[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Жиі қойылатын сұрақтар
Ағаш кесу екпелері ненің негізінде жүргізіледі?
Қазақстан Республикасының ормандарындағы санитарлық ережелерге сәйкес зиянкестер мен аурулардың сау екпелерге таралуын болдырмау мақсатында орман патологының орман патологиялық сараптамасының қорытындысы бойынша екпелер ағаш кесуге тағайындалады.
Ағаш кесу орындарын тазалауды кім және қашан жүргізеді?
Ағаш кесу орындарын ағаш кесу қалдықтарынан тазартуды ағаш дайындаушы ағаш кесумен бір мезгілде жүргізеді, ағаш кесу учаскелерін тазарту әдістері ағаш кесу билетінде өсiп тұрған сүректi босату ережесіне сәйкес көрсетіледі.
Кандай негізде жергілікті халыққа ағаш дайындауға жүкқағаз беруге өтініш қабылданады??
Жергілікті халықтың ағашқа қажеттілігін қанағаттандыру Қазақстан Республикасы Орман кодексінің № 91-бабына сәйкес одан өтінімдер болған жағдайда жүзеге асырылады.
Жанама пайдалану төлемі ненің негізінде алынады?
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы және Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 18 маусымдағы шешімімен
ӨСiп тұрған сүректердi босатудың негізі қандай?
Ормандарында өсiп тұрған сүректердi сүректі босату Ережелеріне сәйкес, ағаш кесу билеті ағашты босатудың негізі болып табылады.
Неге жыл сайын қаңтар мен наурыз айлары аралығында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлдерінен спорттық - әуесқойлық балық аулауға жолдама берілмейді?
Спорттық -әуесқойлық балық аулау үшін алынған төлемдер мекеменің арнайы есепшотына түсу керек. Алайда арнайы есепшотының ашылуы ҚР-ның Қаржы министрлігінің құзыретіне жататындықтан, арнайы есепшот ашылғанға дейін жолдамалар берілмейді.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында аң аулауға неге жол берілмейді?
ҚР –ның «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 Заңында мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағында аң аулау қарастырылмаған.
Мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағына жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге бола ма?
ҚР -ның «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының 40- бабы 1-тармағының 8-тармақшасына сәйкес мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағына өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жерсiндiруге, жануарлардың жекелеген түрлерi санын жерлердiң табиғи сыйымдылығы бойынша жол берiлетiн мөлшерден артық көбейтуге тыйым салынады.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ тар аумағындағы су айдындары жекешелендіруге беріле ме?
ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңының 23- бабы 1 тармағына сәйкес «ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерi орналасқан өзге де санаттардағы жерлердiң жер учаскелерi мемлекеттiк меншiкте болады және иеліктен шығаруға жатпайды».
Шалқар көлінің бойындағы асфальтталған автомобиль жолының құрылысы.
«Көкшетау» МҰТП бекітілген Бас жоспарына сәйкес ЖСҚ әзірлеп, жолдарды одан әрі салу үшін қаражат бөлінуіне қарай СҚО әкімдігіне береді.
Демалыс базалары мен ұйымдастырылмаған демалыс орындарының аумағынан қоқыстарды уақытында шығару.
Туристер жаппай баратын кезеңде қоқыс шығару күн сайын жүргізіледі, жағажай аумағын, демалыс базаларының аумағын және ұйымдастырылмаған демалыс орындарын тұрмыстық қоқыстан және құрғақ бұтақтардан тазарту жүргізіледі.
Демалыс базаларында санитарлық-гигиеналық тораптарды және ұйымдастырылмаған демалыс орындарында қосымша аулалық дәретханаларды орнату.
«Көкшетау» МҰТП аумағында 30 дана аулалық дәретхана, 3 дана биодәретхана жұмыс істейді, 2 дана санитарлық-гигеналық торап орнатылды, «Восточная» және «Тұрпан» демалыс базаларында «Боровушка» демалыс базасында орнату жұмыстары жүргізілуде. Қалған демалыс базаларында санитарлық-гигиеналық тораптарды орнату жер учаскелерін пайдаланушылармен қосымша келісім бойынша Үйлестіру кеңесінде қаралатын болады.
Жоғары жылдамдықты интернет пен ұялы байланыстың болмауы.
«Көкшетау» МҰТП инфрақұрылымын дамытудың Бас жоспарына ұялы байланыс және интернет мұнараларын орнатуға пайдалануға беру үшін жер учаскелері енгізілген. Жер учаскелерін пайдалануға беру бойынша көпшілік талқылауы үшін «Көкшетау» МҰТП сайтына орналастырылды.
Демалыс базаларында қоғамдық тамақтану орындары мен сауда орындары жеткіліксіз
Мәселе «Көкшетау» МҰТП жанындағы қоғамдық тамақтану пункттері мен сауда нүктелерін қосымша орналастыру қажет жерлерде орналастыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында қаралатын болады.