[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

№ 45 «Жасыл мүйіс» ТУРИСТІК МАРШРУТЫНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ

  1. Негізгі географиялық пункттердің атауы: «Жасыл мүйіс» ж/арал БӨП — «Орман жұмбақтасы» — «Жасыл мүйіс» шоқысы — «Голова акулы» — орман алқабы — «Жасыл мүйіс» ж/арал БӨП.
  2. Қозғалыс түрі бойыншажаяу
  3. Маршрут ұзақтығы: 2,8 км екі жаққа да, ұзақтығы 2 сағат 00 минут, аялдамаларды ескере отырып.
  4. Соқпақтың қысқаша мінездемесі (сипаттамасы):

Соқпақ «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының аумағы арқылы өтеді. Қозғалысы «Жасыл мүйіс» жартылай аралының БӨП асфалтты жол бойынша басталады кейін жүру барысында оңтүстік-батыстан табиғи тастан құралған «Орман жұмбақтасына» қарай бағыт аламыз, оның жанында біраз демалып,фотоға түсеміз.

Кейін жол бойынша «Жасыл мүйіс» шоқысына қарай қозғалысты жалғастырамыз. Шоқының төменгі жағында біраз демалып алып, «Жасыл мүйіс» шоқысына көтерілеміз. 

Шоқыға шыққанған кейін, «Зеренді» көлінің әсем табиғатын, оның жағажайында орналасқан орман массивін және демалыс объектілерін көре аламыз.

Зеренді көлі Зеренді тауының солтүстік-шығыс беткейлерінің жанында орналасқан,Зеренді көлінің максималды тереңдігі 8,5 м құрайды, орташа тереңдігі – 1.8 м. Теңіз деңгейінен оның үстінің абсолютты белгісі 370,4 м құрайды. Көл ұзындығы – 5,3 км,  ені – 3,4 м, көп жылғы кезеңге айнасының максималды алаңы орташа алғанда – 10км², жағалау желісінің ұзындығы – 21,3км. Көл үсті барлық жерде ашық, тек батыс бөлігінде ені 100-150 м қамыс өсіп кеткен. Көлдің түбі негізінен жазық, жұмар тасты және қойтасты.

Шоқыдан түскеннен кейін «Голова акулы» жартасты құрылымға келеміз, ол жерде біраз демаламыз. Демалыстан кейін, оңтүстік-батыс бағытта орман алқабына қарай жүреміз.

Кейін   «Жасыл мүйіс» жартылай аралының БӨП асфальтты жолы бойынша қозғаламыз.Маршрут автокөлікпен Визит орталығына бастапқы нүктеге оралумен аяқталады.

  1. Соқпақ сызбасы.

6. Шартты белгілер: