РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Қызыл кітап
Құстар
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі орнитофаунасының түрлік құрамы қарағай ормандары мен сулы-батпақты алқаптармен жабылған Қазақтың ұсақ адырлы ормандарының табиғи жағдайларының алуан түрлілігі есебінен бай және алуан түрлі. Бұл табиғи-климаттық жағдайлардың әртүрлілігі аймақтың жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін, соның ішінде орнитофаунаның әртүрлілігін анықтайды.
«Көкшетау» МҰТП орнитофаунасының 219-ден астам құстары бар, олардың арасында ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлер (сұңқылдақ аққу, қарақұс , бүркіт, аққұйрықты субүркіт, ақбас тырна, безгелдек, балықшы тұйғын, үкі, сұр тырна).
Өсімдіктер
ҒЗЖ Жоспарына сәйкес 2021 жылдан бастап 2025 жыл аралығында «Көкшетау» МҰТП РММ аумағында сирек кездесетін өсімдіктердің таралуын зерттеу» тақырыбына зерттеу жүргізілді.
Қазіргі таңда зерттеу 62115,8 га ауданында өткізілді, 5604,8 га ауданында Қызыл Кітапқа енгізілген және сирек кездесетін өсімдіктер анықталды.
Аумақты зерттеу нәтижесінде сирек кездесетін өсімдіктердің фаунасы 53 түрін құрады, соның ішінде Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдіктердің 14 түрі:
-
Ашық құндызшөп (Pulsatílla pátens)
-
Сарғылт құндызшөп (Pulsatilla flavescens)
-
Еділ жанаргүлі (Adónis wolgénsis)
-
Көктем жанаргүлі (златоцвет) (Adonis vernalis)
-
Фукс бармақтамыры (Dactylorhīza fūchsii)
-
Шатыршы қысшылшөп (Chimáphila umbelláta)
-
Бұғы кладониясы (Cladonia rangiferina)
-
Ақ су лалагүл (Nympháea álba L.)
-
Қос жапырақты жұпаршөп (Platanthera bifolia)
-
Батпақ жылантамыры (Epipáctis palústris)
-
Дөңгелек жапырақты шықшөп (Drósera rotundifólia)
-
Бақпақты қзанақ ( Lédum palústre)
-
Қау боз (Stipa pennata)
-
Жалпақ шымтезек (Sphagnum teres)





