[bvi text="Версия для слабовидящих"]

РГУ "Государственный национальный природный парк "Кокшетау"

10.04.2021

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне» РММ 25 жыл толды!

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі РММ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» құрылу туралы» 1996 жылдың 10 сәуіріндегі № 14 Қаулысымен және Қазақстан Республикасы Орман шаруашылығы комитетінің 1996 ж. 11 маусымындағы бұйрығымен ҚР аймағының және басқа елдердің халығы үшін ерекше экономикалық, ғылыми ағарту және рекреациялы маңызы бар ғажайып, шоқылы орманды және көлді экожүйелерді, Солтүстік Қазақстанның археологиялық және ұлттық мәдениетінің табиғат ескерткіштерін сақтау үшін ұйымдастырылған.

«Көкшетау» МҰТП табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесіне кіреді, 182 076 га алаңды алып жатыр және Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарамағына кіреді.

Ұлттық паркте реликті қарағай ормандары, сарқырамалар, әдемі көлдер, сондай-ақ мәдени-тарихи мұра объектілері сияқты бірегей табиғат ескерткіштері бар.