РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Визит-орталығы
«Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалында 2022 жылдан бастап заманауи Визит-орталығы табысты жұмыс істейді. Бұл орталық – өңірде экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізудің және танымдық туризмді дамытудың маңызды буыны болып саналады. Ашылған күннен бастап орталық туристердің, оқушылар мен студенттердің, сондай-ақ Зеренді ауданының табиғи мұрасына бейжай қарамайтын жандардың басын қосқан орталыққа айналды.
Мұнда келушілер ұлттық парктің аумағы, оның биоәртүрлілігі, флора мен фаунаның сирек және қорғалатын түрлері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүріс-тұрыс ережелері туралы толық ақпарат ала алады.
Визит-орталығының экспозициясы ақпараттық стендтерден, көрнекі макеттер мен фотосуреттерден тұрады. Қонақтардың арасында Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерге арналған материалдар, сондай-ақ табиғаттың маусымдық өзгерістерін көрсететін тақырыптық көрмелер ерекше қызығушылық тудырады.
Визит-орталығы өз жұмысын бастағалы бері жүздеген келушілерді қабылдады. Осында тұрақты түрде экскурсиялар, экологиялық сабақтар, тақырыптық кездесулер мен акциялар ұйымдастырылып, олар жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларымен жұмыс істеуге ерекше назар аударылады – олар үшін теория мен практиканы ұштастыратын танымдық бағдарламалар әзірленген.
Визит-орталығы туристік бағыттарды сүйемелдеуде де маңызды рөл атқарады. Орталық қызметкерлері қонақтарға кеңес береді, демалудың оңтайлы бағыттарын таңдауға көмектеседі, қауіпсіздік ережелерімен және табиғатты қорғау талаптарымен таныстырады.
Визит-орталығының дамуы өңірде экологиялық тәрбие беру және экологиялық туризмді насихаттау ісінде аса зор рөл атқарады.




