«Көкшетау» МҰТП  гидрогеографиялық келбеті салыстырмалы сирек өзен жүйесімен, көптеген көлдер мен көп емес батпақтар санымен ұсынылған.

 Сарқырама

  Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің көлдері көбінесе тұщы, ұсақ тұзды су айдындар сирек кездеседі. Ауданда 24 жақын көлдер бар. Ең ірі көлдер Зеренді, Имантау, Шалқар, кішкентай көлдер Ақкөл (Белое), Байсары, Қоскөл, Айыртау. Көлдердің  көпжылдық режимі өзгермелі және созылмайтын өрлеулердің алмасуы және деңгейдің ұзақ біртіндеп құлауымен сипатталады. Осы аумақтың көлдерінің су балансының ерекшелігі олардың ағып шығатын сулары  болмауы. Көптеген көлдердің шұңқырлары тектоникалық шығулары бар. Көл айнасының алаңы деңгейдің төмендеуімен шұғыл азаяды. Максималды тереңдігі 8м-ден 30 м-ге дейін құрайды. Су массасының көлемі салыстырмалы үлкен емес шектерде-көлдер мүлдем кетпейді және сумен қамтамасыз ететін сенімді қайнар көз болып қызмет етеді. Көлдің су алаңынан ағып шығатын сулары су балансының бөліктерінің 60 % құрайды. Қар ерудің басынан мұз тұрған мерзімге дейін көл үстіне түсетін жауын-шашын, жалпы су балансынан 25-35% құрайды.

Барлық көлдердің гидрологиясы олардың жыл бойындағы деңгейі тұрақты емес, сондай-ақ соңғы жылдарда көлдің кеуіп кетуімен сипатталады, көлдің кебуі соңғы уақытта орташа жылдық жауын-шашынның аз болуымен түсіндіріледі. Тың жерді шеруге байланысты су алаңдарының алқаптары үлкен учаскелері жыртылды, бұл жауын-шашынның жергілікті инфильтрациясының ұлғайтуына және су жинау алаңының бетінің көлемі азаюына әкеледі.

Шалқар көлі. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Айыртау тауының беткейінде орналасқан.

Деңгейінің абсолютті белгісі 309,5 км2 құрайды. Су жинау алқабының жалпы алаңы 209 км2 тең. Су жинау алқабы көбінесе орташа төбелі, төбе биіктігі 30-50 м. Айыртау тауы ғана салыстырмалы биіктігі 207 м. Шоқылар арасындағы учаскелер жыртылған (30%), негізгі алаңы боз-типті дала алып жатыр. Көлдің ұзындығы 12 км, ең үлкен еңі 3,3 км, су айнасының алаңы 35,4 км2, максималды тереңдігі 15 м.

Көпжылдық орташа деңгейде орташа массаның көлемі 277,0 мың.м.3 құрайды. Жаға сызығының ұзындығы 39,6 км.

Көлдің су үсті өсімдіксіз, түбі тегіс, құмдақ тасты, көлдің ортасына қарай ылдимен, жағаға қарай лайлау. Көлдің шұңқыры батыстан шығысқа қарай созылған. Оңтүстік жаға құламалы (8 м дейін) тасты шөгінділерге шығады. Қалған жағалар жайпақ, олардың биіктігі 4,0 м аспайды. Шалқар көлі ағынсыз. Оңтүстік-шығыс және солтүстік-батыстан оған 5 атаусыз бұлақ ағады, ағыны тек қана ертедегі көктемде болады.

Жылдық амплитуда тұрақтылығы 0,6 м аспайды, ал көпжылдық 3,5-4,0 м дейін жетеді. Соңғы 40 жылда деңгейдің біртіндеп төмендеуі байқалады. Көлдегі минималды су минералдануы көктемде байқалады және 3,5 г/л. құрайды. Көлдегі судың химиялық құрамы хлоридті-натрия типіне жатады. Суы тұздылау және ішуге жарамайды, сондықтан тек қана техникалық сумен қамтамасыз етуге және демалушылардың емдік шомылуына жарайды.

Имантау көлі. Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Имантау селосы жанында орналасқан.

Көлдің теңіз деңгейіндегі биіктігі 323,6 м. Су жинау алқабының алаңы 483 км2 құрайды. Көлдің су жинау алқабы төбелі, бөлек төбелер биіктігі 300 м дейін. Төбе беткейі қарағайлы-қайыңды орманмен жамылған. Төбе және шоқы арасындағы учаскелер далалы, кейбір жерлері жыртылған.

