РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
№ 36 «Смольная шоқысы» ТУРИСТІК МАРШРУТЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
- Негізгі географиялық пункттердің атауы: Визит-орталық — шаңғыроллерлік трасса — «Смольная» шоқысы – орман соқпағы – шаңғыроллерлік трасса – Визит- орталық.
- Қозғалыс түрі бойынша – жаяу
- Маршрут ұзақтығы: 3 км екі жаққа да, ұзақтығы 1 сағат 30 мин, аялдамаларды ескере отырып.
- Соқпақтың қысқаша мінездемесі (сипаттамасы)
Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалы аумағы бойынша өтеді. Қозғалыс Визит-орталықтан басталып, оңтүстік бағытқа бағытталады. Жол бойында шаңғыроллерлік трассаға шығамыз, қозғалысты оңтүстік бағытқа жалғастырамыз.
Соқпақ аралас орман (қарағай, терек, қайың) арасымен өтеді. 1,5 км –ден соң, «Смольная» шоқысына шығамыз. Осы жерден Зеренді көлі және орманға әдемі көріністі көре аламыз.
Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды. Көл ұзындығы – 5,3 км, ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде ені 100-150 м қамыс өсіп кеткен.
Соқпақ биіктігі теңізден 420 м құрайды. «Смольная» шоқысына шыққаннан соң, орман массивінің, Зеренді көлінің, «Зеленый мыс» жартылай аралының әдемілігін тамашалай аласыздар, жақын маңда «Медведка» шоқысы орналасқан.
5. Соқпақ сызбасы.
6. Шартты белгілер: