РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
САЯБАҚТАР БАТТЫ-2023
2023 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасында «Парктер шеруі — 2023» жыл сайынғы табиғат қорғау акциясы басталды.
Акцияның мақсаты бірегей табиғи кешендерді және объектілерді сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, ұлттық парктер мен қорықтардың беделін көтеру, оларға нақты көмек көрсетуі болып табылады.
«Парктер шеруі» барысында ұлттық парктер, резерваттар, қаумалдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдау мақсатында еріктілер көмегі акциясын, тақырыптық көрмелер, балалар экологиялық іс-шаралары, ашық күндер, дәрістерді, пресса жарияланымдарын, радио және телебағдарлама трансляциясын өткізеді.Осы жылы «Парктер шеруі» акциясы 3 айдан аса аралығында өткен болатын. Акция аясында БАҚ-та 33 мақала, 2 телевизия сөз сөйлеуі ұйымдастырылды https://youtu.be/eIjny6qogX4 (Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні), https://youtu.be/blb18hS0—k (Парктер шеруі), сонымен қатар әлеуметтік желілерді белсенді түрде жұмыс (Instagram, Facebook).
2023 жылдың 24 мамыр күні «Көкшетау» МҰТП РММ және Зеренді ауданының «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ арасындағы ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.Осы Меморандумның мақсаты әлеуметтік жобаны іске асыру болып табылады.Зеренді ауылдық округі жағалау шекараларындағы аумақтың апта сайынғы тазалауын өткізуге, ҚТҚ шығаруға, мобильді әжетхана кабиналарын күтіп ұстауға, жағалауды құтқару құралдарымен және т.б. қамтамасыз етуге міндеттенеді.Меморандумның әрекет мерзімі — 1 жыл, Тараптардың мүдделі болуы жағдайда алдағы ұзартуымен.
Бүгінгі таңда ең өзекті мәселе – бұл қоршаған ортаның экологиясы. Бүгін адамзат алдында табиғатқа өз қарым-қатынасын өзгерту және жаңа ұрпақты сәйкесінше тәрбиелеуді қамтамасыз ету мәселесі тұр.
Қазіргі мектепте экологиялық білім беру және тәрбие басым талабы болуы тиіс. Әркім экологиялық жағынан білімді болуы қажет. Жер ғаламшары біздің ортақ үйіміз, барлық құндылықтарды және молшылықты сақтай отырып, әр тұрып жатқан адам оған қамқорлықпен және ұқыпты қарауға міндетті.
Өскелең ұрпақта табиғатқа саналы және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында «Көкшетау» МҰТП РММ және Көкшетау қ. №21 мектеп-лицей арасында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӨЗАРА ТҮСІНУШІЛІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды.
Аталған Меморандумға сәйкес Зеренді филиалының аумағында «Восточная» демалыс базасында экологиялық десант шарасы өткізілді. Десант шарасына 9 сыныбының оқушылар қатысты. Алдағы уақытта мектеп-лицейге экологиялық-ағарту іс-әрекетін өткізуді, тарихи-мәдени мұра объектілерімен және табиғат ескерткіштерімен танысуға, білім бағдарламасына сәйкес мектеп-лицей оқушылары үшін туристік жорықтар мен экскурсияларды ұйымдастыру және өткізуді жәрдемдесуі жоспарланып отыр.Осымен бірге мектеп орманшылығы жұмысына, ғылыми конференцияларда, семинарларда, олимпиадаларда, конкурстарда және басқа іс-шараларда жәрдемдесуі болады.Осы меморандум екі тарап қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және 3 жылға жасалады.
«Парктер шеруі» кезінде ұлттық табиғаи парктің мамандары оқу орындарына барып тұрды, дәріс оқыды, әңгімелер, семинарлар, викториналар, экскурсиялар өткізді, Қазақстан табиғат сақтау жұмысында ұлттық парктердің рөлі, Қазақстан бойынша және жеке айтқанда, біздің аймағымыздың экологиялық қиындықтары туралы әңгімелер жүргізді.
