РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Табиғатты аялай білейік»
Аталған іс-шаралардың мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және туған өлкенің табиғи мұрасын қорғауға тәрбиелеу.
Экологиялық сабақтарға келесі білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты:
- Қарсақ ауылының бастауыш мектебі;
- Красный кордон ауылының негізгі мектебі;
- Арықбалық мектебі;
- Айыртау мектебі;
- Антоновка мектебі;
- №1 Саумалкөл мектебі ;
- Рудненский мектебі.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерін сақтау және көбейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өзін-өзі ұстау ережелері мен табиғатты қорғауға әр адамның қосатын үлесінің маңыздылығы түсіндірілді.
Мамандар парк қызметі, өңірдің табиғи ерекшеліктері және биоалуантүрлілікті сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен ақпарат берді.
Осындай іс-шаралар оқушылардың экологиялық санасын қалыптастырып, табиғатты қорғауға деген белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етеді.





