[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

10.06.2026

«Көкшетау» МҰТП РММ-нің құқықтық жұмыс бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Арықбалық және Шалқар филиалдарына барып

2026 жылғы 09 маусымда «Көкшетау» МҰТП РММ-нің құқықтық жұмыс бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Арықбалық және Шалқар филиалдарына барып, мемлекеттік инспекторлар қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында кеңес өткізді.

Заңгер кеңесшісі А.К.Мустафина өз сөзінде мемлекеттік инспекторлардың кәсіби қызметінің басты тақырыптарының бірі – бақылау және қадағалау функциялары шеңберіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесін қозғады. Инспекторлар жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілік талқыланып, инспекторлық қызметте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне назар аударылды.

Өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша филиал қызметкерлері қолданыстағы заңнаманы қолдану жөнінде сұрақтар қойып, оларға жауаптар мен ұсынымдар берілді.