Көл шұңқыры төменде шоқылар арасында орналасқан, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа созылады.

Көлдің ұзындығы – 13,3 км, ең үлкен ені 4,8 км, су айнасының алаңы 48,9 км2, максималды тереңдігі 10,0 км, орташа 5,7 м. Су массаның көлемі орташа көп жылдық  деңгейде 279 мың. м құрайды. Жаға сызығының ұзындығы 35,5 км. Көлдің беті түгел ашық. Сирек ну қамыс жолақпен (80-120 м) солтүстік және батыс жағаларымен созылады. Шұңқыр түбі тегіс, батыс және оңтүстік бөліктерде тасты, шығыста құмды, ал солтүстік бөлігінде лай.

Оңтүстік-батыс жағасы құламалы, тасты, аралас орманмен жамылған, қарағай көбірек. Қалған жағалар жайпақ, аласа және дала өсімдіктермен жамылған. Батыс бөлігінен төменгі Борлық (Кіші Борлық) өзені ағады, қайнар көзінде бөгет салынған, көлге ағатын суға бөгет болады. Сонымен, көлдегі судың бөгет деңгейінен асқанда, көлдің ағуы  көп сулы жылдарда ғана мүмкін.

Оңтүстік және шығыс жағасынан Жыланды бұлағы (Змейка), Кенесары (Осиповка) өзені және ағыны тек қана ертедегі көктемде болатын 7 сайлар ағады. Көп сулы жылдарда Имантау көлінде Байсары және Шабақты (Чебачки) солтүстік-шығысқа қарай орналасқан көлдерінен ағын байқалады.

Көлдегі су минералдануы көктемгі толықтаулардан кейін 0,6-0,7 г/л, жазды 0,8 г/л, ал қыста 1,0 г/л көбейеді. Көлдегі судың химиялық құрамы гидрокарбонатты-натрия типіне жатады. Имантау көлінің суы халықты сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланады.

Имантау көлі

Лобаново көлі – Лобанов с. жанында Көкшетау – Арықбалық трассасы бойында 1 км орналасқан. Су айнасының алаңы 260 га құрайды. Көлдің орташа тереңдігі – 1,8м, ең үлкен тереңдігі 3,0 м дейін жетеді. Көл биік емес шоқылармен қоршалған. Батыс және солтүстік жағалары тасты немесе құмды, оңтүстік – шығыс – ойпатты. Су жинау алқаптың алаңы – 20 км2, көл  ағынсыз көбінесе атмосферадағы жауын-шашынмен қоректенеді. Су айдынында құрылу белгілі мерзімде қайталанып тұрады.

Аз сулы жерде түбі – лай құм және малтатас, тереңдікте – сұр лай. Көлдің ұсақ су өсімдіктердің өсуі акваторийдің 35-40% жетеді. Қатты өсімдіктер (қамыс) көлді тар жолақпен қоршайды, оңтүстік бөлігінде өте дамыған.

Көлдегі су тұщы, минералданудың көлемі 0,76-0,91 г\л. Биогенді элементтер ШРК жоғары, бұл органикалық су айдының ластануы туралы айтады. БТҚ мөлшері        403 мгО\л құрайды, қышқылдағы – 19,5 мгО\л, тұзды аммоний – 0,52 мг\л. Магнийдің, темірдің, фтордың құрамының көптігі байқалады.

Байсары көлі – Имантау селосынан он бір километр,  Зеренді – Саумалкөл трассасы бойында, оңтүстік шығыс бағытта орналасқан. Судың үстіңгі қабатының алаңы 34,4 км2 . Көлдің орташа тереңдігі 1,8 м, максималды – 3,1 м. Көлдің бөгеті төбелі жазықты ұсынады.

Су бөгетінің жартысы қайыңды орманмен жабылған, 50% жыртылған. Көлдің су беткейлігі ашық. Көл жағасының биіктігі 1,0 – 1,5 м, тас төселген. Көл ағынсыз.

