РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Орманды бұлақ» филиалы
Ұлттық парктегі жануарларды қорғауға және олардың мекендеу жағдайларын оңтайландыруға бағытталған ұйымдастыру шараларының бірі ерекше қорғалатын аумақ немесе учаске бөлу болып табылады. Осындай учаскелердің бірі Дубрава молықтыру учаскесі болды, қазіргі уақытта «Орманды бұлақ» филиалы болып өзгертілді. Оның аумағы Зеренді аймақтық бөлімшесінің оңтүстік-батыс шекарасына жанасады, жалпы алаңы 10940 га. Учаске екі саябаққа бөлінеді: Жыланды және Вершина.
Филиалдың негізгі қызметі — табиғатты қорғау, яғни алқаптар мен жануарлар дүниесін қорғау, жеке түрлердің санын реттеу, биотехникалық іс-шараларды жүргізу болып табылады.
Филиал аумағында жануарлар мен құстардың жабайы түрлері жерсіндірілген. Мұнда қабан, марал, елік, саңырау құр, құр кездеседі. Қорық режимін енгізу нәтижелері жануарлардың санына және өсімдік қауымдастықтарын қалпына келтіруге оң әсер етеді. Әрине, табиғат қорғау және халықтың демалысын реттеу міндеттерін үйлестіретін табиғи паректі ұйымдастыру өзінің оң рөлін атқарады.