Дәріс өткізу барысында МҰТП қызметкерлері ұлттық парк туралы видеофильмді көрсетті, осымен бірге оқушыларды ұлттық парктің табиғат ескерткіштерін және әдемі жерлердің суретімен брошюралар, проспектермен, буклеттермен таныстырды.Ауылшаруашылық құрылымдарда, ауылдық округ әкімдіктерде ормандарда өрттерді болдырмау және табиғатқа ұқыпты қарау туралы әңгімелер өткізілді. Барлығы 98 әңгімелер және дәріс өткізілді.
Мектептерде «Мектеп күні» акциясын өткізу барысында туған өлкенің құстарына арналған сыныптан тыс іс-шаралар және викториналар өткізілді, елді мекендерде 200 бірлік мөлшерінде құстар үйлерін орнату бойынша жұмыстар атқарылды. Балалар қанағаттана құстар үйлерін ілуге көмектесіп тұрды, кейін қауырсынды тұрғындардың қоныстануын асыға күтті.Акция қатысушыларының жалпы саны 168 адам құрады.
«Парктер шеруі» акция аралығында оқу орындарында қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті сақтауына арналған ашық сабақтар, экологиялық ойындар, танымдық жорықтар және ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 21 сәуір күні «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи парктің аумағында «Бүкілқазақстандық орман отырғызу күні» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – ормандарды қалпына келтіру және сақтау, орман байлықтарын молайту және сақтау ісінде қоғамдық мүддені дамыту. «Көкшетау» МҰТП РММ аумағында елді мекендердің көгалдандыруы өткізілді.
Арықбалық филиалының «Қарауылтөбе» орманшылығының аумағында «Көкшетау» МҰТП қызметкерлері жергілікті атқарушы органдарымен (әкімдіктер), аудан тұрғындары және мектептермен бірлесіп, 200 дана — кәдімгі қарағай көшеттері отырғызылды. Зеренді ауылдық округінің 3 га жерлерінде 9000 мөлшерінде кәдімгі қарағай көшеттер отырғызуы. Аталған акцияда Зеренді ТҮКШ, Зеренді ауылдық округінің әкімдігі, «Қазавиаорманқорғау» РМКК және «Көкшетау» МҰТП РММ қызметкерлері 75 адам қатысты. Красный Кордон НОМ КММ оқушылары шағын питомникте 7 дана мөлшерінде емен көшеттерінің отырғызуын өткізді.
Айыртау филиалының дендропарк аумағында қотыр қайыңның 52 дана және кәдімгі қарағай 90 дана, кәдімгі шырша 150 дана мөлшерінде көшеттер отырғызуы.Іс-шараны өткізу барысында 35 адам қатысты: мемлекеттік инспекторлар, ауылдық округ қызметкерлері, интернат тәрбиешілері және оқушылары және оның ішінде 10 оқушы. Көшеттерді отырғызу барысында жерсінуін жақсарту және оларға қажетті дұрыс қарауы үшін міндетті ережелері түсіндірілді.
Дендропарк аумағында қызметкерлердің күшімен сенбілік өткізілді, құрғақ, сынылған және қажетсіз ағаштар, бұталар, қоқыс шығарылды.Іс-шараны өткізуде филиалдың қызметкерлері және жұмысшылары, барлығы 6 адам қатысты.
Осымен бірге филиалдар және мектеп қызметкерлері бірлескен жұмысы кезінде «Таза жағалау» акциясы өткізілді, осының нәтижесінде акция қатысушылары Зеренді, Имантау және Шалқар көлдерінің жағалау жолақтарын, жағалау маңындағы аумақтарды қоқыстан тазалады.Айыртау филиалының аумағында Кұмдыкөл және Ақбас көлдерінің жағалауын тазалады. Акцияға мемлекеттік инспекторлар – филиал қорықшылары қатысты. Жалпы 1,7 т қоқыс жиналды және шығарылды.
