РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»
27.08.2026 ж. «Көкшетау» МҰТП РММ құқықтық жұмыс бөлімі 2026 жылғы маусымда Қазақстан Президенті қол қойған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жетілдіруге бағытталған заңнамалық түзетулерді түсіндіру тақырыбы бойынша ұжым қызметкерлері арасында кезекті семинар өткізді.
Түзетулер «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Мемлекеттік және құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын, еңбек заңнамасын, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік нормаларын қозғады.
2026 жылғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы түзетулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды да, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті де қамтиды. Мүдделер қақтығысын реттеуге, туыстары мен байланысты тұлғалар үшін шектеулерге, кадрлық процестерді цифрландыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарға жататын тұлғалар тобын кеңейтуге, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті күшейтуге басты назар аударылады.

