[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

13.06.2026

Арықбалық филиалына Астана қаласындағы SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері келді

2026 жылғы 12 маусым күні Арықбалық филиалына Астана қаласындағы SOS Балалар ауылының тәрбиеленушілері келді. Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылды. Олар туған өлкенің Табиғат музейін, Үйлестіру орталығын және орман өрт сөндіру станциясын (ОӨС) аралады.

Жас қонақтардың ерекше қызығушылығын орман өрт сөндіру техникасы тудырды. Балалар жабдықтармен танысып, орман өрт сөндірушілерінің жұмысы туралы мәлімет алды және арнайы киім-кешек пен құрал-жабдықтардың кейбір элементтерін киіп көрді.

Экскурсия қызықты әрі танымды өтті. Ол балаларға жаңа білім беріп, жарқын әсерлер мен жағымды эмоциялар сыйлады.