Көлдің суы тұзды, хлоридтік-натриялық класы екінші типті. Судың кермектігі бойынша көлден суы кермек емес деп санауға болады. Су органикамен лайланған, бұл туралы БТҚ өлшемі, қышқылдығы, биогенді элементтер саны куәландырады. БТҚ 302 мг\л жетеді,  қышқылдығы 13,6 мгО\л,  магния құрамы– 89,9 мг\л, темір – 0,42 мг\л, хлорид – 504,7 мг\л.  Микроэлементтер құрамы сондай-ақ ШРК жоғары: мыс – 0,015 мг\л., фтор – 1025 мг\л. Жоғары табиғи минералды құрамы бар.

Жоғары су өсімдіктері ең алдымен қамыспен ұсынылған, ені  100-150 м, барлық жақтан көлді қоршап алады. Акватория үлкен алқаптарында жұмсақ өсімдіктер өседі, көбінесе оңтүстік және шығыс бөліктерінде әртүрлі шалаң өседі. Акваторияның өсуі 35-40%.

Көлдің су минералдануын көлдердің көктемгі толуы 0,8 – 1,0 г/л құрайды. Жазда  су минералданады 1,8 – 2,0 г/л, қыста 2,5 – 3,0 г/л. Көл тек қана жазда және тек қана мал суаруға пайдаланылады.

Ақкөл көлі – Заря және Альжанка селолары арасында,  Зеренді–Саумалкөл автожолы бойында 2 км оңтүстік – батыс бағытта орналасқан. Су үсті алқабы  1200 га құрайды. Көлдің орташа тереңдігі 2,8 м.  Көл шұңқырлары жақсы көрінген дөңгелек пішінді. Жағалары орташа биік, батыс жақтан қарағайлы-қайыңды орманмен жамылған, мұнда жергілікті тұқымдар қойтас түрде байқалады.

Түбі құммен (тереңдігі  1-2 м дейін), макрофиттер қара лаймен және сұр лаймен ұсынылған.

Минералдану деңгейі бойынша Ақкөл көлі тұзды 3 типтің хлоридті-натриялық класындағы, су айдынға жатады. Минералдану жыл мезгіліне қарай ауысады: азы көктемгі уақытта, көбі – қыста байқалады. Бірнеше игредиенттер бойынша ШРК жоғарлауы байқалады: хлоридтер бойынша 17 еседен артық (5445 мг\л.), сульфаттар бойынша 4 еседен артық (413 мг\л.), фтор бойынша – 2 еседен артық (1,3 мг\л.), судың кермектігі – 2 еседен артық  (270-,6 мг\л.). Альжанка  селосының жанында мұнай өнімдерінің жоғары құрамы белгіленген. Көлде жоғары органикалық ластану байқалады.

Су айдынының өсуі жылдан жылға көбейіп жатыр, бұл тенденция төменгі жағында байқалады. Су өсімдіктері шалаң, кірпібас, сондай-ақ әртүрлі балдырлармен ұсынылған. Акваторияның өсу алқабы 23-25%. Су айдынында  құрылу белгілі мерзімде қайталанып тұрады.

Зеренді көлі – Зеренді тауларының солтүстік- шығыс беткейі бойында орналасқан. Су жинау алқабында төбелі учаскелер жазықтармен алмасады. Төбелер көлге жалғасып жатыр, көбінесе батыс жақтан, оңтүстік, шығыс және солтүстік жағалары – жазық. Төбелі учаскелері қарағайлы-қайыңды орманмен жамылған, су жинау алқабының қалған бөліктері – әртүрлі шөптер – далалы, көп бөлігі жыртылған жерлер.

Зеренді көлінің алқабы  9,5 км2 тең максималды тереңдігі  6,5 м. Көл ағынсыз, атмосфералық жауын-шашын және түптегі сулар арқылы қоректенеді. Түбі – көп бөлігі лай, жағаларға жақын жерлерде – құмды.

Газ режимі жазғы уақытта қолайлы. Сутекті көрсеткіштердің мөлшері (рН)  8,8-9,0 шегінде шайқалады, көмірқышқыл суда жоқ. Ерітілген қышқылдың құрамы 9,05 тен 15,56 мг\л дейін шайқалады. Қышқылдығы жоғары (14,5-24,0 мгО\л). Поселке және демалыс аймағы ауданында жоғары тұзды аммоний (0,69-0,37 мг\л) және нефть өнімдері (0,05-0,07 мг\л) байқалады. Жоғары табиғи фтор анықталады, ШРК 2-4 еседен артық. Жалпы  минерализация 668-758 мг\л.

