[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

13.08.2026

КӨКШЕТАУ ҰЛТТЫҚ ПАРКІНДЕ ОРМАН ӨРТІ ЖЕДЕЛ СӨНДІРІЛДІ

2026 жылғы 13 тамызда «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Зеренді филиалы аумағында найзағай разряды салдарынан орман өрті тіркелді.

Өрт сағат 12:09-да анықталды. Орман өрт сөндіру станциясының күштері оқиға орнына жедел жетіп, сөндіру жұмыстарына кірісті. Сағат 12:25-те өрт оқшауланып, 12:30-да толықтай сөндірілді.

Өрт аумағы 0,0016 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге Зеренді филиалының қызметкерлері мен «Қазавиаорманқорғау» Көкшетау авиациялық тобының десантшыларын қоса алғанда, 16 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Өрттің шығу себебі – найзағай разряды.