланды шоқысы»

 

  1. Маршрут жібі: «Сұңқар» СК — «Орманды бұлақ» қорғаны және қорымдары — «Қарсақ» археологиялық ескерткіші – «Өмір суы» сарқырамасы – «Орман алаңы» — «Жыланды» шоқысы — «Айдаһар үңгірі».
  2. Қашықтығы: 87 км екі жаққа, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 28  сағат.
  3. 3. Маршруттың қысқаша сипаттамасы:

Маршрут «Орманды бұлақ» филиалының аумағында өтеді. Туристік маршруттың қозғалысы Зеренді филиалының аумағында орналасқан «Сұңқар» сауықтыру кешенінен батысқа қарай  тас жолдан  басталады.

20 минуттық жолдан кейін маршрут «Орманды Бұлақ» қорғандары мен қорымдарына әкеледі. 2010 жылы археологиялық  зерттеу жұмыстары кезінде мал жайылымы мен егін шаруашылығына арналып жыртылған жерлерге жататын аумақта ғылыми тұрғыда қызығушылық танытатын біздің эрамыздан 2 мың жыл бұрынғы қола дәуіріне жататын, жоғары биік қыраттағы Қарсақ ауылынан оңтүстік шекараға қарай 4 шақырым жерде орналасқан «Орманды Бұлақ» ескерткіші табылды.

Орманды бұлақ қорымы «Мостовой» кордонынан оңтүстік-оңтүстік шығысқа қарай 3,5 шақырым және Қарсақ-Красный Кордон селолары бағытындағы асфальтсыз жолдан оңтүстік-шығысқа қарай 1,2 шақырым жерде орналасқан. Қола дәуірінен басқа ерте темір дәуірі мен орта ғасырлық кезеңге жататын қорғандар да кездесті. 50-ге таман жерлеу орындары байқаланды. Олардың диаметрі 6-дан 30 м-ге және биіктігі 0,2-ден-1,5 м-ге дейін жетеді. Қорған құрылымы мынандай болып келеді: тасты тақталар сақина тәріздес жағалай жабылған, тақталардың ұзындығы 2-2,5 м-ге, ал биіктігі 1,5 м дейін жетеді.

Қорым шұңқырлары тік бұрышты, трапеция тәріздес болып келеді. Шұңқырлардың жалпы тереңдіктері 80-180 см аралығында. Барлық қорым шұңқырларында бөренелерден жасалған ағаш құрылымдардың қалдықтары табылды. Анықталған шұңқырлардың біреуі тоналған, оны растайтын жағдай,қабір шұңқырында тәртіпсіз жағдайда жатқан ағаштың фрагменттері анықталды. Қорымдардың біреуінде 130-140 см тереңдікте анатомиялық тәртіпте адамның қаңқасы анықталды.

Бірнеше минут өткеннен  кейін топ қола дәуірінің «Қарсақ» қонысы мен зираттар археологиялық ескерткішінің жанында болады. «Қарсақ» қонысы Шағалалы өзенінің сол жақ жағасында 1000 шаршы метр жерді алып жатыр. Бұл жерде орналасуы, формасы және өлшемі сан алуан 18 тұрғын ойпаттардан құрылған шағын топ анықталған. Қазба жұмыстарды жүргізген кезде 20-105 м тереңдікте заттар табылды. Табылған заттар арасында керамика бұйымдардың сынықтары, тастан жасалған  қару-жарақ бөлшегі, анықталмаған қола бөліктері, құмыра және көптеген жануарлар сүйектері бар. Ескерткіш  б.з.д ІІ мыңжылдықтың ортасында Орталық Қазақстанда тұрған қола дәуірінің алакөл тайпаларынан қалуы мүмкін.

«Қарсақ» зираттары Шағалалы өзенінің сол жақ жағасындағы тегіс жерде орналасқан. Зираттар дөңгелек пішінді   әр түрлі диаметрлі, жан –жағы тастармен қоршалған. Қарсақ зираттарында қазба жұмыстарын жүргізген кезде осы қоныста өмір сүрген тұрғындардың ежелгі жерлеу орындары табылған.

«Қарсақ» тұрағы және зираттардан кейін қозғалыс оңтүстік бағытта тас жолмен  «Өмір суы» сарқырамасына қарай жаяу жалғасады.

Бұл әдемі, таңғажайып жер итмұрын және шие бұталарымен жамылған жартастар арасында  ағып өтетін Шағалалы өзенінде орналасқан. Сарқырама ағатын жерде өзеннің жағасы тік құламалы, биік және тасты болып келеді.Осында топ палаталық лагерь құрып түнеуге тоқтайды.

Келесі күні туристтер Үлгілі ауылына қарай далалы және орманды жолдармен жүреді. 1,5 сағат уақыттан соң топ шағын орманды алаңға демалу үшін тоқтайды.

Келесі демалу үшін аялдама қарағайлы орман арасындағы Жыланды шоқысының етегінде. Бұл жерде ағатын «Ясная падь» бұлағының  таза суынан дәм тату үшін туристтер қысқа уақытқа тоқтайды.

Бұл жерде жыландар кездесетіндіктен     шоқыны Жыланды деп атап кеткен.

Ары қарай қозғалыс оңтүстік бағытта Үлгілі ауылына қарай жалғасады. Топ бұл маршруттың бөлігін де жаяу өтеді.

Маршруттың соңғы нүктесі  Үлгілі ауылына жақын жерде (ауылдан шығысқа қарай 1 км) Қауқарағай шоқысында орналасқан «Айдаһар» үңгірі. Үңгірдің ұзындығы Жыланды шоқысына қарай 2км-ге дейін жетеді (жергілікті тұрғындардың айтуынша) Қарт адамдардың айтуынша үңгірде төңкеріс кезінде Ақ және Қызыл әскердің кулактары мен сарбаздары кезек-кезек тығылған.

2007 жылы «Көкше» академиясының өлкетанушылары үңгірді ашу бойынша жұмыстар жүргізді.

2009 жылы үңгірдің кешенді спелеологиялық зерттелуі, өтетін орындарды топырақтан және тастардан тазарту басталды.

Үңгірдің атауы айдаһар туралы аңызға байланысты. Айдаһар тек қана жабайы аңдарға ғана емес, сонымен қатар үй жануарларына, жергілікті тұрғындарға қауіп төндірген. Суық түскенде айдаһар үңгірді паналап, жылыну үшін кірген кезде Кейкі батыр өзінің  сарбаздарымен  үлкен таспен үңгірдің аузын жауып тастайды

Бұл жерден туристтер «Сұңқар» СК автобуспен оралады.