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық парк аумағының жоғары бөлігі аз дамыған өзендер жүйесімен ерекшеленеді. Бұлақ және су ағындардың арнасы аз дамыған еңі  2-10 м, тереңдігі 0,2-0,5 м аспайды. Жиі олар сайларға және жарларға бөлінген. Өзендердің су үсті ылдиы  1 ден 30ға дейін жетеді, бастауда көбірек. Ағымның жылдамдығы межеде  1,5 м/сек аспайды. Кіші өзендер және уақытша су ағындар  80% қардан, 15 % жаңбырдан және  тек 5% қана жер асты сулармен қоректенеді. Бұл өзендердің сулары 0,5 г/л минералданумен көбінесе тұщы. Аумақ бойынша ағынның бөлінуіне су жинаудың орташа биіктігі, су жинаудың ылдиы, топырақ түбі, жырту дәрежесі әсер етеді.

Аршалы өзені Айдабол көлінің жанындағы Лосевка селосынан оңтүстікке қарай, басталып Колутон өзеніне құйылады. Ұзындығы  – 174 км, ұлттық парк шекарасында  – 60 км.  Өзеннің су жинау алқабы орталық бөлікке жазық шетінде ұсақ шоқылы. Су жинау алаңына қарау солтүстік және батыста Зеренді және Түкті тауларына жалғасып жатыр, шығыста – жайпақ шоқылар. Бассейн жағасының он жақ бөлігінде кіші көлдер және ағынсыз көлдер кездеседі. Су жинау алаңының үсті  70% жыртылған. Су жинау алқабының алаңы  4160 км2, ұлттық парк шекарасында  – 1470 км2. Өзен арнасы жақсы шайылған, қайрандарда еңі 10-15 м, тереңдігі біркелкі жалпақтау, кең учаскелерде  30-40 м  дейін. Мамыр – маусымда су арнаның төменгі жағында ғана қалады. Су ағынының межедегі еңі қайрандарда 1-2 м, тереңдігі 0,1 – 0,3 м., біркелкі жалпақтау кең жерлерде  30-4- және 0,8-1,0 м., жер-жерде 2-3 м. Ағыны дұрыс көрінбейді. Өзен арнасында көп құмды еңсіз жолақтар және қайрандар кездеседі. Өзен еріген қар сулары және түбтегі сулармен қоректенеді. Көктемгі су тасуы сәуірде келеді және 10-15 күн созылады. Бірінші еріген сулар арнада қарлы массада немесе мұз үстінен ағады. Көктемгі мұз кету учаскесінің төменгі бөлігінде ғана болады және 1-3 күнге созылады. Су тасу уақытында ең жоғары көтерілу деңгейінің биіктігі орташа сулы жылдарда қайнар  көзден  Николаевка селосына дейін  5-6 м, ал сулы жылдарда  4-5 және 7-9 м. Судың минералдануы көктемгі су тасу мезгілінде 0,2 – 0,3 г/л, кермектігі – 2,0 – 3,5 мг/экв құрайды. Су гидрокарбонатты және хлорды болуы мүмкін, ішу сапасы жақсы. Жазғы уақытта тереңдігі біркелкі жалпақтау кең жерлердегі су құрамында әртүрлі ерітілген тұздар  1,0 – 1,5 г/л дан 4 – 5 г/л  болуы мүмкін. Өзендегі су малды суару үшін пайдаланылады. Түкті өзені  Аршалыға он жағадан 123 км құйылысына ағады. Өзеннің жалпы ұзындығы 34 км, соның ішінде ұлттық парк аумағы бойынша  34 км. Су жинау алқабының жалпы алаңы 131 км2.

