РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Тозбас табиғатқа да тіреніш керек
Зерделі Зеренді өлкесі небір сұлулыққа толы тамаша мекен. Ала жаздай, сол Зеренді маңында талай рет болып, күмістей жылтыраған көл жағасына арнайы барып, дем алсақ та осынау мекеннің кереметтерін алыстан ғана көріп,сұлулығына шалғайдан тамсанып, тамашалаған екенбіз-ау. Оған жақында сол жаққа арнайы барып, Ақмола облыстық мемлекеттік ұлттық саябақтың еншісіне қарайтын табиғаттың тамаша бір мүйісін аралап келгенде көзіміз жетті. Бағытымыз осы саябақтың бір бөлшегі, «Орманды бұлақ» филиалы болатын. «Сол мекенге жету үшін біз табиғаттың тамыздағы гүл көмкерген сұлу беткейін баса етіп, жап-жасыл қарағай ағаштармен бойлай, балтыры ап-пақ қайың ормандары бауырын көмкерген тау шоқыларын артқа тастадық.
Атақты «Айдаһар үңгірі» аталатын туристік соқпақ осы тұстан өтсе, парк аумағының бойында «Өмір суы» аталатын бұлақ сарқырамасы бар екен. Олар Қарсақ археологиялық қоныс ескерткішіне кіреді. Алыстан Жыланды тауының жағасы мұнартады. Осындай табиғат сұлулығын жақыннан көріп, аумақты тамашалай біз көздеген жерімізге жеттік.
«Орманды бұлақ» филиалы ұлттық саябақтың еншісіне қарайтын, осы мекендегі ну ормандар мен көлдерді от, су секілді табиғаттың қауіпті жағдайынан қорғайтын ұлттық мәдени мұраларды сақтайтын, зерлі өлкені мекендейтін аң-құс жануарларды қорғап, күтетін бөлім екен. Оған осыдан жарты жыл бұрын Белуха Александр Валерьевич деген азамат келіп, осы филиал басшылығын қолға алған. Сандықтау өңірінде туып-өскен Александр көп жыл сол ауданның депутаты болып сайланып, өз кәсіпкерлігіне қоса небір қоғамдық жұмыстар атқарған. Уйымдастырушылық тәжірибесі мол екені байқалып тұрды. Бірақ аз сөйлеп, көп тыңдайтын басшы қазіргі нақты атқарып отырған жұмыстары жайлы шешілмеді, тек қойылған сұраққа ғана жауап беріп отырды. Оның есесіне біз, барған тілшілер тобы шаруашылықты өзіміз аралап, сол мекенде жұмыс істеп жатқан кісілерімен сөйлесіп, атқарылған істерін көзімбен көріп, құлағымызбен естіп қайттық. Зерендінің зерлі бір мекенінде үлкен орман байлығы барынша қорғалып, жануарлар дүниесі де қадағаланады екен. Ең бастысы, табиғатты қорғайтын мекенге жанашыр жан табылғаны байқалып тұрды. Бірақ осы ұлттық парке қарасты мекемеде білікті кадрдың жетіспейтіні, тіпті шөп, өсімдік өскіндерін зерттейтін арнайы маманның жоқтығы, кадр тұрақтамаушылығы болатыны да айтылды.
«Көкшетау» ұлттық мемлекеттік паркке қарасты «Орманды бұлақ» шаруашылық мекемесінің аумағында 10 мың гектар жер бар. Орман қорының дені қылқан жапырақты ағаштардан тұрады. Осынау орманды өрттен қорғау үшін оған дайындық жұмыстары ерте қолға алынады. Бұл бағытта орман ішінің жұмысы барынша өрт пен судан қорғап, ондағы жануарлар дүниесін сақтап күтуге қолдағы бар мүмкіндікті пайдаланып жатырмыз. Өрттен қорғау автомашиналары, басқа да жұмыстарды атқаратын техникалық жабдықтар баршылық, филиалда 19 жұмысшы-мамандарымыз бар,- дейді басшы. Жалпы ережеге сай бар жұмыс дер кезінде атқарылады. Осы жұмыстардың басы-қасында орманшы Д.Сантасов жүреді екен. Ендігі әңгіме осы салада көп жылдан бері істеп келе жатқан орманшы Даулетбек Агайдарұлымен жалғасты. – Орманды өрттен қорғау үшін алқаптың айналасына үнемі кең етіп жолақ жолы жыртылып. Егіс алқаптарының жиегі де қоса қамтылды. Оның маңында өскен қаудан шөптері мен өскіндер шабылып, жыртылып отырады. Орман ішін шіріген, бүлінген ағаштардан тазалап отыру да, демалушылар тастап кететін қалдық, қоқыстарды жинап, тазалау да орманшының міндеті екен. Әсіресе, жаз айларында орман алқабын өрттен қорғау мәселесі күнделікте күн тәртібінде. Осы жұмыстардың басы-қасында Шопаев Ерлан да өз жұмысшыларымен бірге жүреді. Әсіресе, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған адамдармен күндіз-түні күрес жүргізуде тура келетін сәттері де кездеседі екен. Аталған алқапты өрттен, түрлі суық қолды браконьерлдерден қорғау үшін, орман ішін тазалап, қарап қадағалап отыру үшін мотоциклмен жиі сапарға шығып, өскінді аралау да олардың міндеті көрінеді.
«Көкшетау» табиғи парк аумағына қарайтын «Орманды бұлақ» мекемесінің
Алқабында көптеген жабайы жануарлар да мекендейді. Онда бұлан, бұғы, қабан
(доңыз), елік, киік, арқар секілді тұяқты жануарлармен бірге түлкі, қасқыр, борсық, қоян, орман мысығы (рысь) басқа да мекендеуші аңдар кездеседі екен. Осындай жануарлар дүниесін сақтау, оларды өз төлі өсімімен көбейту қарастырылған.
Қысқы кезеңде туған төлімен жөңкіле жүретін тұяқтылардың жолдарына жемшөп шашылады. Осыған сәйкес филиал жұмысшылары көптеген тоннашөп қорын жасап, 30 мың данаға дейін жасыл жапырақтар буылып түйіледі екен.Бүгінде оның жартысынан көбі дайындалып, филиал қоймасында тұр. Тұяқты жануарлардың көбі жаз бойы қоң жиып,өз төлімен жеке жайылып, көзге түспеуге тырысса, қыста жемшөп шашатын жергекеліп, үйіліп тұрады екен.
Жабайы жануарлар таңбаланып,санала ма? – деген сұрағымызға қорықшылар Өз жауабын берді. Осы Зеренді саябағының маңынан 150-ге таяу бұғы (олень) кездессе, елік киік, арқарлардың екі жүзге тарта тұяғы лақтарымен бар екен. Алып бұлан да бұзауымен көзге түссе, ағаш мысығын да көргенін айтты. Осыдан бес-алты жыл бұрын Көкше өңіріне Тарбағатай өлкесінен оннан астам марал, жолақты бұғы, елік түрлері жеткізілген. Бүгінде олар да тау шатқалдарынан табылып, нулы өзен соқпақтарын мекендей жаңа жерді жатсынбай кірігіп кеткен. Жыланды тауының шалғыны мол етегін жайлап, дәмді емдік шөптермен қоректенетін мал жануарлары қонды, қысқа шыдамды келеді. Зерлі Зеренді өлкесінің сай-саласы мен тау шоқысында түрлі итмұрын өсіп, жидек, шие тұнып тұр, саңырауқулақ түрлері де ағаш ішін жайлаған. Оның қызығын осы маңдағы туристік соқпақтың демалушылары, ауыл тұрғындары көреді, дейді қорықшылар.
Біз, бір күн аумағын аралаған филиалдың негізгі міндеті: жан-жағы нулы қарағай, қайың, үйеңкі, шырша, балқарағай секілді ағаштарға толы орманның бай алқабын, Қызыл кітапқа енетіндей өсімдік түрлерін қөздің қаршығындай сақтап жануарлар дүниесін қорғап, туризм саласын дамыту болып табылады.Осы жолда бар мүмкіндік те жасалап жатқанын өз көзімізбен көрдік. Бірақ тағы да бірақ деген сауал көкейге қоса кептелді.
Жоғарыда айттық, алыстан көріп тамсанып, таңғалатын сұлу өңірдің жап-жасыл мұнарға бөккен ну орманын, тау бойына тебіндеп өскен тал – терегін, сай-шатқалын жақыннан келіп көріп, суреттей сұлу мекеннің тылсымға тұнған тыныштығына құлақ түрдік. Бір жұмбаққа толы үнсіз, мүлгіген маң еді. Ал, осы мүлгіген тыныштық пен орман-тоғайдың саяға толы аймағын үнемі сұқ көзден сақтап, осындағы өсіп жатқан дәрілік орман өскендерін зерттеп, аймақта экология мәселесін жақсартуға септігін тигізетін кадрлар бүгінде осы мекемелерде бар ма екен? Оны дайындауға мән беріле ме деген сауалды біз жаңадан тағайындалған Белуха атты басшығы да қойдық. – Мен орман ісіне енді кірісіп жатырмын. Филиалда атқаратын жұмыс өте көп, бізде білікті кадрлардың, өз саласын жетік білетін мамандардың жетіспеуінен қиындық көріп отырмыз. Бұрын мектеп оқушыларын орман жұмысына бала жасынан тартушы еді. Соның арқасында балғын балалар ішінен табиғат жанашырлары өсіп жетіліп, уақыт өте кадр мәселесі де қоса шешілетін. Осы тәрбиені неге қолға алмасқа-дейді саябақ жетекшесі. Бұл ұсыныс өте орынды секілді, ал сіз не дейсіз? Қолда бар тамаша табиғатты тоздырмай, күтіп ұстап, адамзат баласына тапсырудың қандай амалы бар, орман ой –пікіріне ой қосыныз.
Бір қызығы, табиғатты қорғау саласына тағайындалған басшының ата-тегі Белуха аталатын теңездің ірі ақ кит балығымен әрі өр Алтайдың Белуха аталатын биік шыңымен үндес екен. Келе салып, көп іс тындаруға тырысып жатқан табиғат жетекшісіне біз тісті Ақ серкедей бас болыңыз, биік болыңыз қайтсе қолда бар алтынды тот бастырмай, тоздырмай ұстай біліңіз дейміз
Шынар БЕКМАҒАНБЕТҚЫЗЫ.