РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
Кіру ақысын төлеу тәртібі
“Көкшетау” ұлттық паркінің қонақтары!
Демалысыңыз артық кідіріссіз басталуы үшін парк аумағына кіру ақысын Kaspi.kz қосымшасы арқылы алдын ала төлеуді ұсынамыз.
📲 Кіру ақысын төлеу тәртібі:
* Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз
* «Төлемдер» бөліміне өтіңіз
* Іздеу жолына “Шалкар для Авто” деп жазыңыз
* Көлігіңіздің мемлекеттік тіркеу нөмірін енгізіңіз
* Төлемді растаңыз
📌 Төлем жасағаннан кейін электрондық түбіртекті міндетті түрде сақтап қойыңыз — ол парк аумағында тексеру кезінде қажет болуы мүмкін.
📶 Сіздердің қолайлылықтарыңыз үшін ЭкоПостта құпиясөзсіз «PARQUR» тегін Wi-Fi желісі қолжетімді. Оның көмегімен интернетті пайдаланып, төлем жасауға болады.
🍃 Табиғатты аялаңыздар, тазалықты сақтаңыздар және «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің әсем табиғатынан ләззат алыңыздар. 🌲✨