Бүгін мектеп – бұл білім беру мекемесі, бұнда әсірессе экологияға бағытталған саланы бөлек белгілеуге болады, дәл осы уақытта ол жұмыстың әр саласына біріктірілген түрде кіреді, себебі қазіргі тұлғаны қалыптастыратын зияткерлік, шығармашылық және өнегелік тәрбиеге үлкен әсер тигізеді.Балаларды табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға үйрету қажет.
№1 Саумалкөл орта мектебінде «Орманда мінез-құлық ережелері», «Құстар күні», «Орманды өрттен сақтаңыздар», «Парк құстары» тақырыбына әңгімелер және «Құстар туралы жұмбақтар», «Дәрілік өсімдіктерді танып біліңіз» тақырыбына викториналар және «Орманда қалай өзін ұстау керек», «Солтүстік Қазақстан облысының Ұлттық паркі» тақырыбына дәрістер өткізілді.
Балалар ойынға қуана қатысып, өсімдіктерді білу және ерекшеліктер білімін жақсы көрсетті. Викторинаның өзі оқушылар табиғатқа қызығушылық танытатынын және ағаштарды және шөптерді, олардың белгілерін жақсы білетінін көрсетті. Барлығы 65 адам жұмылдырылды, 3,4,5-6 сынып оқушылары және оқытушылар.
Мұражайларда және Визит-орталықта аудандық мектеп оқушыларымен және М.Қозыбаев атындағы СҚО ҰАҚ студенттерімен 12 экскурсия өткізілді.
Саумалкөл қазақ мектебінде экологиялық акция және оның ұлттық парктер үшін маңыздылығы туралы дәрістер өткізіліп тұрған, 2,3.4 сынып оқушылары Қазақстан Республикасының ұлттық парктерімен және олардың мақсаттарымен таныстырылды.Өсімдіктер, құстар және жануарларға туралы әртүрлі тақырыптарға арналған жұмбақтар, ойындар, викториналар өткізілді.
Барлығы аталған мектепте акция өткізіген уақытта 3,4 сыныптарының 56 оқушысы және оқытушылар қатысты.
Елецк орта мектебінде «Қазақстан Ұлттық паркі», «Орманды өрттен сақтаңыздар», «Парктер шеруі 2023», «Парк құстары» тақырыбына әңгімелер өткізілді. Өсімдіктер, құстар және жануарлар туралы жұмбақтар, ойындар, викториналар өткізілді. Балалар ойынға және викторинаға белсенді қатысты, табиғат, ағаштар, шөптер туралы өз білімдерін көрсетті. Барлығы 33 адам қатысты, 3,4 сынып оқушылары және оқытушылар.
Барлық аталған мектептерде оқушылар жақсы білімдер көрсетті және балалар біздің табиғатымыздың болашағына бей-жай қарамайтынын білу бізге өте қуанышты болды, викториналар, ойындар, жұмбақтарды өткізу қорытындысына орай грамоталармен марапатталды.
Красный Кардон орта мектебінде Зеренді филиалының қызметкерлерімен «Құстардың пайдасы», «Парктер шеруінің тарихы», «Орманда мінез-құлық ережелері», «ЕҚТА ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелері» табиғат қорғау тақырыбына әңгімелер өткізілді. «Құстар күні» акциясы өткізілді, ауылдың аумағында 10 дана мөлшерінде құстар үйі ілінді, акцияға 18 адам қатысты.
Шалқар, Альжан, Лобаново орта мектептерінде Шалқар филиалының мемлекеттік инспекторларымен оқушылармен ағаш және шөпті өсімдіктердің әртүрлі түрлерінің ерекшеліктер біліміне, «Орманда өрт қауіпсіздігі», «Құстар күні», «Ағашты қалай отырғызу керек» тақырыбына дәрістер өткізілді.
Оқушыларға орманда, су объектілерінде, жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау кезінде дұрыс мінез-құлық туралы нұсқаулық түсіндірілді.Белсенді қатысушылар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.
