РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
САЯБАҚТАР НАУРЫЗЫ-2024
2024 жылдың наурыз айынан Қазақстан Республикасында «Парктер шеруі — 2024» жыл сайынғы табиғат қорғау акциясы басталды.
Акцияның мақсаты бірегей табиғи кешендерді және объектілерді сақтаудың өзекті мәселелеріне қоғамдастықтың назарын аудару, ұлттық парктердің және қорықтардың беделін арттыру, оларға шынайы түрде жәрдемдесу болып табылады.
«Парктер шеруі» барысында қорықтар, ұлттық парктер, резерваттар, қаумалдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қолдай отырып, еріктілер көмегі акцияларын, тақырыптық көрмелер, балалар экологиялық іс-шаралар, ашық есіктер күндерін, дәрістерді, баспасөздерде жарияланымдарды, радио және телетрансляцияларды жүргізеді. Осы жылы «Парктер шеруі» акциясы 3 айдан аса өткен болатын. Акция щенберінде БАҚ-да 30 мақала, телевидения арқылы 4 сөз сөйлеу ұйымдастырылды https://youtu.be/URfQABBg8uA?si=pyk_5f3J5TdnrUYP (Парктер шеруінің жабылуы), https://youtu.be/pL3HBl2t8QE («Таза Қазақстан» акциясы), https://youtu.be/eT-HdzxrQN0?si=-Hk6FixZO8m6suaJ (Өрт қауіпті кезеңіне дайындық) https://youtu.be/DXdATGx8qlc?si=o-79aCqgzKAhIJO- (СҚО Имантау) сонымен қатар әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook) белсенді жұмыс жүргізіліп отырды.
Өскелең ұрпақта табиғатқа деген саналы және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың маусым айында «Көкшетау» МҰТП РММ және Көкшетау қ. №17 мектеп гимназия арасында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ ӨЗАРА ТҮСІНУШЛІК ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМЫНА қол қойылды.
Алдағы уақытта мектеп гимназияға экологиялық-ағарту әрекетін өткізу, тарихи-мәдени мұра объектілері және табиғат ескерткіштерімен танысу, білім беру бағдарламасына сәйкес мектеп-гимназияның оқушылары үшін экскурсиялар және туристік шерулерді ұйымдастыру және өткізу үшін жәрдемдесуі жоспарланған.Сонымен қатар, мектеп орманшылығының жұмысына, ғылыми конференцияларда, семинарларда, олимпиадаларда, конкурстарда және басқа іс-шараларда жәрдем көрсетіледі. Қазіргі меморандум екі тараптың қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«Парктер шеруі» аралығында ұлттық табиғи паркінің мамандары оқу орындарына келіп отырды, дәріс оқыды, әңгімелер, семинарлар, викториналар және экскурсияларды өткізді, Қазақстанның табиғатын сақтау ісінде ұлттық парктердің рөлі, Қазақстан бойынша жалпы және жеке түрде біздің өңіріміздің экологиялық мәселелері туралы әңгімелер жүргізді.
Дәріс өткізу барысында МҰТП қызметкерлері ұлттық парк туралы бейнефильм көрсетті, сонымен қоса, оқушыларды ұлттық паркінің табиғат ескерткіштерімен және әдемі жерлердің суреттері бейнеленген брошюралармен, буклеттермен таныстырды.Ауылшаруашылық құрылымдарда, ауылдық округ әкімдіктерде осыған қоса табиғат ұқыпты қатынас және ормандарда өрттерді болдырмау туралы әңгімелер жүргізілді.Барлығы 104 әңгіме және дәріс өткізілді.
«Құстар күні» акциясын өткізу барысында қалалық және аудандық мектептерде туған өлкенің құстарына арналған викториналар және сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, елді мекендерде 300 бірлік мөлшерінде құстар үйшігін орнату бойынша жұмыстар орындалды. Балалар қуанышқа бөленіп, құстар үйін ілді, кейін қанаттылардың үйшіктерге көшуін асыға күтті. Акция қатысушыларының жалпы саны 174 адам құрады.
«Парктер шеруі» акциясы аралығында оқу орындарында қоршаған ортаны қорғау және биоәралуандылықты сақталуына арналған ашық сабақтар, экологиялық ойындар, танымдық шерулер және ғылыми-тәжірибелік конференциялар жүргізілді.
Ағымдығы жылдың сәуір айында «Көкшетау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты – орман байлығын арттыру және сақтау ісінде қоғамдық қызығушылықты дамыту, ормандарды қалпына келтіру және сақтау. «Көкшетау» МҰТП РММ аумағы бойынша елді мекендердің көгалдандыруы ұйымдастырылды.
