[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

04.10.2024

2024 жылы 9 айда М(ТП аумағында 74 055 адам болды.

Тұрақты түрде туристік соқпақтарды қоқыстан, шырпыдан және қурап қалған ағаштан тазалау жұмыстары, сондай-ақ объектілерінің абаттандыруы жүргізіледі.

Тазалықты сақтау және экологиялық тәрбие мақсатында жыл бойы ауылдық округі әкімдіктерімен, мектеп оқышылары және жергілікті тұрғындарының қатысуымен «Таза Қазақстан», «Тазалау жағалау» және «Таза орман» табиғат қорғау акциялары ұйымдастырылады.
Аталған іс-шаралар шеңберінде 2 800 адам қатысуымен 40 бұқаралық акциялары өткізілді.Жалпы туристік кезеңде объектілерден 79,4 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) шығарылды.Осы мақсаттарға 135 контейнер және Газ-53, МТЗ-80 тіркемесімен (3 бірлік) және МТЗ-82 тіркемесімен (2 бірлік) арнай техникасы көзделген.Санитарлық тазалау бойынша жұмыстарды 17 адам орындайды.
Табиғат қорғау заңнама бұзушылықтарын анықтау үшін рейдтері тұрақты жүргізіледі.Есепті кезеңде 309 рейд жүргізілді, осының нәтижесінде жауапкершілікке 66 адам тартылды, 66 хаттама жасалды және 1 004 200 теңге сомасына айыппұл салынды.Залалдың жалпы сомасы 217 600 теңге құрады.