РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Арықбалық филиалы
Арықбалық филиалы Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында орналасқан. Филиалдың жалпы көлемі 257358 га.
Арықбалық филиалы Қарауылтөбе (бұрынғы Горное), «Лейксовское», «Нижне-Бурлукское», Торғай орманшылықтарынан тұрады. Кеңсенің орналасқан жері- Горный к. Географиялық координаттар: Гринвичтен шығыс ұзындығы 67031 – 68040 және Солтүстік ені 52030 – 53010.
Орман саяжайларын танымал ету бойынша жұмыстардың басталуы, революцияға дейінгі кезеңге жатады.
«Горная» орман саяжайы 19 ғасырдың ортасында орыс келімсектердің келуімен бірге шекарасы бөлінген.
Арықбалық орм.шар. құрамына алғаш рет енген мемлекеттік орман қорының 12 орман саяжайлары 1924-1925 жылы орман орналастырылды, бірақ материалдар сақталмаған.
1942 жылы Балкашино с. орталығында Арықбалық орманшылығы ұйымдастырылды.
Көкшетау облысытық орман шаруашылығы басқармасының 1947 жылғы 19 ақпандағы №23 бұйрығымен Арықбалық механикаландырылған орман шаруашылығы ұйымдастырылды.
1948 жылы орманшылық базасында орманшылықтарға бөлінбей, Арықбалық орман шаруашылығы ұйымдастырылды. Оның құрамына мемлекеттік орман қорының 12 орман саяжайы енді: «Весёлая», «Безводная», «Озёрная», «Тургай», «Горная», «Пролетарские ключи», «Красная», «Холодные ключи», «Остановочная», «Вишнёвая», «Лейковская» (1939-1940 жж. құрылды), «Красивая».
Бұл жылдары (1948-1954жж.) орман шарушылығының басшысы Павел Семёнович Никитин болды.
Орман шаруашылығының кеңсесі Торғай орманшылығындағы Торғай шатқалында 19 орамда Константиновка с. оңтүстік-батысына қарай 7 км жерде орналасқан болатын.
Оның құрамына мемлекеттік орман қорының 12 орман саяжайы және жергілікті маңызы бар бұрынғы ормандар кірді.
1953 жылы Қаз ССР орман шаруашылығы Министрлігінің 1952 жылғы 08 қыркүйектегі № 178 бұйрығына және Көкшетау облыстық орман шаруашылығы басқармасының №22 бұйрығына сай орман шаруашылығында үш орманшылық құралды: Торғай (11857 га), «Горное» (20543 га), «Лейковское» (23810 га)
1955-1956 ж. орман шарушылығының кеңсесін «Горное» орманшылығының №22 орамы, «Горное» шатқалына ауыстыру жобаланған.
Орман шаруашылығының кеңсесін ауыстыру мақсаты, тұтынушыларға қызмет көрсету үшін, Арықбалық аудандық орталығына жақын болу, банкпен, поштамен, тегеграфпен және барлық аудандық ұйымдармен байланыста болу, орман шаруашылығыда орналасқан негізгі орман алаптарының орталығына және Тахтаброд- Көкшетау грейдерлік жақсартылған жолына тікелей жақындықта болу.
Орман шауашылығының бұрынғы директоры Павел Семёнович Никитиннің бастамасы бойынша Горный кентінің құрылысы басталды.
1954 жылдың жаз кезеңінде орман шаруашылығының жаңа мекенінде 4 үйдің құрылысы басталды.
Бұл жылдары (1954– 1959 жж.) орман шаруашылығының баспшысы Антон Трофимович Охрименко болды.
1957 жылы Қаз ССР Кеңес Министрлігінің 1957 жылғы 19 қыркүйектегі қаулысына сай орман шарушылығының құрамына колхоздар мен совхоздардың ормандары енді, олардың базасында дағы бір «Нижне-Бурлукское» орманшылығы құрылды.
1959 жылы Қаз ССР ауыл шаруашылығы Министрлігінің 1959 жылғы 12 наурыздағы бұйрығына сай «Красная» и «Холодные ключи» мемлекеттік орман саяжайлары «Озёрный» орман шаруашылығына берілді.
(1959 – 1966 жж.) орман шаруашылығының басшысы Каскен Баймышевич Баймышев болды.
1966-1973 жж. орман шаруашылығының басшысы Валентин Павлович Шепелев, ал 1973-1985 жж. Иван Антонович Славинский болды.
1988 жылы үш орм.шар. (Арықбалық, «Рузаевское», «Озерное») базасында Арықбалық орман шаруашылығы өндірістік кәсіпорыны құралды.
1996 жылы ҚР Үкіметінің 1996 жылғы 10 сәуірдегі №415 қаулысы негізінде Арықбалық ОШӨМ орман қоры жерлері және ауылшаруашылық пайдаланушыларының жерлері базасында, жалпы көлемі 52735 га, «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Арықбалық аймақтық бөлімшесі ұйымдастырылды.
«Көкшетау» МҰТП АБ басшысы болып (1985-2013жж.) 1983 жылы Арықбалық орман шаруашылығында орман күтуші, кейін директор болып жұмыс істеген Павел Петрович Гайдамович тағайындалды.
«Көкшетау» МҰТП мемл.мекемесі өзінің 2006 жылғы 29 қарашадағы №77 бұйрығымен Арықбалық аймақтық бөлімшесінің атауын ҚР ауыл шаруашылығы Министрлігі орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті «Көкшетау» МҰТП мемл. Мекемесі Арықбалық филиалы болып өзгертуді жасады.
