РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
ӨРТ-ОРМАН ЖАУЫ!
Көктемнің басталуымен өрт қауіпті маусым басталады және тәжірибе көрсеткендей, осы уақыт ішінде өрттің саны күрт өсіп кетуі құрғақ шөптің, бақыланбайтын ауылшаруашылық жемшөптің жануына және халықтың жаппай табиғатқа шығуына байланысты (қаралмаған орындарда от жағу, ашық отты абайсыз пайдалану және т.б.). Ормандарды қорғауда орман өрттерімен күресуге және өрттің алдын алу шараларына көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын «Көкшетау» МҰТП РММ өрт қауіпті маусымына дайындық жүргізіледі: өртке қарсы негізгі шаралар облыс Әкімдігімен және Төтенше жағдайлар департаментімен келісіледі, «Көкшетау» МҰТП РММ филиалдарында өртке қарсы техниканың, шанцты құралдың алдын алу жұмыстары жүргізілуде, ауылшаруашылық құрылымдармен екі жақты келісімдер жасалады, мектептерде және мекемелерде әңгімелесулер жүргізіледі, сондай-ақ қар жамылғысы еріген кезде өткен жылғы шөпті бақылап өрттейді.
Құрметті азаматтар! Өрт қаупі бар маусымның басталуымен Сізден орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз: от жағу үшін қаралмаған жерлерде от жағуға болмайды, орманда тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Сақ болыңыз, табиғатқа түсіністікпен қараңыз. Орман өрті барлық тіршілік иелері үшін қайтымсыз апат. Сіздердің назарларыңызға орман өрті және басқа экологиялық заңнама бұзушылықтары туралы хабарлауға болатын телефон нөмірі бар екендігіне назар аударамыз: «Көкшетау» МҰТП РММ диспетчерлік бөлімі 8 (7162) 26-94-54 3шкі (119).