Айдабол өзені аласа батпақты, бұталармен өсіп кеткен жерлерден Красиловка селосынан 4 км солтүстік-шығыстан басталады,  Жабай өзеніне құйылады. Ұзындығы  19 км, су жинау алқабының алаңы  209 км2. Су жинау алқабы жазықты, ал төменгі ағымда кішкене төбелі, су жинау алқаптарының алаңы 87% жыртылған жерлер. Үстіңгі ағымда алқабы Красиловка селосына дейін онша көрсетілмеген, сағаға ары қарай ол тереңдейді және кеңейеді.  Беткейлер арқалық және сайлармен кескінделген. Алқаптың ені 200 – 250 м. Оң жақ беткейі бүкіл аралықта тік жарлы болып келеді, сол жақта аласа және жалпақ келеді. Арна қайнар көзден Красиловка селосына дейін әзер көрінеді, ары қарай және сағаға дейін 50-120 м жақын тербеледі. Су минералдануы көктемгі су тасқыны кезінде   0,1 – 0,2 г/л  құрайды. Жазғы уақытта су минералдануы орташа өзеннің ағынында  0,6 – 0,7 г/л дейін көтеріледі. Өзендегі су бақшаны құюға және мал суаруға пайдаланылады.

Аққан бұлақ өзені (Аққан-Бұрлұқ) – Жақсы Жанғызтаудың (Якши Янгистау) батыс жағалауынан басталады, Ишім өзені оң жақтан 1280 км сағадан құйылады. Ұзындығы  176 км, су жинау алқабының алаңы  6720 км2. Ұлттық паркта өзен ұзындығы  70 км. Өзеннің жалпы құламасы 188 м. Негізгі ағындар: оң жағалауынан 132 км Бабық- Борлық өзені, ағынның ұзындығы 84 км, Тайсары өзені  (оң жақ жағалау  –  100 км, ұзындығы 28 км), Құлаиғыр (сол жақ жағалау – 89 км, ұзындығы 40 км), Шарық өзені (оң жақ жағалау – 35-й км, ұзындығы 68 км). Су бөгеті  асимметриялы: оң жақ жағалауының алаңы сол жақ жағалаудан екі есе артық, төбелі, бөлінген жазықты білдіреді. Алқабы бұралаң, асимметриялы, биік, күшті бөлшектенген оң жақ беткеймен және сол жақ беткейі өте аласа, нәзік.  Алқаптың ені  0,1 км өзеннің қайнар көзінде 0,5-0,8 км өзгереді. Оң жақ беткейі тік, биіктігі 20-30 м, сол жақ жайпақ, биіктігі 12-15 м, ені 1,0 км дейін. Өзеннің төменгі ағысы екі беткейде ілінбелі, кейбір жерлерде өзеннің үстемін қия жартастар ілінген. Арна қайталанатын енсіз өзен қайраның білдіреді, бірақ өзен арнасының тереңдігі біркелкі жалпақтау, кең жері терең емес. Үстіңгі және астынғы ағыста судың тайыз жерлері басым орташа тереңдігі біркелкі жалпақтау кең жері. Жағалар барлық аралығында биік және тік. Басым биіктігі  4-5 м, ең төменгісі  қайнарды 0,2-0,5 м, ең биігі құйылыс учаскесінде 20-25 м. Көктемгі су тасқынының максимумы сәуірдің екінші жартысында өтеді. Су тасқыны 40-50 күнге дейін болады. Жазғы мезгілде өзен кетпейді; ең аз жазғы шығындар төменгі ағысында 100-150 л/сек құрайды. Мұздың ойылуы сең кетумен  5 – 8 күнге созылып қоса жүреді. Су минералдануы көктемгі су тасқыны мерзімінде  0,2 – 0,4 г/л, кермектігі 2,5 – 4,0 мг/экв. Жазғы уақытта өзеннің барлық ұзындығында су  минералдануы 1,2 г/л көтеріледі. Су мал суаруға кең пайдаланылады.

