[bvi text="Нашар көретіндерге арналған нұсқа"]

"Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі"

24.03.2022

 «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпті маусымға дайындық аяқталды


«Көкшетау» ұлттық табиғи паркінде өрт қауіпті маусымға дайындық аяқталды. Жыл сайын ұлттық парктің бес филиалында өрт қауіпті маусым кезеңінде орманды дала өрттерін сөндіруге арналған күштер мен құралдардың жедел жоспары әзірленеді және бекітіледі. Өрт қауіпті маусымға техникалық дайындық мамандандырылған техниканы құру, қолда бар техниканың жауынгерлік дайындығын көрсету және нормаға сәйкес алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы арқылы жүргізілді. Қазіргі уақытта ұлттық парктің барлық филиалдарында өрт сөндіру автомашиналары, тракторлар мен су таратқыштар толық жауынгерлік әзірлікте, минералдандырылған жолақтарды дайындауға арналған тіркеме және аспалы жабдықтар жинақталған. Байланыс құралдары мен өртке қарсы сирена жарамды. Сондай-ақ, жергілікті жерлерде мемлекеттік инспекторларға өртке қарсы жайластыру, ормандарды, жануарлар дүниесін қорғау және күзету, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, орман заңнамасы мәселелері, ормандардағы өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзғаны үшін хаттамалар жасау бойынша оқыту және нұсқама беру жүргізілді.