"Мемлекеттік ұлттық табиғи парк" РММ "Көкшетау"

КӨКШЕТАУ, ЗАРАП ТЕМІРБЕКОВ КӨШЕСІ, 54
24.08.2021

Экологиялық рейд

«Көкшетау» МҰТП РММ туризм және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы М.М. Аккушкаровпен, Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ЕҚТА бөлімінің бас маманы К. Т. Шаймерденовпен, Зеренді ауданы табиғат қорғау полициясының инспекторы аға лейтенанты О. Е. Төлепбергеновпен, Зеренді филиалы директорының орынбасары Т. М. Алазовпен, Зеренді ауданының туризм және рекреация жөніндегі инженері Ю. М. Васильевпен, К. Е. Олжагуловпен, Т. С. Жабасовамен бірлесіп «Көкшетау» МҰТП РММ Зеренді филиалының аумағында 2021 жылдың 22 тамызында тиісті санитарлық жағдайды сақтау, аң аулау, балық аулау ережелерін бұзу, табиғи заңдарды бұзуға жол бермеу, сондай-ақ судағы қауіпсіздік бойынша бірлескен экологиялық рейд өткізілді.
Рейдтік іс – шараларды өткізу барысында туристік-рекреациялық маңызы бар мынадай объектілер зерттелді: Зеренді ауылы жағынан «Зеренді» көлінің жағалау аймағы Восточная демалыс базасына дейін жергілікті халықтың демалуына арналған. Жоғарыда аталған нысандарды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталған жоқ, демалушылармен ЕҚТА аумағында санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтау және тиісті мінез-құлық мәніне түсіндіру іс-шаралары жүргізілді.