РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Орман қорғау жұмыстары
Ормандарды сақтауда негізгі факторларының бірі – қорғау жөніндегі шаралардың уақытылы жүргізілуі болып табылады. Аталған жұмыстың маңызды тарауы – бұл жәндіктер мен олардың құрттарымен қоректенетін құстардың ұя салуы үшін қолайлы жағдайларды жасау және ұя салу жерлерін орналастыруын жататын профилактикалық іс-шаралар болып табылады. 200-ге жуық ұялары дайындалады және жыл сайын парктің орман зиянкестерінің көбеюі үшін ең қолайлы жерлерде ілінеді. Осылайша құмырсқалар илеуін қоршау және қоныстандыру бойынша жұмыстары жүргізіледі.Зиянды жәндіктердің санын болжау мақсатында визуалды орман патологиялық тексеріс (2025 жылы 28500 га ауданында өткізілді) жүргізіледі және топырақта және орман жамылғысында құрттарды, жұмыртқа салу санын анықтау бойынша щұңқырлар қазылады. Ормандарда санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіледі, соның ішінде орманды ластанудан тазарту: сүректі жинай отырып, орманда жұқпалы деңгейін, сондай-ақ өрт қауіптілігін төмендетеміз, ормандардың эстетикалық күйі арттырылады.