«Көкшетау» МҰТП мемл. мекемесінің 2013 жылғы 20 мамырдағы №61 бұйрығына сай Арықбалық филиалының атауы- ҚР қоршаған ортаны қорғау Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалы болып өзгертілді.
«Көкшетау» МҰТП мемл. мекемесінің 2014 жылғы 04 қарашадағы №122 бұйрығына сай Арықбалық филиалының атауы- ҚР ауыл шарушылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалы болып өзгертілді.
«Көкшетау» МҰТП мемл. Мекемесінің 2015 жылғы 03 шілдедегі №63-ө бұйрығына сай ҚР ауыл шарушылығы Министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы Комитеті «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының ережесі бекітілді.
«Көкшетау» МҰТП Мемл. мекемесінің 2019 жылғы 27 тамыздағы №175-ө бұйрығына сай ҚР экологи, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі Комитеті «Көкшетау» МҰТП РММ Арықбалық филиалының ережесі бекітілді.
2013 жылдан бастап 2020 жылға дейін филиал директоры — Ларионов Леонид Юрьевич.
Өзінің еңбек қызметін 2004 жылдан «Көкшетау» МҰТП АБ орманшы-қорықшы ретінде бастады.
Өткен 7 жыл ішінде Арықбалық филиалы орман шаруашылық, туристік, ғылыми, биотехникалық, орман қорғау, орман дақылдарын отырғызу іс-шараларында, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін көбейту және сақтауда үлкен жетістіктерге жетті.
2022 жылдың 26 тамызынан бастап директор болып Мукушев Бота Сенбаевич тағайындалды
Арықбалық филиалы ландшафт бойынша мемлекеттік парктің көркем учаскесіне жатады.
Осында Имантау, «Куспек», «Жаксы-Жангызтау», «Баян», «Логовое» тұшшы көлдер орналасқан. Төрт кішене өзендер ағады: «Бабык-Бурлук», «Акан-Бурлук», «Кара-Су» және «Горная».
Халық арасында орман бұзушылықтарынан және ормандарды өрттен сақтау бойынша үнемі үлкен түсіндіру жұмысы өткізіледі, ескертетін және тыйым салатын аншлагтар орнатылады.
Қарауылтөбе орманшылығында көлемі 16,0 га, жасылдандыру және орман дақылдарын отырғызу үшін ағашты-бұталы тұқымдылардың көшеттерін және екпелерін өсіруге арналған, тұрақты орман тұқымбағы бар,
Филиалдың барлық аумағы (52735 га) аймақтарға таралған:
– шектеулі шаруашылық қызметінің 37112 га.
– қорық режимінің 4988 га.
– туристік және рекреациялық қызметінің 8158 га.
– экологиялық тұрақтанудың 2477 га.
Филиал аумағында 7 МОС орналасқан – 23693 га:
- МОС «Горная» – 2903 га.
- МОС «Пролетарские ключи» – 862 га.
- МОС «Лейковская» – 12629 га.
- МОС «Безводная» – 2082 га.
- МОС «Веселая» – 2836 га.
- МОС «Тургайская» – 961 га.
- МОС «Озерная» – 1420 га.
Филиал аумағында республикалық маңызы бар 4 табиғат ескерткіші бар: «Қазан жартасты шөгінділер, «Имантау көлінің аралы», «Көне алап», «Шолғыншы шоқысы».
1999 жылы Шапырашты Қарасай және Арғын Ағынтай батырларға кесене ашылды. Бұл жыл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылы деп жарияланды.
Арықбалық филиалының еңбек және өндіріс ардагерлері – А.А.Зальцман, А.В. Алимбаев, А.И.Морин, В.А.Зауэр, В.Э.Август, М.Ф.Искра, Л.Д.Шалдунова, К.А. Даулетова, Ю.Ф.Зальцман, Т.Д.Круч, М.А.Потибенко, М.А.Баклыкова, В.И. Морин, В.С.Степаненко, Ф.А.Канчер, Н.П.Шалдунов, И.Е.Никитов, О.Ф.Истурко, П.М.Кушнир, Е.Е.Воронина және т.б.
Филиалдың дамуына үлкен үлес қосқан, өз ісінде өте білімді мамандар, қазіргі уақытта жұмыс істемесе де, жас орман мамандары арасында құрметті адамдар, бұл:
П.П.Гайдамович, Р.М.Потибенко,В.А.Шенкаренко,М.Ф. Искр, А.И. Морин, О.В.Егорова, Н.В.Белакова, В.В.Генкель, Г.Е.Кузнецов, О.Ю.Чернявский.
Сондай-ақ Арықбалық филиалының ұжымында жоғары деңгейлі және жұмыс өтілі үлкен мамандар бар, олар: Кононенко Т.В., Ларионов С.М., Стогниев А.Н., Морин А.А., Абиров Б.Ж., Маканов К.Т., Маркасьян А.В., Амангужанов Д.И., Мартынов А.А., Круч О.Т., Красников В.В., Куц И.С., Жусупов М.Д., Мартыненко В.Н., Самсонов П.Г., Калиев А.К., Аипов З.М., Стригун Д.А., Чернявский В.А., Рыжков А.А., Алексеев Э.В.