[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

11.11.2021

«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің игі істері

«Таң қылаң беріп атып келе жатқанда түсіме Мақтай аға

Сағдиев кіріп: «Телефонымның ақшасы бітіп қалыпты»,–де-

ген ишарат білдірді. Жүзін анықтап көре алмасам да, құлаққа

жағымды қоңыр даусын анық естідім. Таңғы намазда арнайы

дұға оқып, орталық мешітке садақа бердім». Көрген түсін

жақсылыққа жорыған Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің

төрағасы Шияп Əлиев іле ұлы Ерболмен хабарласып: «Мақаң

дұға дəметіп жүрген жоқ па?» – деп ойын ашық айтады.

Зерделі азамат жанашырлықпен айтылған бұл сөздің астарын

тез түсініп: «Əкеймен əріптес болған қариялардың басын қосу

өзімнің де ойымда жүрген-ді. Алматыдан қыздары Ғалия мен

Раушан келіп, Өндіріс ауылындағы ата-бабаларымыздың зира-

тына барып келген соң өзім х абарын берем», – дейді.

Уəделі күні шағын «Икарус» автобусымен жолға шықтық.

Б а ғ ы т ы м ы з – « К ө к ш е т ау » м е м л е ке т т і к ұ л т т ы қ п а р к і .

Зерендіге жақындағанда қазақ əйелінің символына айналған

Балқадишаның ескерткішіне аялдап, суретке түстік. Жол-

басшымыз ұлттық парктің директоры Ербол Сағдиев: «Қазір

осы бетпен орман плантациясына барып, жас көшеттер

отырғызамыз»,–деді. Зеренді көлін оң жағынан айналып

өтетін жолмен бес-алты шақырымдай жүріп жас қарағайлар

жайқалып өсіп тұрған алқапқа келдік. Ұлттық табиғи парктің

Зеренді филиалының байырғы қызметкері, табиғат жанашыры

Көшпай Боқанов бастаған жұмысшылар көшет отырғызатын

жолақтарды алдын ала жыртқызып, біздерді күтіп тұр екен.

Көкшетаулық ардагерлер үшкір қалақпен топырақты қазып,

жас өскінді өз қолдарымен отырғызды. Ал, айнала жайқалып

өсіп тұрған жас қарағайлар осыдан отыз жылдай бұрын

Көкшетау облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы

Мақтай Сағдиевтің басшылығымен отырғызылса керек. Жер-

Ананы жасыл-желекке бөлеу – бұл əулет үшін үйренішті

кəсіпшілікке айналған сынайлы. Өйткені, өз дəуірінде Рамазан

атасы да орманшы болыпты.

Зерлі Зерендінің қарағайлы ормандарын аралап, таза ауасын

жұтып, күш-қуат алған ел ағалары Болат Жанəділов, Теңбай

Ыбыраев, Мейрамбек Қиықов, Алтай Нұрғасымов, Ғосман

Төлеғұл, Шияп Əлиев, Кенжеғали Нұрсейітов, Аманкелді

Ақынов, Мағауия Рахымбергенов, Ермек Бекенов заңғар тұлға

Мақтай Сағдиев жайлы естеліктер айтып, ұлттық сана, ұлттық

тəрбие, ауыл өмірі, табиғатты аялау хақында былайша ой өрбітті.

Көкшетау қаласының құрметті азаматы, денсаулық

саласының үздігі, қоғам қайраткері Болат Жанəділов:

– Бір ғасырда бір-ақ рет туатын ұлы тұлғалар Еркін,

Мақтай ағаларым халқына мінсіз қызмет ету үшін өмір сүрді.

Адалдықтың ала жібін аттамай, елінің шынайы құрметіне

бөленді. Ал, қазіргі билік басындағылар құлқынның құлына

айналып, халық қазынасын сүліктей сорып жатыр. Ардан да,

ұяттан да безгендер жымысқы бұл əрекеттерімен кімге өнеге

көрсете алады?! Осыны ойланайықшы, ағайын!

Ақмола облысы бойынша кіріс департаменті ардагерлер

ұйымының төрағасы Теңбай Ыбыраев:

–Мақтай Рамазанұлы қазақ елінің қай түкпірінде қызмет

істесе де артында өшпес із қалдырды. Бұрынғы жұпыны ғана

Жамантұз ауылына озық үлгідегі коттедждер мен əлеуметтік

нысандар салғызды, Көкшетаудағы «Мақтай тау » қала

тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналды. Мақтай

Сағдиев обкомның бірінші хатшысы болып істеген 5 жылда

Көкше өнірі қай салада болсын, қарыштап дамыды. Бұл игі

істі ұлы Ербол да лайықты жа лғастырып келеді.

Ау ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы а р д а г е рл е р і н і ң о бл ы с т ы қ

ұйымының төрағасы Алт ай Нұрғасымов:

– Совхоздарда ашылған 200-дей кулинар дүкендері мен 100

санаторий-профилакторий адамдарға қалтқысыз қызмет етті.

