РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Климаттың сипаттамасы
«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағы орманды далалы және далалы климаттық аймаққа жатады. Климаты ыстық жаз бен қары аз суық қысымен шұғыл континенттік.
Қаңтар айының температурасы -5 тен -35 градусқа дейін, маусым айының температурасы +27ден +35 градусқа дейін жетеді. Бірінші қатқақ орташа қыркүйек айының басында, соңғы қатқақ мамырдың аяғында, маусымның басында байқалады. Аязсыз мерзім жалпы 111 ден 130 күнге дейін созылады.
Жылдық жауын-шашын саны жазық бөлігінде 250-300 мм және қыраттарда 441 мм дейін құрайды.
Жылдың жылы уақытында (сәуір-қыркүйек) орташа жауын 212-254 мм түседі, яғни жауынның жылдық сомасының 70-85 %. Қысқы жауын-шашын 93-137 мм құрайды, яғни 15-30% жаздың әр айына жауын-шашын, күзден екі есе көбірек.
Жазда нөсер жаңбыр жауады және күн күркірейді.
Тұрақты қар жамылғысы орташа 5-10 қарашада түседі, орташа 10-15 сәуірде ериді. Ертегі көктем болған жылдары наурыздың аяғында, ал кеш келген көктемде – сәуірдің екінші жартысында ериді.
Тұман жыл бойы байқалады. Олар тұрақты емес, бөлек жылдары 10-30 күн қайталанады. Жылы мезгілде тұман сирек болады.