Арықбалық филиалының «Қараултөбе» орманшылығының аумағында «Көкшетау» МҰТП қызметкерлерімен жергілікті атқарушы органдарымен (әкімдіктермен), мектептермен және аудан тұрғындарымен бірлесе кәдімгі қарағай көшеттерінің отырғызуы өткізілді – 29 дана. Зеренді ауылдық округінің жерлерінде 4000 дана мөлшерінде кәдімгі қарағай көшеттерінің отырғызуы.Аталған акцияға Зеренді ТҮКШ, Зеренді ауылдық округінің әкімдігі және «Көкшетау» МҰТП РММ қызметкерлері жалпы 50 адам қатысты.
«Таза Қазақстан» акциясы щенберінде Айыртау филиалының дендропарк аумағында ем арша көшеттерінің отырғызуы және аудан мектептерінің учаскелерінде 200 дана мөлшерінде кәдімгі қарағай, 150 дана кәдімгі шырша көшеттерінің отырғызуы өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында 55 адам қатысты: мемлекеттік инспекторлар, ауылдық округ қызметкерлері, оқушылар және интернат тәрбиеленушілері және с.і. 10 оқушы.Көшеттері отырғызу барысында бейімделуді жақсарту және оларға қажетті дұрыс күтім туралы міндетті ережелер айтылды.
Дендропарктің аумағында сенбілік өткізілді, жұмысшылардың күшімен құрғақ, сынылған және қажетсіз ағаштар, бұталар және қоқыстар жиналды. Іс-шараны өткізуге 8 адам қатысты, филиалдың қызметшілері және қызметкерлері.
Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні Шалқар филиалы кеңсесінің аумағында кәдімгі қарағайдың 10 көшеттері, Ақан сері атындағы орманшылығында 5 көшеттері және 5 көшеттері Шалқар орманшылығында отырғызылды.
«Көкшетау» МҰТП мамандарымен бірлесе Көкшетау қаласының мектептер аумақтарында 27 дана мөлшерінде көшеттер отырғызылды.Мектеп түлектері «Өз ағашыңды отырғыз» дәстүр бойынша белсенді қатысты, кейбір мекемелердің мектеп аумақтарында түлектер үшін жеке аллеясы орналасқан.
Сонымен қатар, филиалдар және мектеп қызметкерлеріні бірлескен жұмысы кезінде «Таза жағалау» акциясы өткен болатын, сондай-ақ «Таза Қазқстан» табиғат қорғау акциясы щенберінде акция қатысушыларымен Зеренді, Имантау және Шалқар көлдерінің жағалау жолақтары, жағалай аймақтары қоқыстан тазартылды.Айырату филиалының аумағында Құмдыкөл және Ақбас көлдерінің жағалауын жинады, бұлақты тазартты. МТЗ-82.1 – 3 бірлік және бір тіркеме, УАЗ фермер – 2 бірлік, Нива-3 бірлік техникасы жұмылдырылды. Акцияға 328 адам қатысты. Барлығы 5,5 тонна қоқыс жиналды және шығарылды.
Айыртау филиалында мемлекеттік инспекторлар барлық аудандық мектептерде әңгімелер өткізді, табиғаттың сұлулығы және көбелектердің әралуандылығы туралы дәріс оқыды, «Табиғат білімпаздары», «Құстар күні» тақырыбына ашық сабақтарға және викториналарға, «Ормандардағы мінез-құлық ережелері» атты викториналарға қатысты. Барлығы 148 оқушы белсенді қатысты.
Арықбалық филиалының аумағында мемлекеттік инспекторлар мектептер бойынша әңгімелер және дәрістер өткізді, құс үйлерін ілді (80 дана құс үйлері дайындалды), көшеттерді отырғызды, «Таза жағалау» экологиялық акциясына белсене қатысқан 127 оқушыларды және мұғалімдерді жұмылдырды. Табиғат мұражайларына экскурсиялары ұйымдастырылды, мұражайды бастауыш сыныптарының оқушылары келді – 5 адам.
Шалқар филиалында орман қорғау қызметінің қызметкерлерімен ауылдық мектеп оқушыларымен, «Зейнеп» жоғары колледжінің студенттерімен (Лобаново а., Айыртау а.,) «Әр құстың өз үйі» акциясы бойынша 100 дана мөлшерінде құс үйлері ілінді. Оқышыларға келесі тақырыптар бойынша әңігімелер жүргізілді: жаһандық экологиялық мәселелері, «Парктер шеруі» тарихы, ормандағы мінез-құлық ережелері, орманда өртті болдырмау ұқыпты қарым-қатынасы.ЕҚТА туралы дәрістер оқылды. Сонымен бірге ауылдық округ тұрғындары, ауылшаруашылық құрылымдары арасында өрт қауіпсіздігі және орманда мінез-құлық ережелері туралы әңгімелер жүргізілді. Көлдердің жағалауларында «Таза жағалау» акциясы өткізілді, бұнда мектеп оқушылары, ауылдық әкімдігінің әлеуметтік қызметкерлері және «Зейнеп» жоғары колледжінің студенттері қатысты, 1800 кг мөлшерінде ҚТҚ қоқыс 3 тіркемемен шығарылды. Лобаново көлінің жағалауында ауылдық әкімдігімен, Лобаново орта мектебінің оқушыларымен, «Зейнеп» жоғары колледжінің студенттерімен бірлесе «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді және 500 кг ҚТҚ жиналды.
