[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Табиғат ескерткіштері

«Көкшетау» МҰТП РММ аумағында жалпы алаңы 65,1 га  республикалық маңызы бар 13 табиғат ескерткіш орналасқан. Ол жерлер туристік соқпақтар мен маршруттар арқылы өтеді, туристер мен  жергілікті тұрғындар бұл жерлерге жиі барады.

Арықбалық филиалы:

  1. «Қазан» шоқысы – алаңы 3,9 га. Су мен желдің әрекетінен қалыптасқан өз алдына экзотикалық жартастар мен тастарды ұсынады. Қылқанды орманмен қоршалған, орман баурайында итмұрын, таңқурай және қарақат өседі.

  1. «Имантау» көліндегі арал – алаңы 36 га. Имантау с. 4 км орналасқан. Биіктен қарағанда ондағы жүрек пішіндес аралды көруге болады. Арал қазақ аршасы бұталарымен жабылған, ол арал жағалауында өседі және оған тартымды сипат береді. Аралда кәдімгі қарағай, қотыр қайың, шие және таңқурай өседі. Жануарлардан бұл жерде құстарды, су жыланды, сұр жыланды және т.б. кездестіруге болады.


 

  1. «Шолғыншы» шоқысы – алаңы 3,8 га. Горный п. 1,5 км орналасады. Су мен желдің әрекетінен қалыптасқан өз алдына экзотикалық жартастар мен тастарды ұсынады.
  2. «Көне алқап» – алаңы 2,0 га. Бұл жерде қырыққұлақ қыраноты ұсынылған – сирек кездесетін түр, қылқанды орманның баурайында өседі.

Зеренді филиалы:

  1. «Көк мүйіс» – алаңы 1,2 га. «Көк мүйіс» аттас жартылай арал аумағында орналасқан. Ландшафт жартылай ашық, жазық орналасқан, орман түрі – қарағайлы, топырағы құба орманды, шымды, орташа құрғақ балшықты.

XVIII ғасырда «Көк мүйіс» жартылай аралы арал болған,  оған көптеген аңыз-әңгімелер байланысты. Оның бір аңызында келесідей баяндайды: «Екі жас ғашықтың қосылуына ата-аналары рұқсат бермегендіктен, олар осы аралға жүзіп келіп ұзақ уақыт бойы осы аралда өмір сүреді, ал оларды тапқан адамға қомақты сомадағы сыйақы тағайындалады. Бұл арал олардың туыстарынан тығылуға жақсы орын болды. Екі жас бір-бірінен айрылғысы келмей олар осы аралда аштықтан қайтыс болады».

100 жылдан кейін «Көк мүйіс» аралы Зеренді көліндегі су деңгейінің төмендеуінен жартылай аралға айналды. «Көк мүйіс» шоқысынан Зеренді көлінің жағалауында орналасқан курортық аймақтың барлық алаңы көрінеді.

«Өрт байқау» шоқысы – алаңы 1,0 га. Тау жыныстарының 30% дейін үлесі бар, топырағы шымды, екпелердің тығыздығы біркелкі емес 0,5 дейін. Топырақ үсті жабын шөптесін-бұта өсімдіктерін құрайды, әсіресе алып экзотикалық тастардың ортасында

болады: шексіз жасыл ормандар, жақын жерде орналасқан көлдер және т.б

  1. «Қызыл күрең мүйіс» – алаңы 0,5 га. Орман тығыздығы 0,4 жасы 90 жылдық ересек қарағай екпелерінен және оның қолтығының астындағы тығыздығы 0,1 жасы 10 жылдық қарағай өскіндерінен тұрады. «Қызыл күрең мүйіс» Зеренді көлінің жағалауында орналасқан.
  2. «Қара май» шоқысы – алаңы 1,0 га. Шоқы тығыздығы 0,4 жасы 100 жылдық қарағай екпелерімен қамтылған. Бұл шоқының атауы соғысқа дейінгі және кейінгі жылдарда шайырдың мол алынуынан шыққан. «Қара май» шоқысының төбесі айналаны қарап шығуға керемет орын болып табылады.
  3. «Қашқын» шоқысы – алаңы 1,3 га. Осы шоқы арқылы туристік маршрут өтеді, себебі осы шоқыдан қоршаған далаға тамаша көрініс ашылады. «Қашқын» шоқысының атауы ХІХ ғасырда қалыптасқан, өкінішке орай, біздің уақытқа дейін осы шоқыға қатысты ешқандай аңыз сақталмаған.