Айыртау ауданының Имантау орта мектебінің негізінде «Қарағай орманы» орманшылығы жұмыс жасайды. Зеренді филиалының мемлекеттік инспекторларымен Зеренді ауданының Бәйтерек негізгі мектебі және Красный Кордон негізгі мектебінің негізінде жұмыс жасайтын мектеп орманшылықтарымен белсенді жұмыс жүргізіледі.Оқушылар ерте жасынан бастап туған өлкені көгалдандыруына, құмырсқаларды қоныстандыру, құстар үшін үйлерді ілумен «Құстар күні», «Чистые берега» акцияларына қатысады, бұл өз жағынан табиғатқа ұқыпты қарауына үйретуде, өскелең ұрпақтың экологиялық тәрбиедегі маңызы зор.
Ұлттық парктің барлық филиалдарында белсенді түрде «Біз пластикке қарсымыз» республикалық челенджі өткізілді, бұған оқушылар, студенттер, ұлттық парктің мемлекеттік инспекторларымен бірлесе ауылдық округігің әлеуметтік қызметкерлері қатысты. Осы күні акцияның барлық қатысушылары табиғатттың сақталуына өз үлесін қосты, көлдердің жағалау маңындағы аймағы табиғи және тұрмыстық қоқыстан тазартылды. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат көрсетілді.
Табиғат қорғау акцияның щенберінде ұлттық парктің дирекциясында және филиалдарда экология және табиғат қорғау тақырыбына конкурстар өткізілді. Конкурсқа өз шығармаларын, тақпақтарын, суреттер және қол бұйымдарын көрсеткен ауылдық және қалалық мектептер оқушылары қатысты.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары балалардың экологиялық мәселелерге қызығушылығын ғана көрсетпей, олардың уайымына ортақ болуын, туған өлкесіне махаббатын және тірі табиғатқа ұқыпты қарым-қатынасын көрсетті.
Дирекцияның қызметкерлері Қокшетау қаласының №1 мектеп гимназия КММ негізінде «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясының ресми аяқталуын өткізді. «Көкшетау» МҰТП РММ бас директор Ербол Болатович Сагдиев барлық оқушыларды оқу маусымының аяқталуымен құттықтады және аталған акцияға белсенді қатысқаны үшін барлық жалпы білім беру мектептеріне, лицейлерге, гимназияларға өз алғысын білдірді. Үздік жұмыстар «Көкшетау» ұлттық табиғи парк атынан естеліксыйлықтармен және құрмет грамоталармен белгіленді.
ҚР 10.04.1996 жылғы № 415 Үкімет Қаулысымен «Көкшетау» МҰТП 8 көл бекітілді.Туристік маусымда «Көкшетау» ұлттық парктің аумағына жылсайын 50 мыңнан аса демалушылар келіп тұрады. Мұнда Қазақстанның жақын шетелден және басқа аймақтардан туристер келіп тұрады. Бірақ кейбір демалушылар табиғатқа ұқыптылықпен қарай бермейді, кейде олар өте көп қоқысты қалдырады. Себебі ұлттық парктің көлдерінде көп демалушылар жиналады, «Таза жағалау» акциясы туристік маусымның басында және аяғына қарай жүргізіледі.
Бізді қоршап жатқан қорық жерлерін сақтауды әркім
Айналамыздағы қорық орындарының сақталуына әркім қамқорлық жасай алады.Бұл үшін табиғатқа махаббатпен қарау, қамқорлыпен қарау және сақтау жеткілікті. Көбі бұл туралы ойламайды, орманда өзінің артынан қалған қоқысты, сөндірілмеген отты, темекіні қалдырады, осының арқасында табиғатқа түзелмейтін зиян келтіреді және бізді қоршап жатқан әсемді ойламай бүлдіреді.Бұның бәрін болдырмау үшін «Парктер шеруі» акциясы пайда болуда.