Зеренді филиалының аумағында «Құстардың пайдасы», «Парктер шеруі тарихы», «Орманда мінез-құлық ережелері», «ЕҚТА ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелері» табиғат қорғау тақырыбына аудан оқушыларымен әңгімелер жүргізілді. «Әр құстың өз ұясы және астауы» акциясы өткізілді, Красный Кордон ауылының аумағында 5 дана мөлшерінде құс үйлері ілінді, 25 оқушы қатысты. Мектеп оқушылары үшін Визит-Орталықта 5 экскурсия ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясы щенберінде Красный кордон ауылының орта мектеп оқушыларымен бұлақтың жағалауында сенбілік өткізілді. Барлығы 45 адам қатысты. «Таза Қазақстан» акциясы барысында филиалдың қызметкерлері бұлақтарды, Мұражай үйінің аумағын және Зеренді-Красный Кордон трассасын тазалады.
Орманды бұлақ филиалы 19 дәріс оқыды және 15 әңгіме жүргізді. Сондай-ақ «Табиғатты аялаңдар», «Құстарды аялаңдар», «Құстар күні» атты тақырыптық сағаттар жүргізілді, құс үйлері дайындалып, оқушылармен ілінді, олардың ата-аналары белсенді қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 25 адам. «Таза Қазақстан» акциясы аясында Қарсақ ауылында экологиялық субботник өткізілді. Жалпы 14 адам қатысты. ҚТҚ көлемі 0,3 м3 .
Көкшетау қ. жалпы білім беру мекемелері арасында осындай мектептер белсенді түрде қатысты:
№1,№2,№3,№4,№5,№7,№9,№10,№11,№12,№13,№14,№16,№17,№19,№21, сонымен бірге жақын маңайдағы кенттер мектептері: Чайкино к., Станционный к., Красный Яр а. ЭКО-КВН, экологиялық ойындар, викториналар және т.б. өткізілді, Ұлттық парктің қызметкерлері Шоқан Уәлиханов ат. университеті және Бөкетов ат. Қарағанды университетінің студенттері арасында дәрістер оқыдыжәне әңгімелер жүргізді. Жалпы 25 дәріс және әңгіме жүргізілді. Акция аяқталғаннан кейін қатысушылар «Табиғатты бағала – болашағыңды сақта!» ұранымен әр түрлі өтінілген номинациялар бойынша өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Ағымдағы жылдың мамыр айында «Көкшетау» МҰТП дирекциясы және филиалдары «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясын қорытынды нәтижелерін келтірді.
«Парктер шеруі -2024» табиғат қорғау акциясының ресми жабылуы Көкшетау қаласының №1 мектеп гимназия КММ негізінде өткен болатын. «Көкшетау» МҰТП РММ бас директорының орынбасары Талғат Сейфоллаұлы Мухамадиев барлық оқушыларды оқу маусымының аяқталуымен құттықтады және аталған акцияға белсенді қатысқан барлық жалпы білім беру мектептеріне, лицейлерге, гимназияларға өз алғысын білдірді.Үздік еңбектер «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің атынан құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.Сонымен бірге білім бөлімінің және «Көкшетау» МҰТП РММ бірлесе болашақ ұрпақтың экологиялық тәрбиесін дамытуды қалыптастыруда өз үлесін қосқаны үшін дипломдармен жалпы білім беру мектептерінің, лицейлердің, гимназияларының директорлары және мұғалімдері марапатталды.
ҚР Үкіметінің 10.04.1996 жылғы № 415 қаулысымен «Көкшетау» МҰТП РММ атына 8 көл бекітілді.Туристік маусымда «Көкшетау» ұлтық паркінің аумағына жыл сайын 50 мыңнан аса демалушылар келіп тұрады. Осында жақын шетелден Қазақстанның басқа өңірлерден туристер келеді. Бірақ демалушылардың көбісі табиғатқа ұқыптылықпен қарамайды, олардан кейін өте көп қоқыс қалады. Себебі ұлтық табиғи паркінің көлдерінде көп демалушылар болады, «Таза жағалау» акциясы туристік маусымның басында және оның соңында жүргізіледі.
Бізді қоршап жатқан қорықтық жерлерді сақтау әркімнің қолынан келеді. Сол үшін табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау, аялау және сақтауды өзі жеткілікті. Көбі өз артынан орманда жиналмаған қоқысты, сөндірілмеген отты, жанып тұрған темекіні қалдырып, тап сол сәтте табиғатқа түзелмейтін залал келтіргенін және бізді қоршаған сұлулықты жойып тұрғанын ойламай, санасыздықпен қарайды. Осындай жағдайлардың болмауы үшін «Парктер шеруі» акциясы жүргізіледі.