[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

01.09.2022

«Көкшетау» МҰТП Айыртау филиалының қызметкерлері дендропаркте апта сайын таза

«Көкшетау» МҰТП Айыртау филиалының қызметкерлері дендропаркте апта сайын таза бейсенбіліктер мен сенбіліктер жасап отырады.
1904 жылы дендрологиялық парк салынды.Парктің жалпы алаңы 28,9 га.

Шығыс жағынан дендропаркке Айыртау орманшылығының поселкесі тиіп тұр. Бұл жерде өзінің 100 жылдық тарихы бар дендропарк екпелеріне бақылау жүргізіледі.

Дендропарк түрлі сүректі-бұта тұқымын енгізу жолы арқылы қайың ормандарының табиғи өсірілу негізінде қалыптасқан. Алғашқы отырғызу 1904-1905 жыл жүргізілген. Қазіргі уақытта паркте сүректі-бұта тұқымының 30 астам түрлері өседі, оның ішінде: қарағай, шырша, балқарағай, қайың, көктерек, ұсақ жапырақты жөке, терек, татар үйеңкісі, сүйір апырақты үйеңкі, тал, шегіршін, алма ағашы және басқа да түрлер, самырсынның бірен-сараны кездеседі.