РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
ЕasyFishing қосымшасы
Онлайн жолдама алыңыз, балық аулауға барыңыз
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 20 — желтоқсандағы № 344 бұйрығы «Заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру» қағидаларына өзерістер мен толықтырулар енгізіліп, жолдама сервис арқылы электрондық құжат түрінде беріледі.
«Көкшетау» МҰТП РММ — і әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жолдама алу мен төлемақысы «Easy Fishing» қосымшасы арқылы онлайн түрде электронды құжат түрінде жүзеге асырылатындығын хабарлайды. Осы қосымша арқылы ұлттық табиғи паркінің Зеренді, Шалқар, Байсары, Лобаново, Құмдыкөл және Имантау көлдерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жолдамаға қол жеткізе аласыз. «Easy Fishing» қосымшасын Google Play және Mac App Store арқылы өз телефоныңызға жүктей аласыз.
Жолдама санының шектеулі және бөлінген лимитке сәйкес онлайн түрде ғана берілетіндігін, лимит түгесілген жағдайда келесі жартыжылдыққа дейін жолдама алу мүмкін еместігі назарыңызда болсын.
Сондай-ақ балық аулауға жолдама болмаған жағдай заңсыздық болып есептеліп, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза көзделгенін де ескертеміз. Заңды сақтай отырып балық аулауды ұмытпаңыз!