[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

22.12.2025

“Солтүстік Қазақстанның ландшафтық экожүйелерін сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету”

2025 жылдың 11-12 желтоқсанда Көкшетау МҰТП  базасында ЕҚТА қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту тренингі өткізілді.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен бірлесіп, “Солтүстік Қазақстанның ландшафтық экожүйелерін сақтау және ауыл шаруашылығы өндірісінің орнықты жүйесін ілгерілету” жобасын жүзеге асыруда. Екі күндік бағдарлама аясында  БҰҰДБ сарапшысы Бельгубаева Арай, DAUAD GROUP ЖШС директоры Жанисбаев Даурен, биология ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры — Кабанова Светлана Анатольевна, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы Таирбергенов Юзан Абилкасымович, “Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Ғылым бөлімінің басшысы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты-Архипов Евгений Владимирович Қазақстан Республикасының Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары қызметкерлерінің ЕҚТА аумағындағы өрт қауіпсіздігі, браконьерлікке қарсы күрес, ғылым және басқару жоспарына қатысты біліктілігін арттыруға арналған тренингтік оқыту өткізді. ‎