РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
🌲 «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының экологиялық соқпағы 🌿
🌲 «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының экологиялық соқпағы 🌿
Табиғаттың көркем көріністеріне толы экологиялық соқпақ бойымен қызықты саяхатқа шақырамыз!
📍 Бағыт: Визит-орталық → Бұлақ → Спорт алаңы → Визит-орталық
🚶 Қозғалу түрі: жаяу
📏 Ұзындығы: 3,3 км (екі бағыт бойынша)
⏱️ Ұзақтығы: аялдамаларды қоса есептегенде шамамен 1 сағат 40 минут
Саяхат Визит-орталықтан басталып, қарағай, қайың және көктерек өскен аралас орман арқылы жалғасады. Жол бойындағы алғашқы аялдама — табиғи бұлақ. Мұнда саяхатшылар салқын бұлақ суынан дәм татып, беседкада демалып, табиғаттың тыныштығын сезіне алады.
Одан әрі бағыт балаларға арналған спорт алаңына жалғасады. Бұл жер қысқа демалыс жасап, әдемі естелік фотосуреттер түсіруге таптырмас орын.
🌿 Бұл серуен сізге таза ауа жұтып, ұлттық парктің табиғатымен жақынырақ танысуға және денсаулыққа пайдалы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
📸 Зеренді филиалының табиғи сұлулығын бірге тамашалап, ұмытылмас әсерлерге бөленіңіздер!