[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

«Шалқар көлінің оңтүстік жағалауы » туристік соқпағы

 

  1. Соқпақ жібі: «Тұрпан» демалыс базасы – «Горняк» демалыс базасы – «Ұлан» демалыс базасы — қысан  —  «Тұрпан» демалыс базасы.
  2. Қашықтығы: екі жаққа 14 км, аялдаманы ескере отырып уақыт ұзақтығы 6 сағат 20 минут.
  3. 3. Соқпақтың қысқаша сипаттамасы:

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП аумағы арқылы өтеді. Шалқар көлінің оңтүстік жағалауын бойлай «Тұрпан» демалыс базасынан басталады. Шалқар көлі – Айыртау ауданының ең ірі көлі, оның жалпы аумағы – 3241 га, көлдің ұзындығы — 12 км, ең үлкен ені – 3,3 км, максималды тереңдігі – 15 м. Көл батыстан шығысқа созылған, оңтүстік жағалауы тік, тасты шөгінділер шығып отырады, тасты жоталармен қоршалған, қылқанды орманмен жабылған, қалған жағалайлары еңістеу. Шалқар көлі ағынды, суы тұзды, таза, құрамына қарай теңіз суына жақын. Қармақпен әуесқой балық аулайтын орын. Қыс және жаз айларында балық аулауға болады. Көлде алабұға, мөңке, тұқы балық, пайда балық, көкшұбар балық жақсы көбейеді. Әуесқойлық балық аулауға қолайлы жер болып табылады.

Қозғалыс негізінде қарағайлы орманның тасты тар жолынан өтеді. Жартасы жоқ жеке учаскелерде жағалау бойын керемет құмды жағажайларды аңғаруға болады. Экскурсия уақытында топ Шалқар көлінің жағалауында орналасқан демалыс мекемелерінің жанынан өтеді. Таңғажайып көрікті жерлерде «Арқа» шипажайы, «Родники» демалыс үйі, «Тұрпан», «Горняк», «Жемчужина», «Черная лагуна», «Ұлан», «Тихая гавань» және т.б.  демалыс базалары орналасқан. Демалыс мекемелері құмды жағажайды бойлай ағаштардың ортасында көл жағалауында, сондай-ақ орман ішінде ағашы жоқ бос жерлерде орналасқан.

«Горняк» демалыс базасының жанында тасты арал орналасқан, оған су астындағы тастар арқылы жетуге болады.

Соқпақтың соңғы нүктесі – қысаң. Бұл жерде көлдің екі жағалауы барынша жақын және оны екі бөлікке бөліп тұрады – үлкен және кіші Шалқар. Қысаңның ені – 200 м шамасында.