Бабық- Борлық өзені Жоғарғы Бұрлык селосынан шығысқа қарай 8 км басталады,  Аққан-Бұлақ (Аккан-Бурлук)өзеніне оң жақ жағалауынан құйылады. Ұзындығы  84 км, сумен қамтамасыз ету алаңы 1300 км2. Ұлттық  парк  аумағы бойынша ұзындығы – 27 км. Су жинау алқабы қиылысқан, әлсіз адырлы жазықпен ұсынылған. Төбелер және биік емес шоқылар жұмсақ келбеті және қатысты биіктігі 50-100 м. Қайыңды шоқ тоғай, ең алдымен, су жинау алқаптың үстіңгі бөлігінде орналасқан және 20% алаңды алып жатыр. Су жинау алқабының қалған бөлігі жыртылған жерлер алады. Алқап бастаудан Сергеевка селосына дейін (сағадан 44 км) анық көрсетілген. Бұл учаскеде оның еңі 70-450 м, беткейі бірыңғай тік, кейбір жерлерде жарлы және тасты биіктігі 5–12 м. Төменде және сағаға дейін алқап шайқалады, беткейлері жайпақ болады. Барлық баткейлер бойы, жартасты шөгінділерден басқа, жағадан жағаға көшетін терасса созылады. Жоғары ағымдағы ені  20-40 м, орташа және төменгі жағында 100-200 м  дейін жетеді. Бастаудан  Төменгі Бұрлық селосына және сағаға дейін анық көрсетілген арна пайда болады, ені 50-70м. Бұл учаскелердің жағалары жиі тік және жарлы. Су тасқыны әдетті 10-15 күнге дейін созылады, көктемгі мұз кету жыл сайын  2-3 күн болады. Су тасқынында су едәуір лай болады.  Орташа сулы жылдарда бүкіл жазғы-күзгі мерзімде арнада қалдықтармен ағындар 10-20 л/сек байқалады, ал суы көп жылдарда 30-50 л/сек. Суы аз жылдарда үстіңгі ағында бөлек учаскелерде өзен кебеді. Көктемгі су тасқыны кезінде судың минералдануы  200-400 мг/л құрайды. Кермектігі 2-4 мг/ экв. (жұмсақ, бір қалапты кермек). Судың химиялық құрамы  гидрокарбонатты, ал ішуге сапасы жақсы. Жазғы меже уақытында төменгі учаскеде судың минералдануы  0,8-1,0 г/л дейін көтеріледі, ал кермектігі 7-9 мг/экв дейін (кермек). Қысқы уақытта қара судың минералдануы 1,5-2,0 г/л көтеріледі. Ең алдымен өзен суы малды суаруға пайдаланылады.

Жер бетіндегі сулар. Аумақта су айнасының алаңы 1км2 10 көл және ұсақ көлдер тіркелген. Өзен жүйелері аз дамыған және ең алдымен кішкентай өзендермен, бұлақтармен, уақытша су ағындармен ұсынылған.  80% қармен, 15% – жаңбырмен, 5% – жер асты сулармен қоректенеді. Алаңы бойынша ең ірі көлдер – Имантау (48,9 км2) және  Шалқар (35,4 км2). Көлдердің ерекшелігі ағындары жоқтығы.  Көлдің көп жылды режимі өзгермелі және деңгейінің ұзақ емес көтерілуі және ұзақ біртіндеп төмендеуімен сипатталады. Олардың барлығы жойылып кеткен тұзды көлдердің және жылғалы сулардың орнында пайда болған.

Ұлттық парк аумағында батпақтар, ең алдымен төменгі типті батпақтар байқалады. Олар жойылып кеткен көлдер және жылғалы сулар орнында пайда болды. Батпақтар көбінесе атмосфералық жауын-шашындардан, кейбірлері, жер асты сулардан қоректенеді

Өзеннің күрт көрсетілген бореалды келбетіне батпақ және орман батпақ кешенінің өсімдіктері дала қарағайлы орман өсімдіктеріне қарама-қарсы келеді.

Батпақ  үстіңгі сфагналық аласа өсетін қарағаймен жамылған. Батпақ алқаптардың ең жоғары бөлігін алып жатыр. Атмосфералық жауын-шашыннан қоректенеді.  Үстіңгі қабаты төмпешікті, жер қыртысы шымтезек – батпақты.

Батпақ қамысты-шалғынды өтпелі. Батпақ алқаптарының шетіне орайластырған, мұнда одан ағатың бұлақтар басталады. Суы мол, ағынды. Үстіңгі қабаты адырлы, мочажиналармен.

Жер астындағы сулар. Гранитті  алқаптың аумағында төрттік түзілімдерге, қазіргі үстіңгі төрттік көл түзілімдерге, қазіргі және үстіңгі төрттік делювиалды-пролювиалды түзілімдерге, төменгі және орташа төрттік көлді түзілімдерге, кембрий құрылымдарға, протерозой жасты интрузияларға жататын 5 су тұтқыш көкжиектер бөлінген. Жер асты сулары атмосфералық жауын-шашыннан қоректенеді. Жер асты сулары – көбінесе тұщы, сапасы жақсы, жергілікті нормадан жоғары фтордан басқа химиялық элементтер құрамы және зиянды қоспалар аз.