[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

23.09.2022

«Көкшетау» МҰТП бас директоры Ербол Болатович Сагдиев және Ақмола облысынын бас құтқарушысы Нұрлан Атығаевпен

«Көкшетау» МҰТП бас директоры Ербол Болатович Сагдиев және Ақмола облысынын бас құтқарушысы Нұрлан Атығаевпен, Солтүстік Қазақстан облысының бас құтқарушысы Рамиль Камаловпен орман өрттерінің алдын алу бойынша кездесті.

Іс-шара барысында Ақмола облысы мен СҚО шекаралас аумақтарында болуы мүмкін табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою, орман және дала өрттерін жедел жою мәселелері талқыланды. Ірі ауқымды орман өрттеріне ден қою тәртібі қаралып, өзара іс-қимыл тәртібі мен мәселелері қарастырылды.

Сондай-ақ, жұмыс кездесуі барысында «Көкшетау» МҰТП Арықбалық және Шалқар филиалдарының орман өрт сөндіру станцияларына барды. Қатысушылар филиалдардың материалдық-техникалық жабдықтарымен танысты, басқару органдары мен орман шаруашылығы қызметкерлерінің өртті тиімді сөндіруге дайындығы көрсетілді.