Жақында Премьер-Министр Асқар Мамин «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы бойынша 80 миллиард қаржы бөлінетіндігін

айтты. Осы қаражат қолды болмай, ел игілігіне жұмсалып,

халқымызға пайдасы тис е ғой.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман

Төлеғұл:

– Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, біздің Əлжан ауылында

майдангер жерлестерімізге арнап Мамаев қорғанындағы жа-

уынгер бейнесіндегідей əдемі ескерткіш орнаттық. Ақшаны

ауыл тұрғындары өздері жинап, құрылыс жұмыстарына да

қолғабыс етті. Мен бұл мысалды тегіннен-тегін айтып отырған

жоқпын. Өкінішке орай, облыс бойынша көшіп кеткен 200-дей

ауылдың жұртында осындай ескерткіштер қараусыз, күтімсіз

қалып жатыр. Ертеңгі күні оның да қирап қалмасына кім

кепілдік береді?!

Облыстық «Қазақ тілі жəне мəдениеті» қоғамдық

ұйымының төрағасы Мейрамбек Қиықов:

– Мемлекет т арапынан кең ауқымды бағдарлама лар

ж а с а л ғ а н ы м е н , о н ы ң тол ы қ о р ы н д а л ма й , о рт а жол д а

қалатындығы мені қатты қапаландырады. Бұл алдымен, ұлттық

салт-дəстүрімізге, ана тілімізге тікелей қатысты. Ең өкініштісі,

ұлыларымызды ұлықтауда жүйелілік жоқ сияқты. Үш жүздің

басын қосқан ұлы ханымыз Абылайдың Бурабайдағы алаңын

кемеңгер қолбасшының өмірінен толық мəлімет беретін

ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруға болмас па еді?

Оның есесіне Бурабайдың сұлу табиғатын қорлағандай жөн-

жосықсыз демалыс жəне ойын орындарын сала береміз.

Меніңше, келетін туристер мен дем алушылардың санына

қарағанда, қазіргі қолда барының өзі көптік ететін сияқты.

Ұлттық парктің директоры Ербол Сағдиевтің арнайы

шақыртуымен келгендіктен, ұжымда атқарылып жатқан ауқымды

шараларға назар аударып, қызығушылық таныттық. Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 16 сəуірдегі Қаулысымен

құрылған парктің Арықбалық, Шалқар, Айыртау, Зеренді жəне

«Орманды бұлақ» бөлімшелерінде 317 адам тұрақты жұмыс

істейді екен. Қазіргі таңда саябақ аумағында 600-ден астам

өсімдік түрі өседі. Оның 84-і жер бетінен жоғалып кетуге шақ

тұрғандар. Ал, орман алқаптары 118 мың гектарды алып жатыр.

Мұндағы дендропарктің негізі 1904 жылы қаланған көрінеді.

Сол кезде отырғызылған ағаштардың біразы сақталыпты. Бұта

тұқымдастардан сары акация, жұпаргүл, танқурай, қарақат,

аюбадам, тошала тəрізді өсімдіктер де кездеседі.

Ұлттық парк аумағында республикалық маңызға ие он үш

ескерткішке қоса, 186 археологиялық тарихи қорым бар. Соның

бірі – əлемге əйгілі «Ботай» археологиялық қорымы. Шалқар

көлінің басқа су көздеріне қарағанда басты ерекшелігі –

суы тұщы əрі таза, аздаған су концентрациясының болуы

оның емдік қасиетін айқындай түседі. Имантау көлінің нақ

ортасындағы Тасарал биіктен қарағанда жүрек іспеттес.

Аралда Көкше өңірінде сирек кездесетін арша ағашы өседі.

Мұнда танымдық жəне экологиялық туризмді дамытуға,

спорттық жəне əуесқой балық аулауға да қолайлы жағдай

жасалған. Келушілерге 30 емдеу жəне тынығу мекемесі қызмет

көрсетуге дайын. «Найзатас» шоқысы, «Шиелі» төбешігі, «Дəу

саңырауқұлақ», «Буян шатқалы» өзінің тамаша көрінісімен

тынығушыларды баурап алғандай.

Қазіргі таңда парк ұжымының алдында тұрған жауапты

міндет – аң-құстар, үшін қысқа жемшөп қорын жасап, хайуанат-

тарды азықтандыратын оттықтарды жөндеп, тиісті мөлшерде

ағаш жапырақтарын дайындау. Ауқымды осы жұмысты цифр

тілімен айтар болсақ, 302 тонна шөп көпенеге үйіліпті. Алдағы

уақытта 50 тонна жемдік астық, 14 тонна тұз сатып алынбақшы

екен. «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық паркінде табиғатты ая-

лау, оның байлығын көздің қарашығындай қорғау бағытында

айтарлықтай іс атқарылып жатқанына көңілдері толған

көкшетаулық қариялар көктемгі ағаш отырғызу науқанына да

біркісідей атсалысуға уəде берді.

«Қыран бүркіт асырар ердің даңқын, қыран жігіт асырар

елдің даңқын» дегендей, тəуелсіз қазақ елінің кемеңгер тұлғасы

Мақаңның, Мақтай Рамазанұлы Сағдиевтің өнегелі ісін сəтімен

жалғастырып отырған ұлы Ербол бауырымыздың жұлдызы

онынан туып, алдағы уақытта да өміршең істерімен көпшілікті

қуантатындығына сенімдіміз. Ғибратты ғұмырында Ақмола,

Солтүстік Қазақстан облыстарының бірталай аудандарының

əкімі болған ол өзін нақты істің адамы, туған халқының шы-

найы жанашыры екендігін іскерлік қабілетімен дəлелдей білді.

Əмəнда солай болғай!

Балталы СƏРСЕНБАЕВ,

журналистика ардагері__