[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

06.03.2026

8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымды нығайтып, дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ерекше алғысымызды білдіреміз

8 наурыз мерекесі қарсаңында ұжымды нығайтып, дамыту жолында аянбай еңбек етіп жүрген жандарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
     Ахметова Фавзия Газизовна «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде оның құрылған күнінен бастап дерлік еңбек етіп келеді. 1997 жылдан бері ол парктің қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысып, өз қызметін адал атқарып келеді.
    Кәсібилігі, жауапкершілігі мен принципшілдігі мекеменің кадрлық саясатының берік негізіне айналды. Жүйелі әрі сауатты жұмысының нәтижесінде кадрлық үдерістердің нақты ұйымдастырылуы, еңбек заңнамасының сақталуы, ұйымшыл әрі тиімді ұжымның қалыптасуы қамтамасыз етілуде. Ол парк ұжымының кадрлық құрамын жасақтаудың бастауында тұрып, кәсіби әрі тұрақты команданың құрылуына елеулі үлес қосты.
      Фавзия Газизовна қызметкерлердің біліктілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту және қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Оның кадрлық әлеуетті дамытуға қосқан үлесі – мекеменің тұрақты әрі табысты қызметінің маңызды бөлігі.
     Жылдар бойғы еңбегі үшін ол әріптестерінің шынайы құрметіне, басшылықтың сеніміне ие болып, тәжірибелі, байыпты әрі білікті маман ретінде жоғары беделге қол жеткізді.