[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

14.09.2021

Аң аулауға тыйым салынады!

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтауға, ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының бірегей табиғи кешендері мен объектілерін табиғат қорғау, экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ.

Ұлттық парктің бағыттарының бірі-жануарлар дүниесін сақтау және өсімін молайту. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» Заңына сәйкес ұлттық табиғи парктің аумағында аң аулауға тыйым салынады. Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту саласындағы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулау қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік кодекс бойынша айыппұлдар әкімшілік құқық бұзушылық заттары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға не аң аулау құқығынан екi жылға дейiнгi мерзiмге айыруға әкеп соғады. Қылмыстық кодекс бойынша заңсыз аң аулау, оның ішінде атыс, пневматикалық, лақтырылатын, суық қаруды, қолға түсірудің басқа да құрал түрлерін, иттерді, аушы жыртқыш құстарды, салт атты, жегін көлікті қолданып заңсыз аң аулау, егер бұл іс-әрекет айтарлықтай залал келтіре отырып жасалса, сол сияқты жарылғыш құрылғыларды немесе жануарларды жаппай қырып-жоятын өзге де құралдарды, авиа-, авто-, мотокөлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы не шағын көлемді кемелерді қолданып заңсыз аң аулау –

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе төтенше экологиялық ахуал аумақтарында;
  • жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлеріне, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған жануарларға қатысты жасалған;
  • адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
  • ірі залал келтіре отырып жасалған заңсыз аң аулау –

мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына сәйкес бұланның бір дарағына келтірілген залал – 500 АЕК; қабан, елік – 250 АЕК; бұғы – 200 АЕК; борсық – 10 АЕК; түлкі, қоян, қаз, құр, үйрек, қасқалдақ – 5 АЕК. Бірақ жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ҚР заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау әдістемесі бойынша республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз алу 3 коэффициентке көбейтіледі.

Мысалы, ЕҚТА аумағында заңсыз ауланған елік үшін залал 2021 жылы 2187750 (екі миллион бір жүз сексен мың жеті жүз елу мың) теңгені құрайды.

Табиғат қорғау заңнамасын бұзбаңыз!!!