[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

29.06.2026

«Көкшетау» ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға

Туристік маусым басталғаннан бері «Көкшетау» ұлттық паркінің мемлекеттік инспекторлары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру ережелерін бұзуға жедел ден қоюда. Бүгінгі күнге дейін келесі бұзушылықтар анықталды: суда гидроциклдер мен моторлы қайықтарды пайдалану, грильдерді рұқсат етілмеген жерлерде жағу, тұрмыстық қалдықтарды тастау және т.б.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға барған кезде сіздерді:

🍃 табиғи кешендер мен нысандарға ұқыпты қарауға;
🚯 қоқыс қалдырмауға және тазалықты сақтауға;
🔥 тыйым салынған жерлерде от жақпауға;
🌳 ағаштар мен бұталарды сындырмауға, өсімдіктерге зиян келтірмеуге;
🌸 жабайы өсімдіктерді, гүлдерді және басқа да табиғи нысандарды жинамауға;
🦌 жабайы жануарларды мазаламауға, оларды тамақтандырмауға және қуаламауға;
💧 су айдындары мен ауыз су көздерін ластамауға;
🚶 белгіленген маршруттарды және ақпараттық белгілердің талаптарын сақтауға;
🚗 рұқсат етілген жолдар мен тұрақтардан тыс жерге кірмеуге;
🔇 тыныштықты сақтауға және қоршаған табиғи ортаны құрметтеуге;
👮 мемлекеттік инспекторлар мен табиғатты қорғау мекемесі қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз.

⚖️ Еске саламыз: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.