Шалқар филиалы:

  1. «Қостау» шоқысы – алаңы 10,5 га. Айыртау селосының батысынан 12 км қашықтықта орналасқан. Екі шоқыдан тұрады және жота арасында бел бар, ол екі шоқыны 300 м биіктік бөліп тұрады.

«Қостау» шоқысының шығу тегі жайлы адамдар арасында бұрыннан бері аңыз сақталған. Бұрынғы уақытта біздің жерімізге көптеген жаулар шабуыл жасаған. Оларға қарсы ағайынды екі батыр қарсы тұрады. Олар күні-түні шайқасып, шабуыл жасаушылар қашқанша дейін күреседі. Бірақ ағайындылар оққа ұшырап қатты жараланып, кейін шоқыға айналады. Олардың кіші қарындасы көп жылағандықтан, оның көз жасынан тұзды көл пайда болады. Ақсақалдардың айтуынша: қаншама жау өлгендіктен, соншама шоқы баурайында ағаштар өсіп шықты, олардың қандарынан жидекдер пайда болды.

 

2.«Айыртау» шоқысы – алаңы 2,0 га. Жіктің тереңдігі 30 м, түбінің ені 25-40 м. шоқының солтүстік және оңтүстік бөктері жартасты, жыралы, жартастар үйілген, төменгі жағы ірілеу, орманмен қамтылған.

3. «Сүйір» шоқысы – алаңы 3,0 га. Шалқар филиалының аумағында ең биік жердің бірі. Байрауында негізінен қарағай өседі, кейде қайың кездесіп жатады. Шоқының етегіне қарай жер бедері біркелкі. Оның төбесінде байқау алаңқайы бар. Осы жерден аймаққа тамаша көрініс ашылады. Лобаново, Шабақшы, Имантау көлдері өте жақсы көрінеді. «Қызыл» орман бағы алақандағыдай болып көрінеді. Алыстан Зеренді филиалы шоқыларының жүйектері мен «Орманды бұлақ» МУ көрінеді.

4. «Үңгірлі сарқырама» – алаңы 0,5 га. Сарқырама жақын жердегі бұлақтармен молығып отырады, содан кейін, мәрмәртас тақташаларынан өтіп тереңдігі 4 м құрайтын кішігірім сайды құрайды және жырадан 2 м биіктіктен ағады, содан соң жартас бойымен терең өтеді.

Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштерінен басқа «Көкшетау» МҰТП Айыртау филиалының аумағында 1904 жылы дендрологиялық парк салынды. Дендропарктің оңтүстік-батыс бөлігінде 1962-1963 жылдары отырғызылған жеміс бақшасы орналасқан. Парктің жалпы алаңы 28,9 га.

Шығыс жағынан дендропаркке Айыртау орманшылығының поселкесі тиіп тұр. Бұл жерде өзінің 100 жылдық тарихы бар дендропарк екпелеріне бақылау жүргізіледі.

Дендропарк түрлі сүректі-бұта тұқымын енгізу жолы арқылы қайың ормандарының табиғи өсірілу негізінде қалыптасқан. Алғашқы отырғызу  1904-1905 жыл жүргізілген.  Қазіргі уақытта паркте сүректі-бұта тұқымының 30 астам түрлері өседі, оның ішінде: қарағай, шырша, балқарағай, қайың,  көктерек, ұсақ жапырақты жөке, терек, татар үйеңкісі, сүйір апырақты үйеңкі, тал, шегіршін, алма ағашы және басқа да түрлер, самырсынның бірен-сараны кездеседі.