[bvi text="Версия для слабовидящих"]
РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
11.07.2024
🔷Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем Ұлттық парктердің есебінде қалады
2024 жылы 8 шілдеде Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.
Заңнамада қандай басты өзгерістер қамтылды?
Салық кодексінен Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды (ЕҚТА) пайдаланғаны үшін алынатын төлем республикалық бюджетке түсетіні туралы нормалар алынып тасталды.
Сәйкесінше, ҚР Бюджет кодексінің республикалық және жергілікті маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін бюджет түсімдері қарастырылған нормалары өзгерді.
Табиғат қорғау мекемелері көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін бекіту құзіреті ЕҚТА-ны бақылайтын мемлекеттік органдарға беріліп отыр.
➡️Толығырақ:https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/807511?lang=kk