[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

Зеренді филиалы

Зеренді филиалы Зеренді курортты зонасында орналасқан, Зеренді көлінің оңтүстік, батыс және солтүстік-батысында кең аумақты алып жатыр. Филиалдың жалпы алаңы 36625 га.

Зеренді филиалы үш орманшылықты құрайды: Грибновское, Зеренді және Жыланды.

Филиал кеңсесі Красный Кордон селосында орналасқан. Зеренді аймағында орман шаруашылығын басқару тарихы 1898 жылдан басталады, ол кезде алғашқы Зеренді орман шаруашылығы ұйымдастырылды. Кеңсе қонысы Красный Кордон с. салынған, ол әлі қазіргі уақытқа дейін сақталған (осындай ғимарат республикада тек екеу).

1914-1916 жылдары орманшылықты құру барысында австриялық әскери тұтқындар пайдаланылды, әскери тұтқындар саны 3 мың адамка дейін жеткен. Олар орман қорының шекараларын белгіледі. Шекаралар биіктігі 1 м тастан жасалынды немесе тереңдігі 1,5 м және ені 2 м жыралар қазылды. Бұл шекаралардың қалдығы әлі күнге дейін сақталған.

Зеренді орман шаруашылығы 1947 жылы Қазақ ССР Орман шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен (14.02.1947ж. №56) ұйымдастырылды. «Зеренді» атауының пайда болуына бірнеше аңыздар бар. Сол бір аңыздардың біреуінде Зерен атты қыз көшу уақытында өзінің қымбат білезігін көлге түсіріп алады. Оны аламын деп қыз суға батып кетеді. Нақты аңызды Зеренді аудандық газетінің редакторы болып көп жыл қызмет атқарған журналист Баймурат Азнабаев келтіреді. Оның нұсқасы бойынша Зеренді ауданында мекендейтін жануарлар фаунасымен байланысты көп жер атаулары бар (Жыланды, Қоянды, Түлкілі, Маралды, Бұланды, Шағалалы). Бір кезде бұл жерде Зерен екі тұяқты жануары (сайғақтың бір түрі) мекендеген. Бұл жануар түрі қазіргі уақытта Монғолия аумағында бар. Халық «Зерен» сөзіне «ді» қосымшасын қосып жаңа атау «Зеренді» шықты.

Зеренді филиалының қызметі орманды өрттен қорғау, орманды қалпына келтіру және өсіру, аумақты көгалдандыру және туризм мен демалысты ұйымдастыруға бағытталған. Филиал шаруашылықішілік қызметпен айналысады және флора мен фаунаға бақылау жүргізеді.

Зеренді филиалының аумағындағы көлдердің жағажай бойымен демалыс үйлері, балалар мен жасөспірімдерге арналған демалыс лагерьлері орналасқан. Зеренді аймағы керемет ландшафтарға, табиғат, археологиялық және тарихи ескерткіштеріне ие.

Зеренді филиалының ардагерлері, өз ісінің нағыз мамандары – Ф.Р.Алейник, В.В.Васько, В.А.Добычин, Е.Д.Добычина, В.С.Девятайкин, В.В.Крымкин, Т.Н.Ликеров, С.И.Ликеров, Т.Ж.Макижанов, А.А.Орлов, И.К.Соболев, П.Ю.Савиди, П.П.Савченко, В.В.Светличная, А.Б.Тайжанова, З.Г.Уросова, С.Н.Дорогов, В.А. Гребенников. Филиал ұжымын ұзақ уақыт бойы тәжірибелі маман, орман өсіруші Владимир Кузьмич Соболев басқарып келді.

Қазіргі уақытта Зеренді филиалының директоры Кушпай Абилькаирович Буканов.